Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3258 0 пікір 4 Қыркүйек, 2009 сағат 06:41

Бек Датұлы. Соттың міндеті соттау ғана ма?

Шерік жинап шеп түзеп, шеру құрып Конституция күнін атап өттік. Қазақшасы тілі енді шыққан баланың былдыры секілді қорғаныс министрінің өлеусірей естілген командасына ұрандатып үн қосқан әскеріміз айбарлы ма, әлде жайдарлы ма оны енді сол саланың мамандары айта жатар. Әйтеуір, Ата заңымызды қарудың күшімен болса да қорғап қалатынымызды өзгеге де, өзімізге де емеуірінмен білдірдік. Әйткенменде, Бас құжатқа күн сайын құрмет көрсетсек те артық емес дейтіндер де аз емес ортамызда. Бұл пікірмен қос қолымызды көтеріп келісеміз... дей алмаймыз. Неге? Оның себебі тым көп. Сол көптің ішінен көбігі шыққан, талай талқыға түссе де талайсыз күйі қалып келе жатқан тақырыпқа тоқталайық.

Өзгені қайдам, қарапайым халық кез келген заңға, мейлі ол Конституция болсын, оның орындалу барысына қарап баға береді. Яғни, бізде осы қасиетті құжатта жазылған қағидалар қатасыз жүзеге асырылып жатыр ма, мәселе сонда. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар заңдылығының сақталуына төрелік айтатын соттарымыз текті ме?. Егер соттар өздері бас болып заңды белден басып жүрсе төрелікті кім айтады.   Әңгіме осы туралы.

Әлемде құқықтық жүйе бірнешеу. Біздің бүгінгі қолданып жүргеніміз бастауын роман-герман немесе континентальды деп аталатын құқықтық жүйеден алатын кешегі кеңестік сот жүйесінің сарқыншағы. Ал кеңестік сот жүйесі негізінен жазалаушының ролін атқарғаны белгілі. Болмашы қылмыс үшін талай жылды арқалатып жіберу, күнәсіз жанға жасамаған қылмысты жапсыра салу, тамыр-танысы мықтыны темір торға жібермей алып қалу, пара бергенге бара бер дейтін, бере алмағанға қала бер дейтін сот жүйесі сол кезден бері қалыптасып, іргесі жақсылап бекіген. Тәуелсіздіктің талай жылын арта қалдырып, демократияға құлаш ұрған ХХІ ғасырда да сол дерттен толық арыла алмай келеміз. Адам құқығын ең бірінші қоятын халықаралық стандарттарға әлі жете алмай келеміз.

Әрине, біздің өз даму жолымыз бар дегенді шенеунік біткен тәмсіл қылады. Шынында өркениетті әлем бүгінгі күнге ұзаққа созылған эволюциямен жетсе, біз Кеңестік кезден қалыптасқан көзқарастарды 180 градусқа өзгертіп «революциялық» жолмен жеттік. Сондықтан әлі де кем-кетік тұстарымыз аз емес. Бірақ, адамгершілік құндылықтар біздің халқымыздың бойында әрқашан болған. Ендеше, неге қара қылды қақ жарады деп сенген соттар парақор ретінде сөзге қала береді? Өйткені соттардың пенделігі басым. Әрине, сот реформаларының жеміс беруі үшін халықтың санасында құқықтық сілкініс болуы қажет. Заңға мойынсұнатын, өзгенің еңбегін, құқығын сыйлай білетін азаматтарға тәрбие бала күнінен берілуі тиіс.

Ең бастысы біздің соттар ең алдымен адамдарды соттаумен емес, ақтаумен айналысуы керек секілді. Сонда ғана адамдардың сотқа сенімі оянады. Осы арада мына бір мысалды айта кеткен жөн. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде сот ғимараттарын жаңалау қолға алынып жатыр. Жаңа сот ғимараттары заманауи техникамен толық жабдықталып, сот отырысы барысында судьяның, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, құқықтарын қорғау мақсатында бейнебақылаулар орнатылуда. Бүгінде Жоғары соттың төрағасы Астанадағы өз кабинетінде отырып аудандық немесе облыстық соттағы кез келген процесті бақылай алады. Балқаш қаласында жаңадан салынған сот ғимаратында да осындай жетістіктер бар. Оны президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі тамашалаған еді. Аудандық соттың бірінде ұрлық істеген екі азаматтың үстінен сот процесі жүріп жаттты. Президент олармен тілдесуге ниет білдіріп, апталдай азаматтардың не үшін айыпкер атанғанын сұрайды. Олар ұсақ ұрлықпен айналысыпты. Оған себеп - жұмыссыздық болғанын мойындады. Президент істі жүргізуші судьядан олардың жазасын жеңілдету жолдары бар екенін білген соң айыпкерлерге мейлінше жеңіл жаза қолданып, бостандыққа шыққан соң оларды жұмысқа орналастыруды жергілікті билікке тапсырды. Президент соттардың міндеті адамдарды түрмеге қамау емес, жасаған қылмысы жеңіл болса тағы бір мүмкіндік беру екенін ескертті.

Міне, Елбасының өзі бас болып соттардың әділдігін, адамгершілік құндылықтарды жоғары қоюын талап етіп отыр. Біздің сот жүйесіндегі кеңестік кезден қалған кері элементтер жойылғанша халықтың оған сенімі артпайтынын түсінуіміз керек. Сот тәуелсіздігін қамтамасыз етпей әділ қоғам орнату тіптен мүмкін емес. Өкінішке орай, соңғы жылдары соттарда кадр тапшылығы мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Соттардың өз қызметінен кетуі тәуелсіздіктің болмауында. Түрлі шенеуніктердің қысымына шыдамай теріс үкім шығарған кейбір соттар бұл салаға қайтып жоламауға бекінеді. Өзгенің көз жасына қалғысы келмейді, біреудің қолындағы отқа салар көсеу болғысы келмейді. Ал жалақыны місе тұтпай пара алатын соттар туралы әңгіме мүлдем басқа. Биылдан бастап соттардың жалақысы 60 пайызға көбейді. Бірақ амал не, жеп үйренген қулар жемқорлығын қояр емес. Қазір соттардың материалдық жағдайы өте жақсы деуге болады. Бұрын мемлекет тарапынан бұлай көңіл бөлінбеген. Бұл шаралардың бәрі сот беделін көтеру, судьялардың Конституцияға сәйкес төрелік жасауын қамтамасыз ету үшін жасалғанын ең алдымен судьялар білуі тиіс еді. Бірақ солай болмай тұр-ау.

«Абай-Информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 630
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 386
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374