Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Білгенге маржан 3141 5 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 12:55

Татар да, моңғол да бейтарап елдер

Ұлы даладағы алып империяларды құруда олардың ешқандай  қатысы жоқ.

Жуықта Украина елінің танымал ғалымы, тарихшы Бобровский Тимур Анатольевичтің, кезіндегі Алтын Орда империясы туралы берген сұхбат -  мақаласын оқып шықтым. Соны, біздің қазақ оқырмандары білсін деген мақсатпен, кейбір тұстарын аудармай, сіздердің назарларыңызға ұсынып  отырмын.

– 750 лет назад, был проведен Таласский курултай, на нынешней территории Казахстана, по результатам которого Улус Жошы (Золотая Орда) обрела полную независимость. Этот исторический курултай был проведен в 1269 году в долине реки Талас, где-то на стыке современного Казахстана и Кыргызстана. Там правители улусов Жошы (Жолшы), Чагатая (Шағатай) и Угедея (Үкітай) – а именно Менгу-ТимурБораки Хайду – признали друг друга суверенными правителями, заключив союз против великого хана Хубилая (Құбылай) на тот случай, если он не признает их самостоятельность.

Именно, поэтому Таласский курултай 1269 года, иногда называют «Беловежской пущей» XIII века: по его итогам прекратила свое существование единая империя Чингисхана, когда-то образовавшаяся  на территории нынешнего Казахстана. Именно тогда Джучиев улус (он же Улуг Улус – Великий Улус, он же Золотая Орда) окончательно стал независимым государством.

Кроме того, в Атырауской области находится городище Сарайшык - одна из столиц Золотой Орды, где были похоронены ордынские ханы Тохта и Азь Жанибек, а позже – казахские ханы Жанибек и Касым. Это, кстати, тоже весьма символично. И сам город Атырау местные жители еще в советское время называли не «Гурьев», а Уйшик (Үйшік). Так назывался древний золотоордынский город неподалеку, из кирпичей которого яицкие казаки потом построили Гурьев.

 В добавок, еще хотелось бы сказать что, Казахское ханство, 550-летие которого мы отметили в 2015 году, не образовалось «на пустом месте», а вышло из единой «матрицы» Золотой Орды – вместе с   Астраханским, Сибирским, Крымским ханствами и Ногайской ордой.

Однако дело не только в динас­тической преемственности. По мнению ряда ведущих специа­листов, этногенез казахского народа в основном состоялся как раз в золотоордынский период, и на момент распада Орды недоставало только современного названия «қазақ», которое появилось позже, в связи с рядом политических обстоятельств.

Однако уже тогда существовал практически единый кочевой народ Дешт-и-Кипчака, от которого напрямую происходят современные казахи, ногайцы и каракалпаки – три этноса, во всех отношениях чрезвычайно близкие друг другу. 

Первый собственно казахский историк, как известно, Кадыргали Жалаири. Его книга «Жамигат-таварих» – первый казахский исторический труд, это очень золотоордынская книга по содержанию: она показывает прямую связь Казахского ханства и Золотой Орды, дает внутренний взгляд на ее историю.

Отдельно стоит упомянуть мавзолей Жошы-хана в Улытау. Так «случайно», но весьма символически получилось, что он находится в самом географичес­ком центре Казахстана.

Настоящее историческое название этого великого евразийского государства – Ұлық Ұлыс, Улуг Улус (Великий Улус). Именно так оно именуется во всех тюркских письменных источниках – как собственно ордынских, так и внешних. Я полностью согласен с мнением тех специалистов, которые считают, что у нас предпочтительно использовать именно это название – Улуг Улус (Великий Улус или Великое Государство).

Научная обработка и издание памятников золотоордынской литературы, а также популяризация ордынского культурного наследия на международной арене – две ключевые задачи. Именно так мы можем разбить старательно созданный в свое время стереотип, согласно которому Золотая Орда была якобы «варварским» государством («паразитическим», по определению Иосифа Сталина), которое ничего не создавало, а лишь разрушало.

Это глубоко ложное представление, для разрушения которого необходимо просто информировать общество о реальной истории и богатой культуре Великого Улуса – благо материала предостаточно.

Если же серьезно, то все данные фольклора, этнографии, археологии, политической истории и даже генетики одно­значно и убедительно показывают, что ключевым формативным периодом в истории казахского этноса была именно эпоха Золотой Орды.

Именно Золотая Орда является промежуточным скрепляющим звеном между историей Казахского ханства и более древними пластами нашей истории – кипчакским, древнетюркским, хуннским…

В советский период именно искусственное изъятие этого звена породило целый ряд теоретических проблем в казахстанской историографии – прежде всего лишив ее целостности, превратив в «разбитое зеркало».

Мақала, нақты тарихи деректерге негізделіп, терең жазылған. Сонымен  қатар, Ұлы империялардың шыққан аумағын және уақытын аса дәлдікпен  көрсеткен. Сондай-ақ, көп тарихи мәліметтерді, қарапайым тілмен, тігісін  жазып, қатардағы оқырмандар түсінетіндей сараптап, талдап, жеткізген.

Ал енді, Еділ мен Кама өзені аралығын мекендеген кезіндегі Булгар, қазіргі   татарларға келейік.

«Ұлы адамның көлеңкесіне, бейшара құмар келеді!», - дейді ағылшын  мақалы.  

Бұл атақты ағылшын мақалын не үшін келтіріп отырмыз? Біздің айтайық деген ой-пікіріміз өткен ғасырдан бері, қазіргі татар елі (булгарлар) мен моңғол жұрты (буряттар) Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының өз уақытында құрған Ұлы қағанаттары мен Алтын Орда империясының дақпыртына не үшін қызығады және неліктен таласады?! Кезінде, Еуропалық атақты  саяхатшылар мен саудагерлердің жазып қалдырған мұраларындағы кеткен қателіктерін сезсе де, неге түзетуге, шындықты орынына келтіруге  ұмтылмайды? Себебі неде?! Әлде, бұл  ұлттардың ішінен, осы әлемдік  тақырыптарды терең зерттейтін, білімді, сауатты, пайымы кең, ненің не екенін шынайы анықтай алатын, өрелі, ғалымдардың шықпағаны ма? Өз елдеріне ақиқатты анықтап, түсіндіретін, кеткен қателіктің мән-мағынасын ашып айтатын, шындықты мойындайтын, дарынды ғалым, жазушылардың,   тұлғалардың болмағаны ма?

Алдағы кезеңдерде болмаса, қазіргі уақытқа дейін шынымен де болмағаны ғой! Иә, шынында да солай секілді. Татарлар, түркі елдері болып  саналғанымен, Ресей еліндегі башқыр мен якуттарға қарағанда, әпербақан,  өзгенің жетістігін көре алмайтын, өте қызғанша ел. Әрине, жамандап, кір  жаққың келмейді, дегенмен, шындықты бұрмалап, ақиқатты жоққа  шығаратындығы, адамның көңіліне кірбің түсіреді.

Әйтпесе, қазіргі татар елі, көне заманнан булгарлар ғой! Бұл пікірімізді нақтылау үшін, мына бір дәлелдерді келтіре кетейік:

Бұлардың тарихына қарасаң, осы татарлар, сонау, 1753 және 1755 жылдары бүкіл Кама бойында, өзінің көнеден келе жатқан ұлттық атауын қайтарып алу жөнінде, орыс империясынан талап еткен, көтерілістер ұйымдастырады. Алайда, ешқандай нәтиже шықпады. 1922 жылы шыққан М.Худяковтың «Мусульманская культура в Среднем Поволжье» атты кітабында «Масса современных казанских мусульман и в настоящее время не считает себя татарами, а завет себя болгарами»,- деп жазыпты.

Сондай-ақ, 1926 жылы бүкіл одақтық санақ кезінде, сол кезеңдерде бір жарым миллиондай болатын осы күнгі татар елі  өздерін болгарлармыз деп көрсеткен екен. Дегенмен, сол тұстағы тоң мойын Кеңес Одағы олардың талап-тілегін, өтініші мен сұранысын қанағаттандырмады.

Тіпті, 1552 жылы Иван Грозный Қазан қаласын жаулап алған кезде де, қазіргі  Еділ және Камалық татарлар Булгар жұрты деп аталынған екен. Оны, А.Бушков «Чингисхан, неизвестная Азия» атты кітабында былай дейді:  «...После завоевания Казани Иван Грозный присоединил к длинному списку своих титулов еще и «князь Болгарский» - не «татарский», а именно что болгарский».

Көрдіңізбе, Алтын Орда империясының жаулап алуы кезінен кейін де, ғасыр өтсе де, бұлар әлі де болгарлар, немесе булгарлар деп аталынған. Ал енді, қазіргі күндері, бұл Поволжьелік ел, бұрыңғы өзінің киелі, тарихи атауы булгарлардан айынып, татар сөзіне жабысып қалған. Тіпті, кейбір ғалымдары (аты-жөнін келтірмей-ақ қойайын)  біздің қазақтарға қаратып: «Если вы скажите, что Золотая Орда наша,  то получите мощный удар» - дейді күшеніп. Неткен ақымақтық. Ал,  бұлар талай ғасырлар бойы, орыстың бодандығында жүріп (бес ғасырдан аса) елімізге өстіп күш көрсетеді. Бүйтіп күшенгенше,  оданша өздерінің тәуелсіздігін алып алсын.

Қос кеңістікті бірнеше ғасыр бодандықта ұстап тұрған Алтын Орда империясының иесі біз дегендей күпсінеді. Ал, сөз арасында айтар болсақ, «татарлар» деген сөзді, өз кезінде Кәрі құрлықтың Ұлы даланы мекендеген көшпелі қыпшақ тайпаларына қаратып айтқаны белгілі.  Өзінің мыңдаған жылдық тарихы бар, көнеден келе жатқан булгар атауы, бұлар үшін түкке тұрғысыз болып қалды. Осындай да ел болады екен-ау деп ойлайсың. Олардың татардан бұрын, тек қана  булгар екендігін, Алтын Орданың оларға ешқандай қатысы жоқ екендігін, қазіргі кезде сауаты бар, (дүмбілездер ғана болмаса) көп нәрсені ажырата бастаған айналадағы елдердің көпшілігі біледі.  

Сол секілді, өзі шөкімдей ғана моңғол жұрты, Ресейдің бурят елімен тұтас бір ұлт. Оны, орыстың зерттеуші ғалымы, академик В.А.Федоров өзінің еңбектерінде былай дейді: «В современной Монголии, хотя они  называют себя монголами, фактически они принадлежат народам Бурятии. Когда-то русские  установили границу, народ бурят раскололся на две части, лесные и степные (қазіргі  Халхалықтарды айтады). У них общие традиции, обычаи, язык и даже одинаковая одежда. Оба народа веры будды. Их население очень малочисленно, - деп келтіреді. Қазіргі моңғол аумағында өз уақытында Қытай елінің  бірнеше корольдіктері мен ұзақ ғасырлар бойы жағаласып келе жатқан солтүстік қалмақ хандығы, кейіннен олардан қырғын тапқан соң, бос қалған далаға біртіндеп келген бурят малшылары. Бұлар, осы аумаққа  он бесінші ғасырдың ортасынан бастап келе бастаған. Олардың  «моңғол» аталуы мүлде бөлек оқиға және тарихта кеткен қателік.  Осыларды түпкілікті ажыратып алу керек.

Біздің айтарымыз, бүкіл әлем мойындаған, Ұлы даладағы азулы  қағанаттар мен империялар Орталық Азия елдерінің, әсіресе, қазақтардың ата-бабаларының алтын тарихы екендігін түсінуіміз және  ұмытпаумыз керек. Бұл  шынайы шындық. Тек, еліміздің билігі, Ресей  мен Қытайға жалтақтай бермей, Шыңғыс хан империясынан бастап, Ұлық Ұлыс - Алтын Орда империясын ресми түрде мойындап, шешім  шығаруы қажет-ақ. 

Анау, қасымыздағы өзбек ағайындар, осыдан талай жыл бұрын,  Шағатай мен Әмір Темір империясын, халқымыздың алтын тарихы деп мойындап, шындыққа жақын келмесе де, қауылы қабылдап, әлем  елдеріне жар салғанын білеміз. Мен осы күнге дейін, ешбір әлем  ғалымдарының, Шағатай мен Әмір Темірдің Ұлы қағанатын, тек қана  өзбектікі дегенін осы күнге дейін көрген де, оқыған да жоқпын.   Осыларды көріп жүріп, еліміздің қадірменді билігі! Осы уақытқа дейін  неге шегіншектей беретіндігін шынымен де түсінбедім. 

Бейсенғазы Ұлықбек

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 551
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 285
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 316