Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Қоғам 3433 6 пікір 4 Тамыз, 2023 сағат 13:51

АҚШ үкім кесті. Әблязовтің барар жері, басар тауы қалды ма?

Сурет: Әлеуметтік желіден...

Қазақ еліндегі осы аптадағы айтулы оқиға – бір кездердегі бұрынғы президенттің "күлшелі баласы" болып, кейін қылдан тайған Мұхтар Әблязовтің төңірегіндегі шу. Біздың сайт бұған дейін осы жаһанға танымал тұлғаның нағашысының елге қандай кейіпте оралғандығы турасында жазған болатынбыз.

Экономикалық жүйенің аяқ астынан өзеруі елімдегі үркердей топқа ертегідей байлық сыйлады. Бірақ солардың көпшілігі аяқ астынан қолына тиген байлықтың қадірін біле алмады. Біз міне осы топқа  БТА банктің бұрынғы қожайыны Мұхтар Әблязовті жатқызамыз. Жалпы Мұқаң еліміздің БАҚ таптырмас кейіпкері ретінде ел құлағын анда-санда бір шулатып қояды. Бұл жолғы шу АҚШ соты Мұхтар Әблязовтің БТА банктен ақша ұрлап, оны АҚШ-қа жылыстатқанын мойындағаны болды.

Енді басы ашық дүниені тарамдата тарқатын болсақ. 31 шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша округтік сотының судьясы Джон Г.Колтл Triadou SPV S.A.-ға қатысты сот үкімін шығарды.

Triadou SPV Мұхтар Әбілязовтың күйеу баласы Ілияс Храпунов құрған және бақылайтын компания екендігі осы сот барысында расталып, сотталушы тұлғаның БТА-дан ұрланған 70 миллион доллардан астам ақшаны Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлікке және АҚШ-тың басқа жерлерінде инвестициялағаны дәлелденді.

Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша округтік сотының судьясы Джон Г.Колтл шығарған сот шешімі алқабилердің 2022 жылғы желтоқсандағы үкімінен кейін шықты. Нәтижесінде  Triadou SPV компаниясы басшысы Ілияс Храпуновтың қаржы жымқырғаны және заңсыз баюы үшін жауапқа тартылып отырғаны сөз етілді.

Сот қорытындысында: "Сотта ұсынылған дәлелдер АҚШ-тағы Triadou атынан инвестицияланған қаражат Әбілязовтың басқа фронттық компания арқылы БТА-дан ұрлаған 115,3 миллион долларға тікелей қатысы бар екенін көрсетеді" деп атап көрсетілді.

Алаяқтыққа барған Ілияс Храпунов өз қарауындағы компаниясын үшінші бір тұлға Филипп Глатцқа сатқанымен оның көзбояушылық болғандығы жан-жақты дәлелденіп, аталған қаржыны Ілияс Храпунов жеке өзі төлейтін болады деп шешілді.

Жығылғанға жұдырық дегендей өзі былығып жүріп, кешегі және бүгінгі қазақ билігін сынағыш Мұхтар Әблязовқа 5 шілдеде полиция органдарынан 30 күн ішінде Франциядан кетіп, оны қабылдауға дайын елге көшуі керетігі жайлы бұйрық алғанды тым ауыр соққы болды. Бұны қазақ барар жері, басар тауы қалған жоқ дейді.

Abai.kz

6 пікір