Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Білгенге маржан 2463 1 пікір 4 Шілде, 2023 сағат 12:42

Әмір Темір және Ұлы Самарқанд

«Тамерлан – был чрезвычайно действующим человеком».

Д.Мароцци

 «Тамерлан завоеватель мира».

Әмір Темір Мысыр еліндегі мәмлүк - қыпшақтар билігін және Анкара түбінде Баязидті жеңген соң, орасан күш-қуатқа ие болды. Сөйтіп, жаңадан пайда болған, империя орталығы көне Самарқанд қаласының (Имперский Самарканд) алдында тек қана Кіші Азиядағы, кезінде Дешті Қыпшақ даласынан  барған, қыпшақтар құрған Ұлы қағанат тұр еді. Осы әйгілі қаланы астанасына айналдырған Орта Азиялық барыстың ендігі мақсаты, алдында тұрған осы мемлекетті қалайда жаулап алып және оны өз иелігіне айналдыру болатын. Дегенмен, Әмір Темір әскері бұларды да көп ұзатпай талқандап, бүкіл Кіші Азия аумағын өзіне қосып алды. Сонымен, Азия кеңістігінде Темірланға қарсы келетін және онымен майданға шығып, соғыса алатын мемлекет қалмаған еді. 1396 жылдың  (тышқан жылы) жазында, орасан зор олжамен және қолға түскен қалың тұтқындармен елге қайтады. Зарафшан атырабы бұрын-соңды жорық жолы әкелген, мұндай байлықты көрмеген-ді.

Әмір Темірдің ендігі жалғыз бақталасы және жауы болып саналатын, Еуразия кеңістігіне орналасқан Алтын Орда империясы ғана қалған еді. Әрине, осы Ұлы қағанатқа, өз уақытында бір рет жорық жасап, Еділдің бойында оны қирата жеңген болатын. Дегенмен, бұл жорықта кавказ аумағын және славян елдері мен Еуропаның шығыс бөлігін уысында ұстап тұрған көшпелі қыпшақ империясы оншалықты әлсірей қоймаған болатын.

Осы арада біз әдеттегідей  оқырмандарымызға мынаны ескерткіміз келеді: Қазіргі ғылыми еңбектерде бұрындар айтылып және жазылып келген (көбіне  Кеңес дәуіріндегі) «Моңғол» сөзін, қазіргі уақытта «Моғол» екендігін және  «Татарлар» не болмаса «Татар» сөзін, кезінде Ұлы даланың көшпелі  қыпшақтарына қаратылып айтылған айырықша термин екендігін, бұл күндері  әлем ғалымдары өз жазбаларында арнайы айтып және нақтылап келеді (из книг: Рене Груссе «Степные кочевники, покорившие мир. Под властью Атилы, Чингисхана, Тамерлана», «История Азии» и  Александр Бушков – «Чингисхан. Неизвестная Азия», а также  Андрея Лызлов «Скифская история», Д.Уэзерфорд «Чингисхан и рождение современного мира»).

Әрине, мұны, кезіндегі кеткен қателікті түзету деп түсінейік. Сондай-ақ, біздің осы арада  тағы бір айтарымыз, бүгінгі Өзбекстан аумағын мекендеп келе жатқан, әсіресе Бухар, Қоқанд, Хиуа және Үргенш маңына топтасып қоныс тепкен және қазіргі күндері өзбек болып жазылған тәжік-сарттардың Әмір Темір империясына ешқандай қатысы жоқ. Орта Азиялық бұл Ұлы қағанат (орталығы Самарқанд болса да) таза қыпшақ елінің мемлекеті. Біз осы күнге дейін оқыған, зерттеген жаңа заманның  көптеген ғылыми еңбектерде осылай жазылады және түсіндіріледі. (Бұл арада, қазіргі орта жүздегі кішігірім қыпшақ руын көрсетіп отырғанымыз жоқ, ол кездерде бүкіл Ұлы даладағы көшпелі тайпалардың бәрі қыпшақтар деп айтылған және жазылған.)

Алайда, біз шегініс жасап, тұтас Азия құрлығын (тек Қытай ғана қалған болатын) қарамағына алған, жаңадан пайда болған әйгілі Әмір Темірдің Орта Азиялық көшпелі қыпшақ империясы мен оның орталығы болып саналған, Ұлы қала Самарқанд туралы сөз өрбітейік.

...Караваны доставляли в Самарканд великолепные шелка прикаспийских провинций, прославленные бриллианты, золотые и серебрянные изделия и продукции Индии и Китая, которые прибывали южным морским путем в Ормуз, и отсюда шли к северу верблюжьими караванами. Много тканей, стекла и металлических изделий прибывало из Сирии и Малой Азии.  

Сонымен қатар, Гиндукуш таулары арқылы Үндістаннан әр түрлі жаңғақтар, тамаққа пайдаланатын көптеген дәмдеуіштер, жұпар иісті гүлдердің түрлері дамылсыз келіп жатты. Бұған қоса, өздеріне таяу орналасқан Дешті Қыпшақ даласынан Самарқандқа, теріден және жүннен тоқылған бұйымдар үздіксіз жеткізіліп тұрды. Кезінде, осы құрлық аралық алып империяның орталығы Самарқандта біраз уақыт тұрған Испан елшісі және жылнамашысы Клавихоның айтуынша, «әр орамда (квартал) орын тепкен базарларда Қытай фарфорын және жібек маталарын (те, что являются лучшими, без вышивки) жиі көруге болатын еді. Сондай-ақ, бұл арадан шартарап елдерінен сауда-саттықпен келген көптеген өзге ұлт өкілдерін әрдайым көруге болатын», - дейді. Тағы айтарымыз, осы Испан елшісі, Әмір Темірдің өзге елдерден өзінің мемлекетіне жол тартқан саудагерлерге қолайлы жағдай жасағанын айтады. Ол жазбаларында былай дейді: «Он (Тимур) считает желательными иностранных купцов и дарует им благоприятные условия и безопасность по всем его владениям… если какой – либо купец будет ограблен где – либо в его землях, вся страна, где он был ограблен должна уплатить ему вдвойне то, что он потерял, и должна предоставить Тимуру в пятикратном размере сумму о которой идет речь». Осы арқылы, Орта Азиялық барыстың өзі құрған  мемлекеттің өркендеп-өсуіне және оның орталығы Самарқанд қаласының дамуына, гүлденуіне айырықша көңіл бөлгендігін аңғарасын.

Сол замандарда өмір сүрген архиепископ Джон өзінің жазбаларында Әмір Темірдің өзіне қарасты қалалар мен елді мекендерге салық салуы жөнінде былай дейді: «Со всех его городов и сел Тимур брал десятую часть в виде налогов и четверть арендной платы всех видов. Это давало ему возможность содержать его бесчисленных конных лучников и пеших солдат». Әмірдің өзге билеушілерге қарағандағы, тағы бір аса ерекшелігі, құрған мемлекетінің жан-жақты дамуына өте үлкен мән берген. Жаулап алған шартарап елдері мен хандықтардан және сұлтандықтардан қолынан іс келетін шеберлер мен сәулетшілерді, құрылысшыларды, ұсталарды, суретшілерді, ғалымдарды және сауаты жоғары адамдарды, сондай-ақ, діни қызметшілерді империя аумағына жинақтап, олардың айтарлықтай жағдайын жасап, шеберханаларын ашып, тіршілігіне және  тұрмысына керекті құрал-жабдықтармен, өмір сүруіне қажетті азық-түлікпен үнемі қамтамасыз етіп отырған. Бұл өзге жұрттан келген дарынды, қабілетті адамдардан, Самарқанд және Зарафшан аңғарының тұрғындары кереметтей көбейіп, қысқа уақыттың ішінде саны бірнеше есеге көтерілді. Кейіннен, осы адамдардың барлығы, қала мен мемлекет аумағында өмір бойына қалып, жергілікті тұрғындармен араласып, сіңісіп кетті.

Самарқандтың тағы бір тілге тиек етер аса ерекшелігі, оның көк желекке, малына оранғандығы. Тіпті, қаланы қоршаған қорғанның іші де жап-жасыл болып әрдайым көрінетін. Мұнда, қалың көленкелі шынар ағаштары, ақ теректер және сан алуан жеміс-жидек ағаштары үйлердің, шайханалардың, керуен сарайлардың үстінен бүркеп, әдемі жарасып, қала тұрғындары мен келіп-кетуші қонақтардың және  сауда-саттықпен жүрген адамдардың көңіл-күйін үнемі көтеріп тұратын. Ал, қаланың өзі Клавихо айтқандай: « был окружен лесом деревьев». Сондай-ақ, Зарафшан алқабы әлемдегі төрт жұмақтың бірі саналатын. Оған қоса, империя орталығы саналатын бұл қаладағы үйлерге қыш құбырлармен су тартылған. Әр орамда тұрғындар суға жуынатын моншалар жиі кездесетін.

Тіпті, кезінде дала қыпшағы Шыңғыс ханның жаулап алған тұсының өзінде де, әйгілі шаһар өзінің болмысын жоғалтқан емес. Оны сол уақыттағы Қытай монахы Чан-Чун өз жазбасында былай дейді: «... Повсюду фруктовые сады, рощи, цветочные сады, акведуки, бегущие родники, круглые водоемы в беспрерывной последовательности. Замечательное место: арбузов здесь столько же, сколько лошадинных голов... повсюду озера, террасы, башни и палаты...Даже китайские сады не могут сравниться с самаркандскими». Әрине, Әмір Темір Орта Азиялық бұл қаланы тегін таңдап алған жоқ. Империя орталығы болып есептелетін Самарқандтың айналасына, кең көлемде құрылыс жүргізіп, өзі бағындырған шартарап елдерінің, әсіресе мұсылман жұртының, оның қалаларының: Бағдат, Дамшық (Дамаск), Қайыр (Каир), Шираз және Султания деп атауларын берді. Билік иесінің тағы бір қалпына келтірген үлкен ісі, ежелгі Көк Сарайды кереметтей қылып, өргізіп шығарғандығы. Әлемге әйгілі осы мемлекет аумағында Әмірдің жетекшілігімен, сан мың диқандардың күшімен, жыл сайын егін егіліп, астық жиналды. «Хлеба повсюду вдоволь и рис можно купить за дешевку любого количества», -  дейді елші Клавихо.

Сөйтіп, кезіндегі көшпелі елдің баласы, өзінің тек қана жаулап алушы ғана емес, реті келсе, қала салдырып, егін ектіріп, ғылым мен біліммен айналыса алатындығын көрсетті. Осы арқылы өркениетке ұмтылған, жасампаз патша екендігін де таныта білді.

Әйгілі, Әмір Темірдің көшпелі елдің баласы екендігін тек қана ағылшын ғалымы Хилда Хукхем ғана емес, сонымен қатар, біраз ғалым, жазушылар да өз еңбектерінде көрсетіп келеді.

Осы орайда, мына зерттеушінің жазғандарын мысал ретінде келтіре кетсек дейміз.

Көрнекті жазушы және танымал ғалым Р.Храпачевскийдің «Военная держава Чингисхана» атты кітабында, Шыңғыс хан туралы былай деп жазады: «... Таким образом Мавераннахр стал частью единой языческой администрации, простиравшейся от северного Китая до Персии, которая основана на степных законах и обычьях и которая действовала от имени великого хана Моголов (бұл еңбектің қай тарауында да  тек қана  «Моғол» деп жазылған, ешқандай  да «Монғол» емес). Четыре кочевых  кипчакских империй должны были внезапно возникнуть от завоеваний Чингиза и его рода. Одна из них состояла из Мавераннахра и соседних территорий. Здесь в четырнадцатом столетии родился Тимур, кочевник, вождь, который наследовал военный талант, если не кровь, Чингиза, и честолюбивые устремления господствовать над всеми четырьмя степными кипчакскими империями».

Бейсенғазы Ұлықбек

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

1 пікір