Жұма, 3 Мамыр 2024
Деп жатыр 1740 5 пікір 16 Маусым, 2023 сағат 10:48

Аккую электр станциясы: АЭС жасау Қазақстанға тиімді ме?

Бүгінде атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданатын мемлекеттер қатары көбейіп келеді. Тіпті, нысанның құрылысы толық бітпесе де, өткен айда «Аккую» АЭС-на «Росатом» ядролық жанармайдың алғашқы партиясы жеткізілді. Қазір құрылысты Түркия мен Ресейдің арасында 2010 жылы қол қойылған үкіметаралық келісімге сәйкес «Росатом» корпорациясы жүргізіп жатыр. Негізі екі ел басшыларының рұқсатымен ядролық жанармайдың алғашқы легі одан бұрын Ресейден әкелінді. Энергоблоктардың құрылысымен бірге, Түркия тағы екі электр станциясын соқпақ. Ал биылға тек бір энергоблок іске қосылса, толық аяқталуы 2028 жылға дейін деп күтілуде.

Жалпы «Аккую» атом электр станциясы екі елге де пайдасын тигізетіні сөзсіз. Бірінші – энергия тапшылығын тудырмауға септігін тигізсе, екінші – Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық байланысты нығайтады.
Ал біздің елде, яғни Қазақстанда АЭС салу туралы сөз қаншама уақыттан бері айтылып келеді. Ол жайында пікір де әр алуан. Жалпы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі халық тығыз орналасқан Балқаш жағалауы маңындағы Үлкен ауылында АЭС салынатын болғанды. Онда төрт энергоблокты іске қосу жоспарланып, біріншісі келер жылы пайдалануға берілетін боп есептелген. Ең алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның «Аккую» атом электр станциясын салу тәжірибесін мұқият қарауды ұсынған еді.

Президенттің бұл ұсынысын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов Түркияның тәжірибесін ескере отырып, елімізге бұл жобаны толығымен көшірмеуі керегін айтты. «Түрік атом электр станциясының құрылысына барып, көрген адам ретінде айтарым, Түркияның жобасын толығымен көшіру керек емес, әрине, тәжірибесін ескеру қажет. Өйткені Түркиядағы жобаның инженерлері мен басшылары бәрі – ресейліктер. Ал бізде жергілікті кадрларға жұмыс орнын беріп, өзіміздің мамандарды дамытуымыз қажет», – дейді Тимур Жәркенов.

Мысалы, «Росатом» компаниясы атом электр станциясын салудан басқа, түрік жастары арасында жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу бойынша міндеттемелерді алды. 2011 жылдан 2022 жылға дейін Түркиядан келген 220 студент Ресейдің Ұлттық ядролық зерттеу университетінде «Атом станциялары: жобалау, пайдалану, инжиниринг», «радиациялық қауіпсіздік» секілді бағыттары бойынша мамандандыру бағдарламаларын оқытты. Қазір Ресейде 51 түрік студенті «Аккую» атом электр станциясына мамандар даярлаудың мақсатты бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда. Ал бұл мамандар алғашқы практикалық тәжірибені Ресейде алады. Жалпы алғанда, ресейлік дизайнның ең жаңа энергия блоктарын басқаруға қатысатын Түркиядан келген мамандардың Жеті тобы кезекпен дайындықтан өтеді. Оқу бағдарламасының барлық қатысушылары да стипендия беріліп, жатақханамен қатылады.

Жалпы, «Аккую» – Түркияның тұңғыш атом электр станциясы. Мұнда бір мезетте төрт энергоблок жылына шамамен 35 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Осылайша, елдегі электр мұқтаждығының 10 пайызын қамтымақ. Сөйтіп, АЭС электр энергиясын тәулігіне 24 сағат және аптасына жеті күн үздіксіз жұмыс істейді. Ал бұл АЭС 60 жыл бойы электр энергиясын өндіретін болады.
Қазақстандықтар үшін энергия тапшылығы – өзекті мәселеге айналып отыр. Өңірлердегі бірнеше желдеткіш электр қуатының үзілуінен және ЖЭО-дағы ірі апаттардан кейін үкімет атом электр станциясының құрылысын салу дұрыс шешім деген қорытындыға келді. Бірақ мұндай нысанды салу үшін барлық факторлар мен тәуекелдерді ескеру қажет.

– Аккую – Россатом жобасы. ВВЭР раектор болуы керек. Ол әлемде кең тараған. Чернобылдағы реактор басқа еді. Құрылыс жұмыстарына жемқорлықты араластырмай, МАГАТЭ талаптарын қатаң сақтап, бақылауда ұстаса, Росатомның ВВЭР реакторлары да жаман емес. Чернобльда РБМК реакторы тұр. Оның жұмыс істеу принципі бөлек, – дейді әскери сарапшы Амангелді Құрмет.

Оның айтуынша, АЭС біздің өңірдегі энергетикалық қуаттылықты едәуір арттыруға және халықтың барлық қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біздің өңірдің атом электр станциясын салуға қаншалықты қолайлы екенін зерттеп жатыр. Мысалы, осы станцияға жабдықты жеткізу автомобиль немесе теміржол бойынша іске асырылса, бұл өз кезегінде біздің облыста жолдарды дамытуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Abai.kz 

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 631
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 393
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374