Жұма, 3 Мамыр 2024
Деп жатыр 1696 0 пікір 12 Маусым, 2023 сағат 13:29

Ильин саған айтам, Смайылов сен тыңда!

«Тоқаевтың үстелді тоқпақтауы тегін емес… Экс-Төтенмин Юрий Ильинге тықыр таяған тәрізді», - деп жазады DALA INSIDE. Отставка ол үшін тым жеңіл жаза. Абай облысындағы алапат өрт Ильиннің салдыр-салақтығы салдарынан бақылаудан шығып кетті. 14 адам опат болды. Олардың обалы кімге?...

Абай облысына арнайы барған Тоқаевтың аузынан «жаза» деген сөз жиі-жиі шықты. Соған қарағанда Смайылов үкіметіне берілген сенім кредиті сарқылған сынды.

Ильин? Экс-министр Абай облысындағы апатқа жол бергені үшін жауапқа тартылады. Отставка оның әрекетсіздігін ақтай алмайды. Президенттің сөзінен соны аңғардық…

Абай облысында арнайы штабтың мәжілісін өткізген Мемлекет басшысы өртке қатысты ұзынсонар баяндама жасауға кіріскен Төтенше жағдай вице-министрі Марат Күлдіковтің сөзін орта жолдан бөлді:

«Ильин? Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?!

14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді», - деді Тоқаев.

Тоқаев төңірегіндегі адамдардың жұмысқа деген қарым-қатынасынан түңіліп жүр. ТөтенМинге өз қолымен жетектеп әкелген Ильиннің халықтың қарғысына ұшырап, сенімді ақтай алмағаны жанына батқан. Алдағы күндері экс-министрге қатысты «қатаң шара» қабылданбақ. Айта кетелік, Төтенше жағдай министрлігі Тоқаевқа тікелей бағынатын құрылым.

Абай облысының жұртшылығымен жүздескен Тоқаев жүйенің ескі Қазақстанның әдетінен әлі күнге арылмағанын сынға алды.

«Адамдардың тағдырына мүлде немқұрайлы қарау…». Президенттің Смайылов үкіметіне берген бағасы осындай. Назарбаевтың қамырынан иленген шенді-шекпенділер Тоқаевтың аяғынан шалуды доғарар емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 618
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 367
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 361
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 367