Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Ақмылтық 2783 11 пікір 10 Маусым, 2023 сағат 14:35

Абай облысындағы өрт. Ильиннің қызметтен алынуы. Қазіргі ахуал қандай?

8 маусымда Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында шыққан алапат өрт қазір 60 мың гектарға жетті. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Шетін оқиғаның хронологиясы:

(Сурет ҚР ТЖМ сайтынан алынды)

* Мемлекет басшысының Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин қызметінен босатылды. Президент Жарлығында ендігі экс-министрдің нақты Абай облысындағы өртке байланысты қызметтен алынғаны туралы жазылмаған.

* Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары талқыланды.

(Сурет: primeminister.kz)

* Қазіргі кезде Абай облысындағы өрттің жалпы ауданы 60 мың га-дан асады.

* Өртті сөндіруге 800-ге жуық адам, 190 техника және 8 тікұшақ тартылған.

* ТЖМ деректеріне сай, өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралып жатыр.

* Азаматтар үшін уақытша орналастыру орындары жабдықталды.

* 10 маусым таңғы сағат 4-те өрт орнына Қарағанды мен Алматы облыстарынан Абай облысына 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің қызметкерлері аттанды.

(Сурет Ақордадан алынды)

*Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді. Оның орнына президент Абай облысына барады.

* Абай облысындағы өртке байланысты жедел желі ашылды.

«Абай облысындағы табиғи өртке байланысты жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31», - деп жазылған Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.

* 9 маусымда алапат өртті сөндіруге Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де аттанды. Топ құрамында 20 өрт сөндіруші, 8 құтқарушы мен 10 техника бар.

* Өрт сөндіру жұмыстары кезінде 3 қызметкер қаза тапты

*14 маманмен байланыс үзілді. Олардың бәрі қаза тапты деген жалған ақпарат шықты.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер ғана табылды. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», - делінген әкімдік мәліметінде.

* 9 маусым сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өртін сөндіруге түрлі ведомстволардың 786 қызметкері, 187 техника мен 9 тікұшақ жұмылдырылды.

«Сағат 18:00-ден бастап Бородулихадағы Островский атындағы мектеп пен колледж ғимараттарында екі эвакуация пункті ұйымдастырылды», - делінген Абай облысы әкімдігінің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

* 9 маусым кешке Семейде орман өртіне байланысты қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен төтенше жағдай жарияланды.

* Абай облысындағы өрттің себепшісі – найзағай. Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков:

«8 маусым күні сағат 12:03-те Семей қаласынан 25 шақырымдай қашықтықтағы Батпаев орман шаруашылығының 66 кварталында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Өртті тез арада ауыздықтау мүмкін болмады, оған себеп «Семей орманы» мемелекеттік орман табиғи резерваты техникасы биік құм төбелері орналасқан аймаққа жете алмады. Өрт орман шаруашылығы орналасқан жерден қашықтығы 11 шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы 20 гектарды құрады. Жоғары температура мен қатты желдің салдарынан өрт екі сағаттың ішінде 200 гектар аумақты шарпыды, - деді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1794
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400