Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
1287 0 пікір 25 Мамыр, 2023 сағат 12:55

Бірліктің үлгісі: Көп этносты аймақ жұрты жұмылып мешіт салуда

Дін қадым заманнан адамдардың өмірінде шешуші рөл ойнап келе жатқан құдіретті феномен ретінде күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Жер шарындағы адамзат баласы үшін қазіргі таңдағы басты міндет – ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау болып табылады. Сондықтан  татулық пен бірлік орнықпаған жерде берекелі бейбіт өмірдің болмайтыны анық.

Абай облысының тұрғындарының 80 пайыздайын қазақтар құрағанымен, өзге ұлт басым орналасқан жалғыз өңір – Бородулиха ауданында 6 мешіт бар. Оның бірі аудан орталығындағы бас дін ордасы -  «Қарбай» мешітінің бас иманы Әріпжан Қожанұлымен сұхбаттасудың жолы түсті.


- «Қарбай» мешітінің бас иманы қызметіне қай кезде кірістіңіз?

- 2007 жылы Бородулиха ауданына келіп, аталған мешіттегі қастерлі міндетіме кірістім. Сол кезде қазіргі ескі мешітке көңілім толмай, «Шіркін, жаңа мешіт салынса ғой?» деп арманға берілгенім рас. Содан бері мешіт салуға жергілікті жамағат тарапаынан талай талпыныс жасалынды. Бәрі сайып келгенде нәтижесіз аяқталды.

- Неге?

- Шынымды айтсам, бәрі де, Аллаһтың қалауымен істің жөнін, кісінің көңілін табатын әкімді күтіп тұрғандай. Өткен жылы аудан басшысы болып, бұрындары осы өңірде аудан әкімінің орынбасары болып істеп, кейін қызметі өсіп, ШҚО түрлі аудандарын басқарған Ахметқали Нұрғожин тағайындалды. Жаңа әкім келе сала осы істі қолға алуға кірісіп, қатқан мұз сетінеді. Аудан тұрғындары, бюджеттік мекеме қызметкерлері, ауылшаруашылық құрылымдары жұмылдырылып іс алға жылжыды.

- Мешіт құрлысы қашан басталды?

- Рамазан айының бірінші күнінде ауданымыздағы «Қарбай» мешітінің жаңа ғимаратын салу ісін бастап, ірге тасын қалау рәсімі өтті. Рәсімге аудан әкімі А. Нұрғожин қатысып: «Игі ісіміз сәтті аяқталсын!» деген ниет білдірді. Абай облысы бойынша өкіл имам Асқар Әбітайұлы арнайы келіп, жиналған жұртшылықты Рамазан айымен, мешіт құрылысының басталуымен құттықтады. Ірге тасты қалау рәсіміне осы істің басында жүрген Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов бастаған, бір топ шаруа қожалық басшылары, депутаттар мен ақсақалдар, ауданның құрметті азаматтары жиналды. Салтанатты шарада Ерлан Әмірбекұлы Зайтенов 15 млн.теңгеге, Оразаев Талғат Айтқазыұлы 20 млн.теңгеге, Оганесян Волод Сагомонович 10 млн. теңге, Сайдулаев Умар Садаевич 5 млн. теңге, Сарсембаев Рахметолла 3 млн. теңге, Бергенев Дамир Мансурович – 1 млн.теңгеге сертификаттар табыстады.Аудан халқының да үлестері көп шынайы ниеттерімен өз үлестерін қосып жатыр Алла Тағала разы болсын. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Жарихманыұлы Рахимов мешіт құрылысы сәтті басталып, айқталсын деген ниетпен құрбандық шалып, еті мұқтаждарға таратылып берілді.

- Өзге діндегі қалталы азматтар жергілікті алты мешітке көмек қолын созып келеді екен. Бұл көпұлтты өңірлердің өзіндік ерекшелігі деп білгеніміз жөн бе?

- Бүгіндері Қазақстан Республикасында 18 конфессия және 3800-ден аса діни бірлестік өзара татулықта өз қызметтерін атқарып келеді. Яғни, Қазақстан көпконфессиялы мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституиясы мен Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңы азаматтардың ар-ождан бостандығына кепілдік берген. Біз діни парызымды өтеп жатқан мұсылмандармен қатар өзге дінді тұтынатын жерлестерімізде бар. Олар біздің діни мерекелерімізді жатсынбаса, біз олардың діни сенімдеріне күмән келтірмейміз. Аудандағы мұсылман жұртшылығы өзге діндегілерге түсіністікпен қарайды. Біздегі 6 мешіт имандары да діни уағыздарынан «адамзат баласын алаламауды» еш қағыс қалдырған емес.

Өзге діндегі қалталы жерлестеріміз мешітке көмек қолын созып тұрады. Және жаңбыр жаумаған шақта «Тасаттық» беріп, АллаҺтың рахымынан ниет етеді. Өз басым бұны мемлекетімізде қалыптасқан халықтар достығының айқын көрініс деп білем. Еліміздегі қос дін татулық пен берекенің бесігіне айналып отыр.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 10