Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2618 0 пікір 15 Мамыр, 2013 сағат 03:59

Байыт Қабанұлы. Оспан батырдың ақыры (басы)

Поэма

Батыр болып қару ұстап жауға шапқан екенсің, алдыңда сенен де асқан батыр барына күмәнсіз сенуің керек.Әйтпейінше жеңіске жету мүмкін емес»

Оспан батыр Cіләмұлы

ӘЛҚИССА

Қол аяғы кісендеулі алып тұлға батыр Оспан арайлы,

Қақпан басқан көкжал қасқыр секілденіп көк аспанға қарайды.

Алпамсадай түкті кеуде, білек, самай бұлшынынан қан ағады

оны ешбір сезбегендей аласұрып жарайды,

Маңайында оқты мылтық, сайман алған сақшыларды

шоқтай жанған жанарымен «сабайды».

Еңгезердей есіл бітім ер тұлғасын еңкейтпейді тіктейді,

Тауға қарап түнереді өзін де сол тауға балап тізе белін, бүкпейді.

Жалт қараған қарасымен, оқыс жылдам қимылымен

тобырларға үркек үрей жүктейді,

Енді алдыңғы уақыттан  тек өлімнен басқа ештеме күтпейді.

 

Қалай мейілі қарасаңда темір құрсау тор қаптаған түнек түрме, абақты,

Бұл түнек, тор көкке шапшып аласұрған қанша арыстан азаматты

түкке тұрмас қаншықтарға талатты.

Тау тағысы Оспанның да жан жағынан

жау иттері абалайды жүзді алмас жарақты,

Не қыласың құдіреті күшті тағдыр бұл күнді де алға тартып

хас ерлікті қанатты ғой қанатты...

Поэма

Батыр болып қару ұстап жауға шапқан екенсің, алдыңда сенен де асқан батыр барына күмәнсіз сенуің керек.Әйтпейінше жеңіске жету мүмкін емес»

Оспан батыр Cіләмұлы

ӘЛҚИССА

Қол аяғы кісендеулі алып тұлға батыр Оспан арайлы,

Қақпан басқан көкжал қасқыр секілденіп көк аспанға қарайды.

Алпамсадай түкті кеуде, білек, самай бұлшынынан қан ағады

оны ешбір сезбегендей аласұрып жарайды,

Маңайында оқты мылтық, сайман алған сақшыларды

шоқтай жанған жанарымен «сабайды».

Еңгезердей есіл бітім ер тұлғасын еңкейтпейді тіктейді,

Тауға қарап түнереді өзін де сол тауға балап тізе белін, бүкпейді.

Жалт қараған қарасымен, оқыс жылдам қимылымен

тобырларға үркек үрей жүктейді,

Енді алдыңғы уақыттан  тек өлімнен басқа ештеме күтпейді.

 

Қалай мейілі қарасаңда темір құрсау тор қаптаған түнек түрме, абақты,

Бұл түнек, тор көкке шапшып аласұрған қанша арыстан азаматты

түкке тұрмас қаншықтарға талатты.

Тау тағысы Оспанның да жан жағынан

жау иттері абалайды жүзді алмас жарақты,

Не қыласың құдіреті күшті тағдыр бұл күнді де алға тартып

хас ерлікті қанатты ғой қанатты...


І

Қытайдың бар армиясын бастаған

Алысты да, жақынды да ақылымен, айласымен жасқаған

Бар еді бір генералы

қулық, сұмдық жан ұясы, және шешен, тас табан

Оспан жайлы көп естіген бұрын соңды басқадан.

 

Алғашында көзге ілмеген:

«Қазақтың аз қарақшысын

қас қағымда жояа салам» - деп шешкен,

Қаншама мың әскер сайлап:

«Құртып кел» - деп жарлық беріп

талай рет уақытқа шек кескен.

Өзі дағы талай барған

Бірақ айла таба алмаған,

ер Оспанның қарасын да көре алмаған. Содан соң:

«Әттең қолға бір түсірсем» - деп тістеніп

көз көрмеген қазақ ермен өлгендейін кектескен.

 

Содан бері көп уақыт өтті жортып

дүниенің дүрлікпесін ескермей,

Бұл генерал шыдамады «ОСПАН» - деген көшке ермей.

«Оспан сөйтті:

Жүз әскерді, мың әскерді, бүкіл бүтін қосынды да

түгін қоймай жайпап кетті...» күнде естілді дес бермей,

Қалатұғын еш шара жоқ өштенбей.

 

Осылайша ол қаншама жыл құрбан шалып құр атын,

Өзін өзі қорға балап, өзін өзі басқа сабап ұратын.

Күні бойы ОСПАН деп ол ауа жұтып,

ал жатқанда ОСПАН деп ол  басын қойып жастыққа,

Таң атқанда ОСПАН деп ол

қара басқан өз түсінен  зәресі ұшып төсегінен тұратын.

Енді міне құдай берді тау тағысын кісендеуге

тағы да бір сатқын қазақ жол ашты,

Өйтпегенде батыр Оспан артына ертіп кетер еді

барша Қазақ алашты.

Онда сірә таудың елі өз жағына шешер еді таласты,

Амал қанша Қытайлардың айласы мен бағы асты

 

Сол генерал: «ОСПАН ҚОЛҒА ТҮСТІ» - деген

жақсы хабар келгенде,

Қолды аяққа тоқтамады

көп байланған көңілінің бұлты ашылып шерменде.

«Өзім барып көрем - деді, барып «сәлем» берем - деді,

батыр Оспан «жолаушылап» келгенде,

Әгәрәкім көрмей қалсам тыныш өле алмаспын мен өлгенде»

 

- деп хабар сап бес қаруын асынып,

Ер Оспанға кездеспекке өзі келген асығып.

Келе сала: «Алдыма оны ап кел деді, жетектеп,

Ол кешікпей менен шыбын жанын сұрап

жалынғанын көресіңдер бас ұрып...»

 

Жарлық екі етілген жоқ,

кешіккен де жоқ әрине уақытты санатып,

Қаншама мың көпшілікті жинап қойған

алдын ала жариясын таратып.

Үлкен алаң ортасына қарулы әскер қоршап алып келді де,

Құрсауланған ер Оспанды отырғызды

генералдың қарсы алдынан қаратып.

 

Сап-сарала сәнді бастық

бұрқылдатып тарта отырып шылымын,

Саусағымен тарай тұрып маңдайына ентелеген тұлымын.

Тұтқын ерді бастан аяқ тінтіп шықты көзімен,

Анықтап бір алмақ үшін

бұрын елден естіп келген шала-шарпы ұғымын.

 

Ауыздардан ауыздарға жалғастырып аңыз етіп

айтса адамдар айтқандай-ақ:

Аңғал-саңғал алып дене нар мүсін,

Кең пішілген алып тұлға келбет пішін -

паш еткендей көшпенді елдің ата баба арғысын.

Қар боратқан түксиінкі қалың қабақ

адам жетпес бұлт үйрілген қарлы шың.

Отырысы, оқыс шашпаң қозғалысы -

жыртқыш таймас аш қырандай айқастырған шалғысын.

Сосын барып көзін тіктеп қарап еді тау ұлының көзіне,

Ол да тура тесе қарап отыр екен өзіне.

Көздеріне көзі түсіп кеткен кезде

селк еткендей шошып қалды генерал,

Қарсыластың жанарынан

ешқашанда қайтпайтұғын өткірлікті сезіне.

 

Бірден қарсы кеп қалған соң

тез тайсақтап кете алмады қытай жігіт сынаптай,

Көп алдында аз мұз ғана телмірісті намыс туын құлатпай.

Бірақ, бірақ

Қарсы алдынан тіке салған

жан шошырлық қанталаған екі көз,

Оның тұла бойын өртеп бара жатты  шыдатпай...

 

Жан шошырлық қанталаған сол екі көз ішіп жейді

хас дыраумен қақ маңдайдан ұрғандай,

Терең, тұнық, көмір қара -

қарсы алдыңнан қарап тұрып қатерлі тор құрғандай.

Неге болса дайын алғыр онысын еш жасырмай,

«Кел екеуміз сайысайық, тайталасқа түсейік» - деп тұрғандай.

 

Бұдан арғы тайталасқа қарсы тұру қолдан келер іс емесін түсінді,

Түсінді де көзін жылдам басқа жаққа ала қашты

қайсарлықтың құсын бойдан ұшырды.

Іштей шексіз тамашалап таңырқады

өрт пен тастан жаратылған таңғажайып мүсінді,

Рәсіми екі үш сұрақ ұсынды:

«Кімсің - деді, не қылмыспен келдің» - деді

зілі сөнген айбарменен ақырды,

«Жауап бер» - деп қолындағы тапаншасын

шошаңдатты сұс көрсетіп батылды.

Сосын тағы ескертті оған:

«Егер бізге өз еркіңмен басыңды иіп

қызмет етсең және ерлік көрсетсең,

Үлкен сыйлық беріледі, қолбасшы боп сайланасың.

Бұл әрине саған берген зор мүмкіндік ақырғы.

 

Кәзір маған жауабыңды айт ой жібермей басқаға,

Сөзің маған ұнар болсын,

онда қыста көк балдырған гүл егесің тасқа да.

Егер сөзің ұнамаса және менің айтқаныма көнбей жатсаң

осы алаңда, осы халық алдында,

Ертең түсте атыласың. Ал кәнеки сөйле» - деді,

мұртын сипап кеуде керіп мастана

 

Сонда ғана батыр Оспан орынынан көтерілді

маңғаздана көз жіберіп алысқа,

Ашу, ызы және мысқыл тебіндеген

өң келбеті бекінгендей ұзақ ұлы жарысқа.

Алаң толы көп қалайық тым тырыс боп ішке тартып демдерін,

Қарап тұрды алып тұлға арысқа.

 

Маңғаз батыр аз тұрды да нажағайдай жалт бұрылды

масаттана сауал қойған дұшпанға,

Өр мінезін тоғыстырып сабыр салмақ ұстамға:

«Өй, ақымақ, не деп тұрсың сандалып,

Танымасаң Қазақ деген бір халық бар - өр халық

Өлсе дағы ол бас имейді сен сықылды тышқанға.

Сол биіктен көтерілген мен көкбөрі Оспан деген ерлікпін,

Жүзі деп біл өрттіліктің, өрліктің.

Көп дұшпанға қолым тиді, оғым тиді тар жолында теңдіктің,

Нарқы осындай, парқы осындай боп келеді ертеңі асқақ елдіктің.

Қылмысым сол:

Жанынан да, арынан да биік қойып ас қамын,

Әлін білмей жайын елге қол көтерген шапырлардың

қанын судай шашқаным,

Лайламай тазалықтың, ұлылықтың бастауын,

Биіктерден асқаным.

Сендей сайқал қайдан ұқсын

ондай асқар асқақтықтың астарын.

Жәңе тағы не дедің сен:

«Егер бізге басыңды иіп ерлік етсең сыйлық берем» - дедің бе,

«Ал өйтпесең атыласың тегінде...»

Өй байқұс - ай өлім деген сендер үшін қорқыныш ә,

ал біз үшін ойыншық,

Көк тағысы қыран бүркіт

інге кіріп күн көрмейді, көз жұмады көгінде.

 

ОСПАН деген - ордалы елдің қолға ұстаған

қынабы жоқ қылышы,

Ол иілсе ел сынады, шайқалады ырысы.

Өйтіп мына тұғырлы елді

тұтқын етіп сатқын өмір кешкенше,

Тұлпар кеудем оқты мылтық ауызына

қарсы тұрып тамамдалсын, дұрысы.

Ерлік деген дұшпанына бас иіуден басталад деп

қандай әкең нұсқады,

Сен жақсылап ұқ мынаны

біздер сірә жалғамаймыз жамауға әкеп қысқаны.

Таудың елі тауға ғана бас иеді,

тілейді олар құзар биік ұшпаны,

Қатындарға қатын болып жарық көру

сен секілді сүмелектің ұстамы.

Өлімменен таусылмайды

батырлардың маңдайдағы бақ кені,

Хас қыранның қанатына тарлық етер

жаймашуақ жат көгі.

Батыр болсаң қолымды шеш қылыш ұстат

жекпе жекте басыңды бер ерлікпен,

Оған дәтің жетпейді екен қымсынбаймын

қарсы алдымнан қарап тұрып ат мені.

Әй білмеймін оған дағы дәтің жетпес

сенде жалын көрінбейді ақ алмастай жарқылдар,

Ондай жалын сенде болар жөні де жоқ

әлмисақтан табан жалап тамақ табар салтың бар.

Қол аяғым байлауында

қол, тізеңді қалтыратып атсаң мүмкін көз жұмып,

Менің ерлік еркіндігім күнде сенің түсіңде кеп

тышқан алған мысықтай боп алқымдар.

Болды менің сөзім бітті,  не қыласың қыларыңды қыла бер,

Жүз жыл мүмкін өтсе дағы мені ұмыт қып өшірмейді

алтын Алтай қырқасы мен құба бел.

Ел басына оңайлықпен бақ қонбайды

есілдері жанын пида етпесе,

Ел жері үшін жанын қиған қыршындарын

мәңгі бақи құрметтеумен тынады ел»

 

Осылай деп батыр жігіт айтар сөзін айтып әбден болғасын,

Қарсы қарап күлімдеді, басын шайқап мүсіркеді қол басын.

Сосын сона-ау мұнар тұнған

көк аспанға ұзақ қарап күрсінді де бұрылып,

Шынжыр кісен құрсаулырын сүйретіп ап жүре берді

жау ішіне қалдырғандай жолдасын.

 

Көпті көрген әккі бастық қозғалмады, түк демеді

ашуланып айрылмады нарқынан,

Оспан батыр көз алдында

ұзап бара жатты айнымай батырлықтың шартынан.

Арлан төбет көк бөріге алыс шеттен абалаған

иттеріндей ауылдың,

Жан жағынан

мылтық сайман қаруларын шошаңдатып

бір топ сақшы еріп кетті артынан.

 

Қытай сардар бөлмесіне келген соң да көп отырды сарылып,

Жалтармайтын қайсарлықты жауып қойып жайсаңдыққа, салынып.

Құлағынан өшпей қойды әлгіндегі кекке толы ащы шындық табы нық,

Көз алдынан кетпей қойды

өлімнен де тайсалмайтын тауға тартқан тағылық.

 

Ол ойлады:

«Әй адамзат біздер неге осығұрша жауласамыз тістесіп,

Ақыл ойдың талғамын да ары кеткен арам тамақ күш кесіп.

Ардың туы секілденген әлгі батыр азаматта

алты атамның қанды құны кеткен жоқ,

Не жетпейді ағамдай ғып артына еріп аралассам іштесіп.

 

Ол да ертең атылады,

мен де бір күн оқты мылтық ауызында жан берем,

Осылайша жалғасады

жалған намыс тамақтанып таң атырар қанменен.

Менің де әлгі құрсауланған хас батырдан айырмам не

қуыршақпын күн өткізген жарлықпен,

Амал қанша қолдан келсе еркін беріп:

«Асқар биік тауларыңда

Арқар, Киік секілденіп ойнақ салып қал» дер ем.

Не шара бар онда ертең мен тұрамын дар ағаштың астында,

Жан беруге болар еді қолдан келмес бөгеу салу

қыңыр қисық «САЯСАТ» деп аталатын тасқынға.

Енді сенің келбетіңді көруге де менің дәтім жетер емес

құдай жазса о жалғанда дотасармыз армансыз,

Жолың болсын хас тұлға»

 

- деп күбірлеп тағы біраз отырды да:

«КЕЛІҢДЕР» деп дауыстады,

келді жетіп жарлық күткен жақындар,

«Былай болсын - деді, сардар:

Әлгі қазақ батырында менің бөлек қақым бар.

Тілесе егер майлы тамақ ет беріңдер,

тыныш ұйқтап шықсын бүгін маңайына бармаңдар,

Ертең түсте сауыт сайман киіндіріп,

қару жарақ асындырып жалғыз оқпен атыңдар»

 

(күбірледі: Қолдан келген бар көмегім осы болды

дәтке қуат дәрі болып көңілімде сақталсын,

Дәрменсіздік дәу басыма құлама шың шатқалсың.

Қанды тарих қас қағымның қалтарысын қате қылмай қаттарсың,

Таудың тағы тарлан ұлы тары өмірден батырлықпен аттансын)

 

- деді бастық жалаңдаған жарлық ары жалғасты да жымдасты,

Өр Алтайдың өр шыңдарын артқа тастап күлімдеген күн қашты.

Айналаны түнектеніп түн басты.

Мұнар тұнған құм төбелер

мың жыл бұрын жер боп кеткен молалармен мұңдасты.

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1026
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 895
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 752