Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3336 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 17:03

БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ

«Қойдан қойдың несі артық?!
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық?!
Істеп жүрген ісі артық» - дейді халық даналығы.
«Отан қорғаушылар күні» қарсаңында ел алдында жүрген азаматтарды бір түгендеп қойдық. Мейрам қарсаңында мерейлері өссін деген ниет қой. Ерден ердің несі артық екенін, біз есімін атаған азаматтардың бойындағы жақсы қасиеттерден бағамдарсыз...

Ел мақтаны
Асанәлі Әшімов
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовпен қазақ қалай мақтанса да жарасады. 8-мамырда 76-ға толатын әйгілі  актер шығармашылық жолында қазақтың табиғатына келмейтін рөлдерге жолаған жоқ. Бүгінде жиын-той, ауқымды шараларда төбе көрсетіп, салиқалы сөз айтып, ақсақалдық дәрежеге жеткенін аңғартып жүр.

Сөзге шешен
Бекболат Тілеухан

«Қойдан қойдың несі артық?!
Қол басындай еті артық.
Ерден ердің несі артық?!
Істеп жүрген ісі артық» - дейді халық даналығы.
«Отан қорғаушылар күні» қарсаңында ел алдында жүрген азаматтарды бір түгендеп қойдық. Мейрам қарсаңында мерейлері өссін деген ниет қой. Ерден ердің несі артық екенін, біз есімін атаған азаматтардың бойындағы жақсы қасиеттерден бағамдарсыз...

Ел мақтаны
Асанәлі Әшімов
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовпен қазақ қалай мақтанса да жарасады. 8-мамырда 76-ға толатын әйгілі  актер шығармашылық жолында қазақтың табиғатына келмейтін рөлдерге жолаған жоқ. Бүгінде жиын-той, ауқымды шараларда төбе көрсетіп, салиқалы сөз айтып, ақсақалдық дәрежеге жеткенін аңғартып жүр.

Сөзге шешен
Бекболат Тілеухан
Сөз сөйлесе арғы-бергі тарихты қопарып, сөзін XV-XVIII ғасырдағы жыраулардың айтқандарымен тұздықтап отыратын, сөз арасында XIX ғасырдың II жартысындағы Абайға соқпай кетпейтін Бекболат Тілеуханды сөзге шешен десек, ешкім таласа қоймас. Экс-депутат бұл өнерді бүгінде басқаларға үйретіп, шенеуніктерге шешендік өнерден дәріс беріп жүр екен. Екінің біріне беріле бермейтін шешендік өнерді үйрену қымбат көрінеді. Өйткені, Бекболат Тілеухан бір саясаткерге той мен жиында, биік мінберде сөйлеу мәдениетін 8500 АҚШ долларына үйретіпті.

Жомарт жүрек
Исламбек Салжанов
1993 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатқан «Алтын Қыран» компаниялар тобының  басшысы Исламбек Салжановтың есімі үздік кәсіпкер, іскер басшы болудан бұрын,  соңғы жылдары қазақтың айтыс өнеріне, әдебиеті мен түрлі мәдени шараларына демеушілік жасаумен танылды деуге болады. Салжановтың әсіресе жастарға деген қамқорлығы сүйсіндіреді. Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі жарыққа шыққаннан кейін фильмде Отаншылдық рухты шынайы көрсеткені үшін Асылхан Төлепов бастаған актерларға 1 миллион теңге сыйақы берген де осы азамат.

Бекзада болмыс
Несіпбек Дәутайұлы
Жазушы Несіпбек Дәутайұлы қашан да дегдар қалпынан танбайды. Ол кісінің шығармаларының қай-қайсысынан болсын қазақтың тектілігі білініп тұрады. Өзі де ұлылықтан да ар-намысты алға қоятын азамат.

Тазалық
Тұрсынжан Шапай
Табиғатынан тазалығын сақтап қалған, адалдықты, шыншылдықты сүйетін азамат дегенде аузымызға ойымызға бірден Тұрсынжан Шапай келді. Ешкімге ұқсамайтын, ешкіммен бөліспейтін көзқарасын «Қазақтың жаны» мен «Бір жүрек - шын жүрекке» сыйдырған Тұрсынжан - аты мен затына кір келтіретін сөзге де, іске де бармаған шығармашылықтағы шын мәніндегі таза адам. 

Кесек бітімді
Камал Ормантаев
Үндемей жүріп, үйдей іс бітіретін, өзін ісімен дәлелдеген кесек бітімді академиктің бірі - Камал Ормантаев. Балалар хирургиясының негізін қалаған Ормантаев  бүгінге дейін 13000 - нан астам балаға операция жасап, өлімнен арашалаған. Камал Ормантаев жасы жетпіс алтыға келсе де, операция залында балалардың өмірі үшін арпалысып жүрген абзал жан.

Тасадағы толағай
Елдос Далабай
2011 жылғы қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері, 2012 жылғы «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаевты боз кілемге дайындаған бапкер Елдос Далабайды «тасадағы толағай» деуге болады. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік аулынан шыққан бәкене бойлы бапкердің жеткен жетістіктері көп.  30-маусымда өтетін «Қазақстан барысы» додасына Бейбітті баптап, үш жылға дейін «Қазақстан барысы» атағын ешкімге бермеуге бел шешіп отыр.

Қырандай алғыр
Шыңғыс Мұқан
Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан елгезек жігіт. Өз қатарынан алғырлығымен озған - ол отызға жетпей біраз қызметте болып, іскерлігімен танылды. Кеңседегі қызметке қадалып қалмай,  Шыңғыс қазақ әдебиетінің інжу-маржанын бір арнаға жиып, «Әдеби әлем» атты портал ашып, «10 при¬чин, почему важно знать и го¬ворить на казахском языке» деген кітап жазып та үлгерген. 

Сырбаз сабаз
Таңат Мамырхан
Қазақ  эстрадасында сырбаз мінезін сақтаған, әр жерде елпектей кетпейтін салмақты әншінің бірі Таңат Мамырхан. Мінезі ғана емес, Таңаттың орындауындағы әндер де салмақты. 
Әзірлеген - Қ.Матниязтегі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 736
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 454
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 470