Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 21572 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 16:31

Қазіргі қазақ әйелі қалай өзгерді?

Дәстүрлі қазақ қоғамын­дағы әйелдер мен ерлердің әрқайсысының өз рөлдері болады. Көшпенділер мәде­ние­тінде ерлер мен әйелдер­дің міндеттері бөлінді. Әйел­дердің рөлі бала тәр­бие­леу­мен, үй шаруа­шылығын жүргізумен қатаң шектелген. Мысалы, неке дәстүрінде әйелдердің күйеу таңдауға мүмкіндігі болмаған. Күйеуі өлсе, басқа күйеуге шыға алмаған, ол марқұмның інісіне немесе ағасына қосылуға міндетті болған.

Көшпелі мәдениеттің дағдарысқа ұшы­рауына байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақ­станда жаңа қоғамдық қозғалыс пайда болды. Ұлтшыл Алаш қозғалысы Қазақстанның қоғамдық өмірінде өшпестей із қалдырды. 1917 жылы Орынборда өткен Алаш Ор­да­ның конференциясы әйелдердің қоғам­да­ғы өмірі туралы шешім қабылдап, мына­дай тұжырымдарға келді:

- әйелдер мен ерлердің саяси құқық­тары тең болуы керек;

- әйелдер өздеріне серігін таңдауға ерікті;

- некеге тұру жасы 16-ға дейін ұзартылуы;

- молданың 16-ға толмаған қыздың, 18-ге толмаған жігіттің некесін қиюға құқығы жоқ;

- неке екі жақтың келісуімен қиылады;

- жесір әйелдерді күйеуінің туысқандарына зорлап қосуға болмайды;

- бірінші әйелі келісім бермесе, екінші әйел алуға болмайды.

Осы конференцияда ұсынылған идея­лар ол заманда әйелдердің тығырықтан шығатын басқа жолы болғандығын көр­сетеді. Ескі салт-сана мен әдет-ғұрыптың күйрей бастағаны, әйел рөлінің өзгергені көрінді.

Әлем тарихында құрсанып қару асы­нып, қол бастап жауға шапқан не болмаса мемлекет басқарып, сол елдің азаттығы, Тәуелсіздігі үшін арыстандай алысқан әйел адамдар аз емес. Тіпті әлемдік емес, өз қазағымыздың кешегі, бүгінгі тарих қат­пар­ларына көз жүгіртер болсақ, қорамсақ толы жебе асынып, айқайлап жауды қашы­рып, түйіліп келген дұшпаннан қай­мық­пай, өз елінің азаттығы үшін шейіт болған апаларымыз жеткілікті. Әрине, суыртпақтай берсек, арғы-бергі тарихта бұлардан өзге де батыр апаларымыз есте қалды. Әлем  тарихында өшпес із қалдырған, ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалған, бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис және Зарина тарихта қалды. Мәселен, жоңғар шапқыншылығы тұсында Абылайхан Дарабозым деп ерке­летіп, сыйлаған қазақтың бас сардары, ұлы қолбасшысы Қабанбай батырдың жары Гауһардың ерлігін, тапқырлығын еске алсақ та жетеді. Қабанбай мен Гауһар­дан туған Назым қыздың небәрі 16  жасын­да Түркістан түбінде от шашқан жоңғар зеңбірегіне батпай, ұйлығысып қалған қазақ қолын бастап, кәмшат бөрік киіп, найза орнына қолындағы қамшысын бұл­ғап «Абылайлап» жауға шауып, жоң­ғар­ларды түре қуған ерлігі ел есінде. Кешегі Кенесарының қарындасы Бопайдың ерлермен бірге өз елінің азаттығы үшін толарсақтан саз кешіп, жасанған жаумен арыстанша айқасуы не болмаса қазақ тарихында аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын қалай ұмытамыз? Мұның сыртында кешегі кеңес заманын­дағы Екінші дүниежүзілік соғыста шығыс­тың қос шынары атанған Мәншүк пен Әлияның да ерлігі әлі есте.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қоғамы әйелдер мәселесін жаңа заман талабына орай жаңаша қырынан көтере бастады. Нәтижесінде саяси, қоғамдық және экономикалық жағдайлардың ерек­шелігі ескеріле отырып, 1998 жылы Қазақ­стан Республикасы Президентінің жанынан кеңес беру органы - Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылғаны белгілі. Нарықтық экономикаға көшу көп­теген адамды тығырыққа тіреді. Әйелдер жүгі ауырлады. Отбасын асырау, бала-шағаға қамқорлық, үй шаруа­сы - осының бәрі ерлерге қарағанда әйелдердің мойнын­дағы жауапты іс. 2004 жылы еңбек­пен қамту қызметтерінде жұмысқа орналасу мәселе­лері бойынша келгендер­дің ішінен әрбір алтыншы әйелге ғана жұмыс берілген. Жо­ға­ры және орта арнайы білімі бар 45 жас­тағы және одан үлкен әйелдердің жұмыс­­қа орналасу мүмкіндігі мүлде аз. Қазіргі кезде жалданып жұмыс істейтін адамдар­дың денін әйелдер құрайды. Алайда олардың еңбек ақысы ерлердің табысының 61%-на ғана татиды. Қазіргі таңда әйел­дер денсаулық сақтау, білім беру және сау­да сияқты белгілі бір салада шоғырлан­ған.

Қазақ әйелі туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Өйткені әйел - біздің анамыз, әйел - біздің әпке, қарындасымыз. Әйел бізге тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрса­ғын кеңей­тіп, тас емшегін жібітіп» өмір сыйлады. Кешегі қазақ әйелі дәстүрлі мәдениеттің бесігінде тербеліп, қайнары­нан қанып ішкен. Қоғамдағы өз орнын жазбай танып, әйелдіктен даналыққа, отба­сы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін ел анасы деңгейіне көтеріле білген.

Дерек

Ресми дерек бойынша Қазақ­станда 100 ер адамға 108 әйел­ден келеді. Мемлекеттік қызмет­тегі орталық және жергі­лікті атқарушы орындарда жұ­мыс істейтіндердің 58 пайызы әйел­дер­ден тұрады. Парламент депу­таттарының 21-і, яғни 14 пайызы әйел. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда орта есеппен 17 пайызы депутат әйел бар. Үкіметте екі министр, бір агенттік төрайымы, министрліктерде төрт   жауапты хатшы және бес вице-министр, орталық атқару­шы органдарда төрт жауапты хатшы қызметінде әйел қауымы. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жыл­дарда билікте 3-4 пайыз ғана әйел болса, қазіргі күні 14 пайыз.

Автор: Динара Скабаева, тарих пәнінің мұғалімі

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 836
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 679
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 529
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 540