Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 2063 4 пікір 12 Мамыр, 2023 сағат 13:59

Қазақстан азаматтары Ресейден жұмыс іздеп жүр

2023 жыл басталғалы Ресейге жұмыс іздеп Қазақстаннан 35 мыңға жуық адам барса, Өзбекстаннан 630 859 адам барған. Бұл туралы «Ведомости» басылымы Ресейдің қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.  

Басылымның мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш айында Ресейге 1 300 000 еңбек мигранты барған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Сондай-ақ Орталық Азияның екі елі: Тәжікстаннан 349 357 адам және Қырғызстаннан 172 591 адам Ресейге жұмыс істеуге барған.

Бұдан бөлек, Армениядан 47 337 адам, Қазақстаннан 34 783 адам Ресейге нәпақа табуға барғаны айтылады, және бұл тек ресми ақпарат болып саналады.

Сонымен қатар, үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өскен. Бұл – 48 миллиард теңге.

Қазақстаннан ең көп ақша аудырымы, 54, 4  миллиард теңге, Түркияға жасалған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1551
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1178
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1173