Жұма, 3 Мамыр 2024
Саңлақ 2625 0 пікір 8 Мамыр, 2023 сағат 11:49

Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға жоғарылады

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті.

Елена Рыбакина 7-ден алтыншы сатыға жоғарылады. Бұған дейін Қазақстан теннисі тарихында жекелей сында ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес.

Юлия Путинцева 51-орнында қалса, Анна Данилина жұптық сында 26-сатыға қайта оралды.

WTA-ның 8 мамырдағы рейтингісі:

6 (+1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4195,

51 (0). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1016,

435 (-9). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 111,

496(+16). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 93,

574(-25). Анна Данилина (Қазақстан) – 66,

1146 (-32). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 9.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 688
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 483
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 421