Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3319 0 пікір 8 Мамыр, 2013 сағат 06:10

«Үнемдеу» керек екен...

Жыл басында білім және ғылым минмистрі Бақытжан Жұмағұлов «Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан бері, яғни 2,5 жыл ішінде  білім беруге жұмсалатан мемлекеттік қаржыландыру 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ  4,2%-на жетті» деп ағынан жарылып еді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 5-6%-ды ғана құрайтынын мысалға алып, біздің Қазақстанның да сол көрсеткішке жетіп қалғанын мақтанышпен әшкереледі. «2012 жылғы бюджеттік қаржыны игеру бөлінген қаржының 99,8%-ын құрады, бұл біздің ведомство жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішіндегі ең жақсы көрсеткіш», - деп сөзін аяқтаған болатын. Расында, еліміздің білім сапасы айтарлықтай көтеріліп жатқанын байқамасақ та, мемлекетіміз білім мен ғылымға айтарлықтай қомақты қаржы құйып жатқанына біз де таңдандық. Ал, министріміз Б.Жұмағұловтың бұл қуанышы ұзаққа бармайтын секілді. Соңғы кездері президентіміз Н.Назарбаев «Қаржыны үнемдеу керек» екенін айтып, дабыл қағып жатыр.

Жыл басында білім және ғылым минмистрі Бақытжан Жұмағұлов «Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан бері, яғни 2,5 жыл ішінде  білім беруге жұмсалатан мемлекеттік қаржыландыру 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ  4,2%-на жетті» деп ағынан жарылып еді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 5-6%-ды ғана құрайтынын мысалға алып, біздің Қазақстанның да сол көрсеткішке жетіп қалғанын мақтанышпен әшкереледі. «2012 жылғы бюджеттік қаржыны игеру бөлінген қаржының 99,8%-ын құрады, бұл біздің ведомство жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішіндегі ең жақсы көрсеткіш», - деп сөзін аяқтаған болатын. Расында, еліміздің білім сапасы айтарлықтай көтеріліп жатқанын байқамасақ та, мемлекетіміз білім мен ғылымға айтарлықтай қомақты қаржы құйып жатқанына біз де таңдандық. Ал, министріміз Б.Жұмағұловтың бұл қуанышы ұзаққа бармайтын секілді. Соңғы кездері президентіміз Н.Назарбаев «Қаржыны үнемдеу керек» екенін айтып, дабыл қағып жатыр.

Теледидардан Елбасымыздың «Қаржыны қысқарту керек», «Қаржыны үнемдеу керек» деген айқайын жиі еститін болдық. Мәселен, бірнеше апта бұрын Ақордада болған кеңесте «Назарбаев универистеті» БАҰ (білім берудің автономды ұйымы) атқарушы кеңесінің төрағасы Аслан Саринжиповтың баяндамасын кілт тоқтатқан-ды. Елбасымыз төрағаның «Бурабай» ғылыми білім беру-сауықтыру орталығы құрылысының бас жоспары әзірленді...» деген сөзіне қадалып,  «Назарбаев интеллектуалды мектептер бойынша атқарылып жатқан жұмысты асыра сілтеудің қажеті жоқ», - деп, Бурабайдағы білім беру мен сауықтыру орталығының құрылысына тыйым салды. Оны тоқтатудағы басты мәселе, қаржыны үнемдеп жұмсау болатын.  Ал, кейінірек Елбасымыз дәл сол Ақордада Ұлттық қорға қатысты жиын өткізеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол жиында Үкімет пен Ұлттық банк алдына «ұзақ-мерзімді перспективадағы еліміздің экономикалық саясатындағы Ұлттық қордың ары қарайғы орны мен рөліне қатысты нақты айқындалу» туралы міндет қойды. Ұлттық қордың қаражаттарын шетел банктерінде ұстай бермей, елдің өрлеуі үшін оны маңызды жобаларды несиелендіруге жұмсауды қарастыруды тапсырған Елбасымыз: «Бізге индустриялдық даму жобаларын жүзеге асыруға қажетті кредитті Ұлттық қордан қарызға алуға тура келеді. Мен осы ақшаларды батыстық банктерде ұстағаннан гөрі, осыны дұрыс санаймын! Келіңіздер, оны өз экономикамызға салайық» - дейді. Әрине, бұл үдерістердің барлығы да еліміздің қаржы жүйесінде жетіспеушіліктер мен шикіліктер барын, қазынамыздан бөлінетін қаражат дұрыс жұмсалмай жатқандығын білдіреді. Президентіміздің «қаржыны жұмсауда» сақтық танытып отырғаны да сол себепті.

Халықтың талап-тілегін қайдам, Президентіміздің айтқанын іліп әкететін Парламентіміз тез арада «келешек күндерге және болашақ ұрпаққа» арналған Ұлттық қордың қаржыларын қазір қолға алынатын стратегиялық жобаларға жұмсауды ұсынды. Бір қызығы, депутаттар жай ұсыныс айтумен шектелмей, нақты қимылға көшіп, оны заңдастыратын, Қазақстанның Бюджет кодексін өзгертетін бапты Мәжілісте «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасына енгізіп қойыпты. Оның Үкіметке жолданғанын, не жолданбағанын білмедік. Бірақ, депуттатарымыздың бұлай тез қарар қабылдап, іске белсене кіріскеніне риза болдық.

Ал, 4-мамыр күні өткен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте президентіміз Н.Назарбаев: «Әлемдік рецессия жағдайында бізде іске асыру көзделген ірі құрылыс нысандарына бөлінетін қаржыны қысқарту қажеттігі туындауы мүмкін. Бұл өте күрделі мәселе. Үкімет экономиканың өсуіне және халықты жұмыспен қамту деңгейіне қолдау көрсету жолдарына нақты талдау жасауы қажет. Барлық өңір, барлық министрлік осымен айналысуға тиіс» - дейді. Отырыс барысында өнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен қатар, осы бағдарламаның екінші бесжылдығына дайындық мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы жұмыс орындары санының мейлінше көбін қызмет көрсету, соның ішінде туризмді дамыту саласы қамтамасыз ететінін және бұл бағыттарға айрықша көңіл бөлінуге тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, елімізге қосымша инвестиция тарту тетіктерін пысықтау және ішкі қаржы көздерін жандандыру тапсырылды.

Мемлекетіміздің ақшаға мұншалықты пысықтық танытып жатқаны айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдары сыртқы қарызымызды есептемегеннің өзінде, әлемдік деңгейде айтарлықтай жиындар өткізіп, қазына қаржысын аямай шаштық. Мәселен, «Азиада» ойындарын, ЕҚЫҰ самитін т.б. шараларды ұйымдасытруда қыруар ақша жоғалттық. Азиада кезінде жол берілген бас-аяғы 9 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын заңбұзушылық анықталғаны белгілі. Ең таңғаларлығы сол, осыншама заңбұзушылық үшін 3-ақ қызметкер жауапкершілікке тартылды. Еліміздегі жемқорлықтың қаншалықты деңгейге жеткенін сол кезде анық білдік. Алайда, бұл жағдайды ескермей, елімізде бүкіл әлемдік EXPO-2017 көрмесін өткізейін деп жатырмыз. Алдын-ала бұл көрмеге мемлекет қазынасынан 1,5 млрд доллор бөлінгені мәлім. Бұл қаржының қаншалықты деңгейде игерілетінін ешкім кесіп айта алмайды. Президентіміз БАҚ-на берген бір сұхбатында: «Прагматизм мемлекетті үнемді басқару дегенді білдіреді. Мемлекет ақша тауып, оны ұқыпты жұмсауы керек. Егер, біз жаңа жабдықтар сатып алсақ, бізде болып жүргендей емес, ең арзанын және ең сапалысын алатындай етіп конкурс ұйымдастыру қажет. Бізде әр тиынға бақылау болуы керек. Әркім де осылай өмір сүруі тиіс. Сіздер дүкенге сауда жасауға келгенде, қалталарыңызда қанша бар екенін есте ұстайсыздар ғой. Неліктен мемлекет ойсыз жұмсауы тиіс? Бәрінде де есеп болуы керек. Прагматикалық көзқарас барлық жерде, экономикада және халықаралық қатынастарда талап етіледі. Біздің мүдделеріміз бар мемлекеттерде біздің ең күшті елшіліктеріміз болуы керек, сол жерде біз жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл ретте, айталық, мемлекет мүддесі көлік маршруттарында делік. Біз қандай инновациялар алсақ, назарды да сонда аудару қажет. Прагматизм - шаруашылықты ұқыпты жүргізу, халық ақшаларын үнемдеу, оларды адамдар игілігіне пайдалану дегенді білдіреді»,-деп түйін айтқан болатын. Содан бері елбасымыз мемлекетіміздің қазынасынан шыққан әрбір қаржыны бақылап жүргенін білім жүрміз. Алайда, сол прагматизмді енді іске асырып жатқаны өкінішті. Оны баста ойлану керек еді.

Еліміздің сыртқы қарызы 135 млрд АҚШ долларды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Бануі жыл басында мәлімдеп қойған еді. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 млрд АҚШ долларға артқанын көрсетеді. Мәселен, 2012 жылдың басында еліміздің қарызы 125,2 млрд АҚШ долларын құраса, сол жылдың қыркүйек айында 134,9 млрд АҚШ долларына бір-ақ жеткен. Сыртқы  қарызымыздың  шамадан  тыс  көбейіп,  ІЖӨ  70%-ын құрап отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, шын мәнінде, алаңдауға тұрарлық мәселе. Мәселен, өткен жылдың сәуір айында Испанияның мемлекеттік қарызы ІЖӨ-нің 68,5 пайызына жетті. Міне, осы кезде «Bloomberg» агенттігі «Бұл мемлекеттік кіріске және тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін, Испания өз қарыздарын өтей алмай қалады», - деп дабыл қаққан болатын. Осы ретте біздің билік ашық айтпағанымен, қаржыны үнемдеп, қарыздан құтылудың амалын жасап жатқан сияқты. Бір жағынан, қарызға батқан мемлекеттің келешегі кемелді болғанын тарихтан шаммен іздеп таппайсың.

Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, еліміздің бұл қарызынан құтылу ұзақ уақытқа созылады. Егер шикiзат көздері мен қазба байлықтарымыз шетелдiк инвесторларға сатылмай, өз қолымызда болғанда, мемлекет сыртқы қарызын он жыл iшiнде өтеп бере алады екен. Ал, шынында, Қазақстанның шикізат көздерінің 90%-ға жуығы шетелдік инвесторлардың қолында. Қазба байлықтарымыздың қызығын шетелдiк инвесторлар ғана көрiп отыр. Жалпы есептегенде,  еліміздің сыртқы қарызы 1999 жылы 7-8 миллиард доллардан басталып, 2003 жылы 15-16 миллиард долларға дейін өскен. Ал, 2010 жылы 111 миллиард доллар болса, қазіргі таңда 135 млрд АҚШ долларға жетті. Бұл мемлекет көлемінде «дабыл» қағу керек мәселе.

Үкіметтің ресми дерегінше, Ұлттық қордың активтері 2012 жыл ішінде 3 триллион 843,9 миллиард теңгеге толықтырылған. Бұл соманы АҚШ доллорымен есептесе аса үлкен қаражат емес. Нәтижесінде, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның «мұнай» қорында 10 триллион 446,5 миллиард теңге қордаланып отыр. Ұлттық қорға құйылған түсімдердің негізгі бөлігін, яғни 88,8%-ын мұнай секторынан алынған тікелей салықтар құрапты. Сондай-ақ, 383,7 миллиард теңге инвестициялық түсім түскен. Ал, бұл аталған түсіммен біз сыртқы қарызымызды ғасырлар бойы қайтара алмасымыз сөзсіз. «Ұлттық қор бүгінгі шығыстарға емес, болашаққа бағдарланған. Сол себепті де, ол толығымен «келер ұрпақ қоры» саналады. Демек, Үкіметтің және осы қор қаржысын басқаратын Ұлттық банктің негізгі міндеті - осы қорды сақтау» - деген болатын қаржы министрі Болат Жәмішев.  Ал, осыған дейін мемлекет дүние жүзіне таныламыз деп, атақ шығарамыз деп «келер ұрпақ қорын» қалағанынша істетіп келді. Ендеше, президентіміздің айқайлап жүргеніндей мемлекет қаржысын, шыныда, «үнемдеу» қажет. Прагматизм - тек шенеуніктерге ғана емес, қалың бұхара - халыққа да қатысты. Судың да сұрауы бары секілді, мемлекет жұмсаған әрбір қаржыны, яғни «келер ұрпақ қорының» қайда жұмсалып жатқанын халық болып талап етейік!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1036
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 912
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 681
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 766