Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2807 0 пікір 2 Мамыр, 2013 сағат 12:17

Ахметжан ЕСІМОВ, Алматы қаласының әкімі: АЛМАТЫ «АЛМА-АТА»-ҒА АУЫСТЫРЫЛМАЙДЫ

31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметінің 24 сәуірдегі кешкі шығарылымында, арна тілшілері Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке «Алматы» атауын «Алма-Атаға» қашан ауыстыруды көздеп отырсыздар?» деген сауал тастады.
Тілшілердің қазақша қойған сауалына жүре жауап қатқан әкімнің жауабы орысша болды. Дегенмен қазақ оқырмандары мен тыңдаушылары үшін жағымды жаңалық деу­ге болады.

Ахметжан Есімов мырза арна тілшілеріне «Қазір ауыстыру туралы жоспарымыз жоқ» деді, «Ал, қашанға жоспарлап отырсыздар?» деген сауалға: «Мүмкін, мүлдем ауыстырмайтын шығармыз!» деп кесіп жауап берді.
Алайда осы мәселенің бастамашысы болған Сейітқазы Матаев мырза Алматы атауын «Алма-Атаға» ауыстыруды қолдайтындардың күзде арнайы тобы құрылып, қол жинау басталатынын айтады. Бұл ретте Матаев мырза Алматы атауын қазақ тілінде қалдыра беріп, орыс тілінде «Алма-Ата» деп жазуға, ал ағылшынша - «Almaty» деп белгілеуге үндеп отыр. Бір қаланың атауын бір мемлекеттің ішінде осылай әртүрлі жазу тек біздің тәжірибеде ғана шығар.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова оңтүстік астананың атауына байланысты үкіметтік құжаттардың мұрағатын қайта көтеру қажет деген мәлімдеме жасады. Ол Алматы атауының - Алма-Ата болуын жақтайтынын айта отырып, Сейітқазы Матаевқа Үкіметке арнайы хат жолдауға кеңес береді.

Саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстан Журналистер одағының төрағасының осы мәлімдемесіне қарсылық ретінде, әрбір журналистің аталған ұйымнан шығуына және Матаевты бұл одақтың басшылығынан кетіруге үндеді. «Қазақ және орыстілді бұқаралық ақпарат құралдарын екіге жарып, арасына от салып, оны өз қолымен көсеп отырған бас журналист, одақтың төрағасы атануға лайықты емес. Бастамашыл болса, қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» бас редакторы Мұхамеджан Сералинге қаламыздың ортасынан ойып тұрып көше атауын алып бермей ме?» деген ол «Алматы» арнасына берген сұхбатында.
Осы ретте бір апта бойы әлеуметтік желілерде талқыланған бұл мәселе жайындағы халықтың, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың пікірін оқырман назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Мұхтар Тайжан, саясаттанушы: - Секе, мен сізді құрметтеймін. Бірақ бұл қалада сіз ғана тұрмайсыз. Алма-Ата атауының сізге эмоционалды тұрғыдан жақын болуы - нақты аргумент емес. Мен осында тудым, өстім. Алайда маған қаланың мың жылдан бергі атауы - Алматы жақын. Мен қазақтардың басым көпшілігінің - қазақы мыңжылдық атау Алматыны қолдайтынына сенемін. Бұл - аргумент.
Азамат Ғалеев, фейсбук қолданушысы:
- Журналистер одағының сыйлығын алу дәмесі жақсы ғой, бірақ бүгінгі Матаевтың «Алма-Атасы» - нағыз құлдық сана баро­метрі. Еще ел боламыз дейміз?! Казбек Бейсебаев, саясаттанушы: - Мен өз басым ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Бізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Сол себепті де барлық құжаттарда және ресми атауларда - Алматы деп жазылуы тиіс.
Мұрат Бөтеев, «Қазақ энциклопедиясы» бейнелі порталының жетекшісі: - Тамыр басу әдісі немесе қазақтың санасын тексеру. Біздің «іштен шыққан» қара-орыстар ертең АЛМАТЫНЫ - «Алма-Ата» деп өзгертсе, бүрсігүні ҚАЗАҚСТАНДЫ - «ЧЕРНОРУССИЯ» деп атайық та, біртұтас халқымыз бір тілде сөйлейтін «чернорус» деген ұлт болайық деуден тайынбас... Біздің қараорыстардың «қожайындары» осы пенделердің қолымен от көсеп, ара-кідік қазақ ұлтының санасы оянды ма, жоқ па, соны тексеріп тұрады. Егер мұндай ұсыныстардан соң, қазақтар тарапынан жаппай табанды-жүйелі қарсылық болмаса, бұдан да сорақы жобаларын қорықпай іске асыруға көшеді... Ғалия Ыбыраева, профессор:
- Алматыға қазір құлақ үйренді. Алма-Ата біздің ұрпақ үшін - романтика мен жастықтың әлемі болғанымен, барлығы өзгереді, өмірдің ағысы өзгеше тыныс алады. Мен өз басым - Алматыны қолдаймын.
Досан Қаумен, фейсбук қолданушы: - Бұл мәселенің оқтын-оқтын көтеріле беруі бекер емес. Ол функцияны әр кезеңдерде әр қандай тұлғалар алып жүр. Мәселен, кезінде Сейдуманов, енді С. Матаев. Алматының «Алма-Ата» болуын көксеп жүрген, соны қалайтын топтың тірлігі. Қоғамдық пікірді әбден тексеріп, қоғамның құлағын әбден үйрете келіп, «Алма-Ата» атауын өткізіп жіберуді көздейтін болуы керек. Өйтпей тынар емес. «Алма-Ата - моя первая любовь» деп олардың қышыған жері қасыла түседі жыл сайын. Жеке өз басым «Алма-Ата» десем жағым ауыратын сияқты... Татьяна Трубачева, фейсбук қолданушы: - Алматаевщина іске кірісті. Менің депутаттарға қатты таңым бар. Кез келген заңдық базаға ену соншалықты қиын ба? Тым болмағанда, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңды ақтарса да жетіп жатқан жоқ па? Қала ата­уын ешкім заңдастырмады деген не сөз? Ол ақымақтықты ары қарай таратудың қаншалықты қажеті бар?! Александр Ляхов, саясаттанушы - Кезінде жалғыз Алматы атауын қалдыру арқылы - неше түрлі дау-дамайларға және қаржылық шығындарға жол берілді. Алайда бұрынғы екі тілдегі атауға (Алма-Ата және Алматы) қайта оралу - екі есе ақымақтық деп білем.

Есенгүл Кәпқызы

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 811
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 640
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 508
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 520