Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Не дейді?! 1734 5 пікір 26 Сәуір, 2023 сағат 13:16

Сайлау: Байден мен Трамп арасындағы реванш

АҚШ президенті Джо Байден тағы сайлауға түспек. Қазір Байденнің көмекшілері Ақ үйдің басшысының жетістіктері туралы бейнеролик дайындап, қызу дайындыққа кіріскен.

АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылы өтеді.

Дегенмен, Байденнің тағында қалуы екіталай. NBC News соңғы сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың тек 26 пайызы ғана Байден тағы төрт жыл президент болып қалуы керек деп санайды. Ал қалған 70 пайызы оның кандидатурасына үзілді-кесілді қарсы. Байденді 2024 жылдан кейін Ақ үйден қайта көргісі келмейтіндердің жартысына жуығы оның кәрілігін басты себеп деп көрсетіпті.

Байден осы президенттік мерзімінің аяғында 86 жасқа толады. Бірақ Байден күнделікті жұмысында әлі де белсенді. Жапония мен Австралиядағы таяуда болатын саммиттерге қатыспақ, шілдеде Литвада өтетін НАТО саммитіне қатысуды жоспарлар отыр. Өткен сенбіде Суданға 100 арнайы жасақ жіберуге бұйрық берді, олар АҚШ елшілігінің қызметкерлерін эвакуациялады.

«Байден Американы Трамптан құтқарған президент», - дейді демократ сенатор Эми Клобушар. Оның айтуынша, қазіргі президент Дональд Трампқа қарама-қайшы тұлға. Адамдар енді Трамптың хаосын қаламайды.

Бір қызығы, Америкада президент сайлауына байланысты шу осы екі адамның айналасында болып жатыр. Ал сайлаушылардың көпшілігі екеуінің де Американы басқарғанын қаламайды.

Yahoo News/YouGov сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 38 пайызы Байден мен Трамп арасындағы реванш идеясы «терең депрессияға түсіретінін» айтқан. 29 пайызы «қорқыныш тудырады» десе, 23 пайызы «қайғыға салады әрі қорқытады» деп жауап берген.

The Hill басылымының пікірінше, бұл Байден мен Трамп арасындағы жекпе-жектің қайталануы 2024 жылдың күзіндегі «болуы мүмкін сценарийлердің ішіндегі ең шынайысы». Трамп республикашылдар арасында айқын фаворит болып табылады. Ол осы сайлауда қарсылас болуы мүмкін Флорида штатының губернаторы Рон Де Сантистен 14 пайызға озып кетті.

Бірақ Байден мен Гарвард пен Йель университетінің түлегі, Конгресс Өкілдер палатасының мүшесі, Арнайы кеңеске жіберілген жауынгерлік офицер 45 жастағы ДеСантис арасындағы жекпе-жекті елестетіп көріңізші. Де Сантис 2007 жылы Калифорниядағы операциялық командалық топта болған, содан кейін АҚШ-тың SEAL арнайы күштерінің таңдаулы тобына кеңесші ретінде Иракқа барып келген.

Кейін ол бірнеше жыл бойына Флориданың ең табысты губернаторы болды, штат мэрін сайлау кезінде қарсыласынан 19 пайызға көп дауыс жинады.

Ал енді президент сайлауында адамдардың басым бөлігі кімге көбірек дауыс береді деп ойлайсыз?

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1769
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1390