Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4243 0 пікір 23 Сәуір, 2013 сағат 10:30

Қызылмияны «Қызыл кітапқа» енгізбей тыныштық жоқ

Тал-дарақты кестік, қыр мен тауды тестік. Егісті шаптық, сек­се­уіл біткенді саттық. Құстарды аттық, сөйтіп, пайдаға баттық. Құн­­ды отынды құрттық, аңдарды шекарадан асырып тықтық. Ен­ді, мі­не, дәрілік шөптің тамырына шықтық. Сатпағанымыз қал­мады. Ақбөкеннің мүйізін алады екен дедік. Қыруар ақшаға. Та­биғатқа зиян келеді дегенді ойламағандар қынадай қырып бер­ді деңіз. Тек мүйізін ғана алатын болғандықтан атқанын атып, сатқанын сатып, мүйізін ғана кесіп әкеткендер де болды. Нә­ти­же­сінде теңкиіп-теңкиіп тау болып үйілген өлекселері қал­ды. Бү­гінде ақбөкеннің санаулы ғана үрім-бұтағы қалды әу­пі­рім­деп. Одан қара темір қабылдайды екен қытай десті. Ал­ды­мен мыстан бастап, артынан қара темірімізге дейін Қытай асырып тындық. Енді қытайлықтар қызылмия деген дәрілік шөптің та­мырын сатып алады екен дегенді естіп дала кезіп кеткендер көп. Тіпті жұмысшы жалдап, жердің астын үстіне келтіріп қопарып, тонналап өткізіп жатқандар баршылық.  Қазып, құртқан оңай, әрине. Ал тамырымен жұлынған соң оның орнына келмесі кәдік.

Тал-дарақты кестік, қыр мен тауды тестік. Егісті шаптық, сек­се­уіл біткенді саттық. Құстарды аттық, сөйтіп, пайдаға баттық. Құн­­ды отынды құрттық, аңдарды шекарадан асырып тықтық. Ен­ді, мі­не, дәрілік шөптің тамырына шықтық. Сатпағанымыз қал­мады. Ақбөкеннің мүйізін алады екен дедік. Қыруар ақшаға. Та­биғатқа зиян келеді дегенді ойламағандар қынадай қырып бер­ді деңіз. Тек мүйізін ғана алатын болғандықтан атқанын атып, сатқанын сатып, мүйізін ғана кесіп әкеткендер де болды. Нә­ти­же­сінде теңкиіп-теңкиіп тау болып үйілген өлекселері қал­ды. Бү­гінде ақбөкеннің санаулы ғана үрім-бұтағы қалды әу­пі­рім­деп. Одан қара темір қабылдайды екен қытай десті. Ал­ды­мен мыстан бастап, артынан қара темірімізге дейін Қытай асырып тындық. Енді қытайлықтар қызылмия деген дәрілік шөптің та­мырын сатып алады екен дегенді естіп дала кезіп кеткендер көп. Тіпті жұмысшы жалдап, жердің астын үстіне келтіріп қопарып, тонналап өткізіп жатқандар баршылық.  Қазып, құртқан оңай, әрине. Ал тамырымен жұлынған соң оның орнына келмесі кәдік.

Биологиялық тұрғыдан алып қа­ра­ғанда, ол өсімдіктің қайта өсіп шығуы үшін жүздеген жыл қажет болуы да мүм­кін. Қолмен қазбай-ақ, алып трак­торлармен жердің астын үстіне келтіріп қо­парып жатыр. Яғни тамырынан түк қал­маған соң ол қайта өсіп шық­пай­ты­ны айқын. Шекарадан шелектеп емес, тонналап өткізіп жатқан дәрілік шөпке де­ген қызығушылық оны тамырымен құртуға құмбылдардың көбеюіне әкеп соқтырып отыр. Тіпті осы шөп өсетін ай­мақта қос тігіп, қожайын болып, із­деуі жоқ, сұрауы жоқ болған соң бей­марал жинап жатыр. Әрине, сұраныс жо­ғары. Сатып алушы болмаса, дала кезіп, үйден безіп кеткендер болмасы анық. Демек, мұнда сатушы, сатып алу­шы­лық жүйе жақсы жолға қойылған де­ген сөз. Дала шөбінің тамырына аң­сардың аууы тектен-текке емес. Қы­зыл­мия ең алдымен иммунитетті көтеруге ар­налған дәрілерге таптырмайтын қоспа болады екен. Оның тамыры ағ­за­ға өте қажетті дәрумендерге толы. Ба­ғасы да аспанға атылып тұр. Тон­на­сын қос басынан 450-500 мың теңгеге са­тып алып кететін көрінеді. Далада жайқалып өсіп тұрған шөптің тамырын жинау қиынға соқпасы анық.

Әрі тегін дүниені жарты миллионға бағалап тұрса, әрі шетелдік аларманға төте жол тапқан пысықайлардың амалына қай­ран қалмасқа шара жоқ. Әсіресе бұл өсім­дік Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда об­лысында көптеп өседі. Сондықтан да қа­зір осы екі аймақта тамыр жинау қар­қын­ды түрде жүргізіліп жатыр. Тіпті Шым­кент­тен жұмысшы жинап алып кетіп жат­қан­дар да бар. Түркістан маңында да жұ­мыс қызу. Тоғай іші толы қос. Жалдаған жұ­мысшыларға айына 70-80 мың теңге тө­ленеді екен. Бұл айлық жалақысы мар­дымсыз аймақ үшін үлкен жалақы болып есептеледі. Сондықтан да шөптің тамырын жината ма, шап дей ме - бәрібір. Былайғы жұрт екі қолға бір күрек табылғанына мәз. Қоршаған ортаға зиян келе ме, келмей ме - онда шаруасы жоқ. Бір жұмысшыға осын­­ша жалақы төлесе, демек, арғы жақ­қа өткізгенде шеке майы шылқитыны анық пы­сықайлардың. Табиғаттың тегін бай­лы­ғын құртып жатқандарға қарсы майдан ашып отырған - әзірге тек ауыл тұрғындары ға­на. Жергілікті билік, Қоршаған ортаны қор­ғау министрлігіне қарасты жергілікті өкі­летті органдар, кеден қызметкерлері қай­да қарап отырғаны белгісіз. Дәрілік шөп «Қызыл кітапқа» енбегендіктен, ол үшін қандай да бір жауапкершілікке тар­тыл­майтынын білгендіктен, айылын жи­май отыр­ғаны бек мүмкін. Дегенмен дала шө­­біне де бір сұраудың болуы керек қой. Әл­­де жауапты органдардың көзжұм­бай­лық­қа са­лынуы «сыбайлас қамқорлықтың» ар­­қа­сы ма екен?! Кім білген? Қалай бол­ған­да да еліміздегі өсіп тұрған көк шөп тү­гіл, тас­қа да, басқаға да жанашырлық бо­луы ке­рек емес пе? Еш жерде тіркелмей-ақ, са­­лық төлемей ақ. Яғни заңсыз кәсіппен ай­­­налысып жүргендерді жауапқа тарту да қиын. Жұмысшылардың қолында бірде-бір құжат жоқ. Ал жұмыс беруші бөтен бі­реу­дің төбесі көрінгеннен табанын жал­ты­ратып үлгереді. Ал жұмысшылар ешқандай сұ­раққа жауап бермейді. Бар айтар уәж­де­рі «бастық біледімен» құтылады. Ол қан­дай бастық, қайдан келген, оған да жа­уап дайын: иығын қиқаңдатады. Осы істің ба­­сы-қасында жүргендер ұстала қалған жағ­­дайда жеңіл әкімшілік жазаға тар­ты­лып, тірлігін тірілтіп, ескі сорабымен жор­та береді. Әзірге дәрілік шөп әлі де бол­са бар, оның тамырынан мүлдем айы­ры­лып қал­маудың жолы - қызылмияны «Қызыл кітапқа» енгізу.

Ердос НАЙМАНБАЕВ, ОҚО мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі:

- Осы іске байланысты сұрау салған болатынбыз. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы бойынша мемлекеттік мекемемен не болмаса жеке кәсіпкермен мияның та­мырын жинау ісі бойынша келісім жа­салмаған. Демек, олар заңсыз жұмыс істеп жатыр.

Қызылмия - қып-қызыл ақша

Қызылмия еліміздің далалы және шөл­ді аймақтарында, Жайық, Шу, Іле, Сыр­дария өзенінің жағаларында өсетіні бел­гі­лі. Дүниежүзілік және отандық фар­­­макологиялық тізімге енгізілген. Та­мы­рын­да глюкоза - 15,2 пайыз, фруктоза - 4 па­йыз, сахароза - 20,3 пайыз, мальтоза - 0,6 пайыз, крахмал 34 пайыз бар. Одан бөлек, органикалық қышқыл, эфир майы, гли­цирризин қышқылы, фенолкарбан қыш­қылдары, кумарин, флавоноид, тері иле­гіш заттар, жоғарғы алифатты кө­мір­сутектер және спирт бар. Медицинада қы­зыл­мия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында қы­зыл­мия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артеросклерозға қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасауға қолданады. Кос­ме­то­логиялық заттарға да көп қосады. Де­мек, бір ғана шөптің тамырынан осыншама пай­далы зат болса, оны тегіннен-тегін жи­нап жатпағаны анық. Оны шетелге асыруға тос­қауыл қойып, неге өзіміздегі фар­мако­ло­­гиялық зауыттарда жаңа өнім жасап шы­ғармасқа? Мұндай жобалар баршылық. Бі­рақ әзірге қағазда ғана. Ордабасы ау­данында қызылмия дәрілік өсімдігін өсіру ин­вестициялық жоба ретінде қолға алын­ған болатын былтыр. Алайда іс аяқсыз қа­лып кеткендей. Ал Қызылорда облы­сын­дағы Жалағаш ауданында да осы дәрілік шөп­ке қатысты iрi инвестициялық жоба бас­тау алған-тын. Мұнда да қызылмия өсiм­­­дiгiн өңдеп, экспортқа қабiлеттi дәрi-дәр­­мек, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне қа­жеттi шикiзаттар дайындап шығаратын iрi за­уыт салу жөніндегі жоба болатын. Зауыт са­лынған жағдайда жоғары қуаттылығы 1000 тонна мия тамырының экстраты, 100 тон­­на глициризинат моноамония өн­дi­рілмек. «БИС-Групп» ЖШС-нiң өкiлi Дiл­да­хан Ах­метов: «Экономикасы мықты дамыған ел­дер­де қызылмия тамырынан қымбат дәрі-дәр­мектер жасап шығарады. Нарықтағы ба­ғасы тұрақты. Әрі сұранысы да жоғары», - де­ген болатын. Әрине, жоба қағаз жүзінде қа­лып кетпей жүзеге асса, қанеки. Ше­тел­діктердің көзін қыздырған қызылмияны шекарадан асыра бермей, өзіміз өңдеп, дәрі жасап шығарсақ, қып-қызыл ақша қазына қоржынын толтыраты­ны анық.

Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Жамбыл облысы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1489
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1344
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1093
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1136