Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2654 0 пікір 18 Сәуір, 2013 сағат 07:31

Ас үйде әзiрленген бомба АҚШ-ты әбiгерге салды

Он бiр жарым жыл бойы мүлгiген тыныштықта өмiр сүрген АҚШ-тың шырқы бұзылды. Патриот күнiне орай Бостон қаласында ұйымдастырылған марафон кезiнде болған екi жарылыстан 3 адам қаза тауып, кемiнде 176 адам жараланды. Арада бiр сағат өткенде Джон Кеннеди атындағы кiтапханада тағы бiр жарылыс жасалды. Абырой болғанда жазым болғандар жоқ. Лаңкестiктi зерттеуге тайлы-тұяғымен жұмылдырылған АҚШ-тың арнайы қызмет органдары терактiнi кiм ұйымдастырғанын әлi күнге дейiн анықтай алмай отыр.

2001 жылғы 11 қыркүйектен берi АҚШ бұлай дүрлiк­пеген. Сарапшылар Бостондағы лаңкестiктi ФБР-дың арқаны кеңге салып, босаңсып кетуiнен көредi. Әйтпегенде қуаты онша күштi емес мұндай жарылыстың алдын алу арнайы қызметке түкке тұрмайды. Бұл жарылғыштың ас үйде әзiрленiп, жеделпiсiргiш қазанға салынғанын ФБР-дың арнайы агентi Ричард ДеЛорье айт­ты. Арнайы қызмет өкiлдерi мұндай жарылғышты жасау үшiн лаңкес әрi кетсе 100 доллар шығындаған дейдi.

Қаза тапқандардың арасында сегiз жастағы бүлдiр­шiн бар. Артынша көз жұм­ған­дардың бiрi Қытай азаматшасы екенi анықталды. Жараланған 17 адамның халi мүшкiл. АҚШ президентi Барак Обама 20 сәуiрге дейiн аза тұту күнiн жариялады.

АҚШ президентi халқына арнаған сөзiнде бұл оқиғаны лаңкестiк әрекет деп атады. "Мұны кiм және не үшiн жасағаны әлi де белгiсiз. Сондықтан, қолымызға нақты деректер түспей, қорытынды жасауға болмайды. Бұны ұйымдастырған топтар немесе жеке адамдар мiндеттi түрде жазасын тартады", - дедi Обама.

Жарылыс орнының әр миллиметрiн зерттеуге кiрiс­кен ФБР әзiрге шеге мен мойынтiрек қалдықтарын тапты. Бұлар бомбаның iшi­нен шықса керек. Бұдан бөлек қара нейлон сөмке қалдықтары табылған. Кемiн­де бiр бомба осы сөмкеге салынған деген болжам бар.

Арнайы қызмет органдарының "жарылғыш зат жеделпiсiргiш қазанға салынған" деген мәлiмдемесiнiң астарында "лаңкестiкке дiни радикалдардың қатысы болуы мүмкiн" деген емеурiн бар тәрiздi. Себебi әл-Каиданың "Өз шешеңнiң ас үйiнде бомба жасау" атты нұсқаулығында жеделпiсiргiш қазан бомбасын әзiр­леу ең тиiмдi және арзан әдiс ретiнде көрсетiлген.

2010 жылдың мамырында Таймс-Сквердi жарып жi­бер­мекке әрекеттенген пә­кiс­тандық Файзал Шэхзэд осы әдiстi қолданған. 2006 жылы Үндiстанда пойызды жарып жiберген лаңкестер де бомбасын осындай ыдысқа салған. Таяу Шығыс, Оңтүстiк Азия мен Сол­түстiк Африкада террорлық ша­буыл­дарда радикалдар дәл осы тәсiлге жүгiнген.

New York Post басылымының жазуынша, лаңкес жарылғыш затты 6 литрлiк жеделқайнатқыш қазанға салып, оны қара нейлон сөм­ке­мен қаптаған. Ал Washing­ton Post газетi құны небәрi 100 долларлық бомба қарапайым заттардан жасалғанын жазыпты. "Дүкеннен алын­ған кәдiмгi жеделпiсiргiш қазанға жарылғыш зат пен детонатор салған. Бомба неғұрлым көп адамды жаралау үшiн шеге, металл шариктермен қосымша жарақтандырылған".

ФБР-дың арнайы агентi Ричард ДесЛориес лаңкестi жетi қат жердiң түбiнен iздеп табамыз деп ант-су iштi. "Бiз бұ­ған жауаптыларды тауып, сотқа тарту үшiн барымызды саламыз", - дейдi ол.

Ал Джорджтаун универ­си­тетiнiң терроризм жөнiн­дегi сарапшысы Брюс Хоффман New York Times-қа берген сұхбатында бұл жеке адамның iсi болуы мүмкiн деген болжамды алға тартыпты. "Мұны жеке тұлға iске асырса, бұл оны анықтауды қиындатып жiбередi. Ал лаңкестер болса, бұл - кәдуiлгi нәрсе. Себебi бұлар бiр-бiрiмен сөйлесiп, астыртын сөз байласады".

Дегенмен билiк бұған халықаралық лаңкестiк топтардың, оның iшiнде әл-Каиданың қатысын да қарастырып жатыр. Бомба қарапайым әдiспен жасал­ғанымен, бұл нағыз лаңкестi табуды же­ңiл­дет­пейтiн көрiнедi. "Жарылғыш зат қарапайым заттардан жасалғандықтан, бұл лаңкестi анықтауды онан әрмен қиындатып жiбердi. Бұл халықаралық лаңкес, отандық экстремист немесе өмiрге көңiлi толмайтын жергiлiктi тұрғын болуы мүмкiн", - дейдi аты-жөнiн жасырған сарапшы Washin­g­ton Post басылымына берген сұхбатында.

Демек, бұл бомба жасау­мен айналысып жүрген әуесқой немесе iзiн жасырғысы келген кәсiби лаңкестiң тiр­лi­гi болуы ықтимал. АҚШ билiгi әзiрге бұл болжамдардың бiрде-бiрiн жоққа шығармай, мұқият тексерудi талап еттi.

Алайда лаңкестiк ұйымдардың еш­қайсысы жауап­кер­шi­лiктi мойнына алған жоқ. Алу былай тұрсын, тә­лiптер бұған өздерiнiң қатысы жоқ екенiн айтып, ат-тонын ала қашты.

Жарылыс қуаты онша қатты болмағанына қарағанда, лаңкес неғұрлым көп адамды құрбан етудi емес, үрей мен қорқыныш туғызуды көздегендей. Ал бұл кiмге керек? Бұған дейiн пiкiр бiлдiрген сарапшылар бiрнеше болжам ұсынды. Бiрi - АҚШ-ты өзiнiң бiтiспес жауы санап, өш алуға ұмтылған халықаралық лаңкестiк ұйымдар. Екiншiсi - Норвегиядағы Брейвик тә­рiздi өз iшiнен шыққан жау. Соңғысы - мұны АҚШ-тың арнайы қызметi өзi iске асырды.

Алдыңғы екi нұсқаның мән-мағынасы түсiнiктi. Ал АҚШ-қа өз азаматтарын қырудың нендей қажетi бар деген сұрақ туады. Бұған АҚШ-тың мемле­кеттiк департаментiнiң саяси жоспарлау жөнiн­дегi бастығы Ричард Хаас­стың мынандай сөзiмен жауап беруге болады: "Өз аумағында террор­измдi (бұған экстремизм, жемқорлық, мұнай блоктарының қауiпсiздiгi, т.б. жатқызуға болады) бақылай алмай, уысынан шығарып алған жекелеген мем­лекет өз тәуелсiз­дiгiнiң басымдықтарынан, оның iшiнде өзге мемле­кет­тердiң оны жайына қалдыру құқығынан айырылады. Өзге үкiметтер, оның iшiнде АҚШ та осы елге араласу құқығына ие болады".

Мiне, дәл осыны негiз­ге алған АҚШ пен Ұлыбритания 2003 жылы Ирак­қа басып кiрiп, Саддам Хуссейндi тақтан тайдырып, дарға асты. Егер осы лаңкестiк сыртқы күштерге жала жауып, саяси мақсаттарға жету үшiн жасалса, АҚШ-тың бұл жолғы құрбаны кiм болмақ?

(Мақала АҚШ басылымдарынан алынған ақпарат негiзiнде дайындалды).

Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2441
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2027
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587