Сенбі, 4 Мамыр 2024
1787 2 пікір 28 Ақпан, 2023 сағат 15:17

Болгарияда Украинаға снаряд беру үшін ескі зауыт іске қосылмақ

Болгария Украинаға снарядтар жеткізіп тұру үшін 35 жылдан бері жұмыс істемей тоқтап тұрған зауытын қайтадан іске қосатын болады, деп жазады Halyq-uni.

Костенц қаласында орналасқан «Терем» зауыты 1988 жылы әлемде қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін өз өндірісін тоқтатқан еді. Енді Болгария Украинаға соғысқа қажетті снарядтарды дер кезінде молынан жеткізіп беріп тұру үшін сол зауытты қайта іске қосуға мүдделі болып отыр.

«Терем» зауытында кезінде, 1989 жылы соңғы снаряд шыққанша 122 миллиметрлік оқ-дәрілер дайындалып тұрған екен.

The New York Times газетінің хабарлауынша, Костенц қаласы тұрғындары бұл жаңалықты жақсы қабылдаған. Мұның өзі, біріншіден, онсыз да тұрмыстары ауыр болгар жұртының қосымша жұмыс орнын табуларына жол ашса, екіншіден, Украина армиясының тезірек басқыншы жауды ел территориясынан қуып шығуына жәрдемдеседі.

Сонымен бір мезгілде Сопот қаласындағы снарядтар өндіретін зауыт украин армиясының мұқтаждықтарын өтеу үшін алты күндік жұмыс кестесіне көшіп кетті.

Болгария Үкіметі өткен жылдың желтоқсан айында Украинаға атыс қарулары мен оқ-дәрілердің бірқатар түрлерін жеткізіп тұруға ниетті екендерін мәлімдеген болатын.

Сол аралықта республикашыл Майкл Маккол АҚШ Конгресінде Киевке алысқа атылатын снарядтар беруді бастау жөніндегі пейілдің күн сайын осы тарапқа қарай бұрылып келе жатқанын, бұл күннің тым алыста емес екенін айтты.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1198
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1090
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 828
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 962