Сенбі, 4 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 2759 4 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 13:08

«Сиырды құшақтау күні»

Тәуелсіздік алған соң жыныс азаттығы қатарлы Батыстың мәдени экспанциясына тап болған біз сияқты емес, үнді елінің ұзақ жылдар бойы ағылшындардың бодауында болғаны белгілі. Жыл сайын ақпанның он төртінде тойланатын ғашықтар күні, анығында, «Әулие Валентин күні» бізді ғана емес, халық саны миллиардтан асқан Үндістан билігін де алаңдатып отыр екен.

Батыстан келген бұл мерекенің ықпалын азайтып, орынын ұлттық құндылықтарға ауыстыру үшін Үндістанның «Хайуанаттарды қорғау ұйымы» ақпанның 6-күні «Ғашықтар күнін» «Сиырмен құшақтасу күні» етіп өзгерту туралы қаулы шығарыпты.

Үнділіктердің сиырды пір тұтатыны, киелі санайтыны, байлық пен бақыттың нышаны санайтыны белгілі. Біз сияқты «жерді көтеріп тұрған көк өгіздің мүйізі талып, екіншісіне ауыстырғанда жер сілкінеді» деп емес, «Сиырдың қаны көп ақса жер сілкінеді» деп сенеді екен. Өкінішке орай «Әулие валентин» күніне деген көптің ықыласын – киелі пірлеріне деген сүйіспеншілікке ауыстыруға талпынған аталмыш ұйымның бастамасы қолдау таппапты.

Саясаттанушылары оны «дін мен саясатты жақындатудың тағы бір көрінісі» деп бағаласа, әлеуметтік желі пайдаланушылары сиырдың құшақтауға көнбей, үй айнала қашқан бейне жазбаларды салып, «Сиыр құшақтағанды емес, сипағанды да білмейді екен», «Сиырдың рұқсатын алу қиынның қиыны екен» деп сан-саққа жүгіртіпті.

«Әулие Валентин» күнін өзгертуге талпынған үнді тарабының талпынысы солшылдық идеяны жымсыма жолмен тықпалап отырған Батыстың алпауыт ақпарат құралдарының назарын аударыпты. Ғашықтар күнімен күресудің жаңа үлгісін ойлап тапқан аталмыш ұйым қарша бораған ақпараттық шабуылға қарсы тұра алмай, амалсыздан, шешімдерін өзгертуге мәжбүр болып, 10-ақпан күні аталмыш қаулының күшін жойыпты.

Үнділердің мемлекет атасы Гандиден тартып, қазіргі басшысы Моди де сиырға табынатын, ескі нанымның адамы екен. Саяси баяндамаларын алдымен зеңгі баба тұқымына мадақ айтудан бастайды екен. Үнді билігінің жастарға Батыстың ғашықтар күнін тойлатпай, үлттық құндылықтарды жаңғырту әрекетінің нәтижесіз аяқталуы –интернет, әлеуметтік желінің адамдардың санасына, танымына қаншалық әсер етіп жатқанын, жастарды дәстүрлі құндылықтан айырып мүлде басқа жолға түсіріп жатқанын көрсетеді.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 999
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 866
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 729