Бейсенбі, 30 Мамыр 2024
Бұ не мазақ? 3822 32 пікір 11 Ақпан, 2023 сағат 13:01

Масқара: Орал әуежайын Ресей сатып алды

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайды Ресейлік олигархқа қатысы бар компания сатып алды. Әуежайдың бұрынғы иесі - «Bek Air»  әуекомпаниясының лицензиясынан айырылған «Беркут аэропорт» ЖШС болатын. 

Енді әуежайдың құрылтайшысы «Орал аэропорт холдинг» ЖШС болды. Бұл компанияның үш иесі бар. Соның біреуі - Ресейлік миллиардер Виктор Вексельбергпен байланысты Екатеринбургте тіркелген «Ретранс» АҚ.

2021 жылдың қорытындысы бойынша компания 2,1 миллион рубль шығынға батқан, штатында тек бір жұмысшысы бар. Сондай-ақ, бұл компания жекешелендіру аукционында 1 миллиард рубльге Магнитогорск әуежайын да сатып алған екен.

Бұдан басқа, «Ретранс» АҚ Вексельбергтің бақылауындағы «Ренова» тобына қарайтын «Аэропорты регионов» басқару компаниясы арқылы бірнеше авиациялық активтерді басқарады. Холдингтің құрамына Екатеринбург, Самара, Нижний Новгород, Саратов, Ростов-на-Дону, Жаңа Уренгой, Петропавл-Камчатский, Благовещенск, Орынбор және Тобыл әуе порттары кіреді. «Ретранс» АҚ-ның негізгі иесі ресми түрде «Ренованың» бұрынғы топ-менеджері Владимир Резер болып табылады. Оған акциялардың 90% тиесілі.

«Бәлкім, Вексельберг АҚШ-тың санкциясына ілінгеннен кейін әуежайларын басқаратын компанияныны Резерге тапсырып қойған шығар», - депті арна.

«Орал аэропорт холдингтің» екінші иесі – Әли Дәулетхан Қилыбаев. Бұрын Қазақстанның Даму Банкінде лауазымды қызметтер атқарған. «Қазазотты» басқарған. 2021 жылғы дерек бойынша «Қазазоттың» меншік иелері Дінмұхамету Ыдырысов, Бахаридин Аблазимов, Ержан Достыбаев және Тимур Құлыбаев (Joint Resources АҚ арқылы) болған. Қазір құрам өзгерді.

Сондай-ақ, Қилыбаев бірқатар компаниялардың басшысы және тең құрылтайшысы, олардың ішінде «Qazaqpay» және «KKS Digital» бар. Серіктесі Дінмұхамет Ыдырысовтың ұлы – Жармұхамед Аппаз.

Холдингтің үшінші иесі – «Орал менеджмент» ЖШС. Бенефициары және компания басшысы «Орал аэропорт холдингі» ЖШС басқаратын – Сергей Артюгин. Ол сондай-ақ АХҚО-да тіркелген Caspian Solar компаниясына да иелік етеді.

Таяуда Орал әуежайы жер қойнауын пайдаланушы компания «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» есебінен қайта құрылған еді. Оған 6,6 млрд теңге жұмсалды. Оған дейін, 2018 жылы әуежай ғимараты мен ұшу-қону жолағын уақытша «Ақжайық ӘКК» балансына берілді. Бірақ әуежай дирекциясы жобаны қаржыландыра алмайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

32 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2432
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2751
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 3227
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1830