Жұма, 3 Мамыр 2024
1434 1 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 13:28

"Қазақ газеттері" қайта құрылды

Алматыға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Қазақ газеттері" ұжымымен кездесті.

Жақында ғана қайта жасақталған ұжым құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары кіреді.

Кездесу барысында екі ұжымның бірігуіне орай Думан Анаш «Қазақ газеттері" бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс "Ана тілі" газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалғаны айтылды.

Министр өз өтініштері бойынша жұмыстан босаған белгілі қаламгерлер Шамшиддин Паттеев пен Қали Сәрсенбайға жемісті еңбектері үшін алғыс айтып, арнайы салалық медальдармен марапаттады.

Жиын қорытындысында Д.Қыдырәлі жуырда ғана жаңа ғимаратқа көшкен ұжым қызметкерлерінің жалақасы өскенін, қаламақы мен сыйлықақы көтерілгенін айтты.

Сондай-ақ жаңа басшылық алдына тиісті міндеттер қойды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 760
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 472
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 481