Сенбі, 4 Мамыр 2024
Бір сұрақтың төңірегінде 1540 1 пікір 19 Қаңтар, 2023 сағат 10:03

Жанар-жағармай тапшылығы қалай шешілмек?

Қазақстанда жанар-жағар май бағасы тек өсе береді. Соңғы бес жылда бензин өндіру көлемі 67% - ға, дизель өндірісі 32% - ға артты. МӨЗ 100 пайыз жұмыс істесе де, кейде ішкі нарыққа сұйық отын жетпей қалады. Былтырғы дизель тапшылығы саладағы барлық мәселенің бетін ашып берді, деп жазады Finance.kz телеграм арнасы.

«Елдің экономикасы жеткілікті энергия көзі болмаса тоқырайды. Болжам бойынша 2027 жылға дейін экономика деңгейі қазіргіден 4 пайызға не одан да жоғары өспек.

2021 жылдың күзінен бастап Қазақстанда сұйық отын бағасы қаралған жоқ. Еліміз әлемдегі ең арзан мұнай өнімдерін шығаратын 10 елдің қатарына кіреді. Саланың қазіргі бизнес-моделі мынадай: шикізат ішкі нарыққа өзіндік құнымен шығарылады, ал отын бағасы шектелген. Мұндай кезде жаңа, ірі МӨЗ салу деген ақылға қонбайтын сөз. Бүгінгі жағдайда бюджет қаржысына МӨЗ салу тиімсіз әрі ақымақтық болар еді.

Бағаны бұдан былай ұстап тұру қымбатшылыққа ұрындырады. Себебі ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін дереу Ресейден шикізатты импорттауға тура келеді. Бұл өз кезегінде бағаны өсіріп қана қоймай, өндірістің дамуын да тежейді. Ресейде бізбен салыстырғанда сұйық отын бағасы екі есе жоғары»,-деп мәлімдеді арна.

Finance.kz-тің жазуынша, басымызды құмға тығып отыра бермей, саланы қолға алатын кез келді. Жасанды шектеулерді алып тастап, бағаның экономикалық тұрғыдан біркелкі және біртіндеп өсу қажетін түсіндіру керек. Өйткені еліміздегі жұмысшылардың жалақысы жанар-жағармай бағасына тікелей қатысты.

Айта кетсек, 12 қаңтарда Сенат депутаты Бақытжан Байахметов биыл Қазақстанда 500 мың тоннадан аса дизель отыны жетіспеуі мүмкін екенін айтқан болатын.

«Жыл сайын еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерінің тапшылығы болады.Бұған көрші елдердегі отын бағасы да себеп. Өйткені ондағы баға бізден 2 есе қымбат. Осылайша, транзиттік көліктердің ыңғайына қарай жұмыс істеп отырмыз», - деді Бақытжан Байахметов Сенаттың жалпы отырысында.

Депутат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО аясында мұнай мен мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығының нормасы енгізілетінін еске салды. Осы орайда, Бақытжан Байахметов Үкіметке бірнеше сұрағын жолдаған еді.

«Үш ірі мұнай өңдеу зауытының барынша жұмыс істеуін ескере отырып, Үкімет мұнай өнімдері өндірісінің өсуін ынталандыру үшін қандай шаралар қабылдауды жоспарлап отыр? Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы дизель отыны бағасы бойынша жалғасып келе жатқан теңсіздігіне қатысты Үкіметтің көзқарасы қандай? Үнемі болып тұратын мұнай өнімдері мен дизель отынының тапшылығы мәселесін шешу үшін Үкіметтің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді жоспары бар ма?» - деді депутат Байахметов.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1047
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 929
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 786