Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 2187 17 пікір 16 Қаңтар, 2023 сағат 14:41

Қазақстандағы McDonald's: АҚШ кетті, Ресей келді

Естеріңізде болса, биыл қаңтардың 5-і күні әлемге әйгілі McDonald's компаниясы Қазақстандағы қызметін тоқтататынын хабарлаған еді.

«Food Solutions KZ» ЖШС басқаратын McDonald's жылдам тамақтану бренді өз жұмысын тоқтатудың басты себебі – «ет жеткізудегі шектеулер» деп түсіндірген. Қазақстанда McDonald's-тың 24 мейрамханасы болған. Онда ұзын-саны 2000-ға жуық адам жұмыс істеген. Кейін, McDonald's-тың Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі: «Жуырда жаңа атаумен қайта ашыламыз», - деген мәлімдеген.

Ал бүгін McDonald's-тың орнына Ресейлік бренд келіп жайғасқалы жатқаны туралы ақпарат тарады. Қазір елімізде «Вкусно - и точка» тауар белгісін тіркеу өтініші қаралып жатыр екен. Мұны ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі де растады.

«Қазақстан Республикасының тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде «Вкусно - и точка» деген тауар белгісі тіркелмеген. Алайда, сараптамалық ұйымның қарауында «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі қоғамдығы атынан түскен «Вкусно - и точка» тауар белгісін тіркеуге қатысты өтінім бар», - деп хабарлады аталған ведомство.

«Вкусно - и точка» тауар белгісі Ресейде McDonald's желісі жабылғаннан кейін ашылған фаст-фуд мейрамханалар желісі. Алғаш мейрамхана былтыр 12 маусымда ашылды.

Сөйтіп, McDonald’s Қазақстаннан кетті. Бұл ақпаратқа кей адамдар «кетсе кете берсін, пайдасынан зияны көп», «өз ұлттық тағамымызды дамытамыз», «бургер кеткеннен бүйрегіміз түсіп қалмас» дегендей пікір білдіруде. Алайда расымен солай ма? Қуанарлық жайт па?

McDonald’s жай ғана жылдам тамақтану желісі деуге келмес, бұл жаһанданудың (глобализация) нышанына айналғалы қашан. Тіпті әлеуметтік ғылымда макдональдизация термині де бар.

Еліміздегі желілері халыққа жұмыс, билікке салық беріп тұрғанынан бөлек, негізінен ол мемлекеттің әлемдік қауымдастықпен қатынасын да көрсететін бір өлшем іспеттес. Еуропалық туристердің барған елін осы бір әйгілі фастфуд патшасының бар-жоғымен өлшейтін әдеттері бар.

Айтпақшы бір қызық фактіні айта кетейік. Кеңес-Ауған соғысы жайлы... 1979 жылы КСРО Ауғанстанға басып кіріп, артынша Батыс КСРО-ға санкцияны үдетіп, 80-жылғы олимпиадаға бойкот жариялағанын білесіздер. Міне, сол олимпиаданың алдында 4-5 жыл бұрын КСРО McDonald’s-ты кіргізу үшін батыспен (АҚШ-пен) жанталаса бейресми келісім жүргізеді. Өйткені олимпиадаға келетін Еуропалықтар McDonald’s арқылы «КСРО дамыған екен» деген баға берсін деп ойлаған еді.

Бірақ Мәскеу Ауғанға кірді, McDonald’s айдалада қалды. Алғашқы мейрамханасы КСРО-да 1990 жылы ашылды. «Іріген-шіріген Батысты» күні-түні жамандайтын КСРО халқы сол мейрамханадан бургер жеуге күні-түні кезекте тұрды. Бұл жабық қоғамға жаһанданудың есігі ашылғандай сәт еді. Ал биыл Кремль бауыры Украинаға соғыс ашып, Ресейде 850 мейрамханасы жабылды. Бұл керісінше өркениетті әлем Мәскеу үшін есігін тарс жапқандай әрекет еді. Кейін ол мейрамханалар атын өзгертіп, ресейлік сервиспен (деңгейі белгілі) қайта ашылды, бірақ ол енді әлем білген McDonald’s емес еді.

McDonald’s-тың біздегі жабылуында қандай сипат жатқанын білмедік. Мүмкін қамаудағы Боранбаевтың кәсібі, мүмкін расымен ет жеткізудегі қиындық, мүмкін басқа.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1597
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1247
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1217