Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2499 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 11:10

Қызылағаш жылаған күн

Осыдан  үш жыл бұрын, 2010 жылы 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгет бұзылып, Қызылағаш ауылын су шайып кеткен еді. Апат салдарынан 146 үй толығымен шайылып, 251 үй қираған болатын. Ресми мәлімет бойынша, алапат тасқыннан 45 адам қаза тапқан.

Апаттан аман қалған жұртқа ең әуелі қарапайым халық көмек қолын созды. Ірі қалалар мен облыс, аудан орталықтарында ел жылу жинап, қара жамылған ағайынға азық-түлік пен киім-кешек жөнелтіп жатты. Орталық және жергілікті билік тарапынан да аз іс жасалған жоқ.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, бес айға созылған сот ісі ақыры, су бөгетінің иесі, «Қызылағаш» кооперативінің басқарма төрағасы Қуаныш Бекеев, Қызылағаш ауылдық округінің бұрынғы әкімі Есет Жүнісов пен оның інісі - «Қызылағаш» кооперативінің директоры Мұхит Жүнісовті бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарып,  Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақовты шартты түрде үш жылға соттады.

Ауыл қайта салынды. Су тасқыны кезінде опат болған жандарға арналған ескерткіш бой көтерді.

Қызылағаш ауылында жыл сайын тасқын кезінде қаза болғандардың рухына бағышталып ас беріліп келеді.

Дайындаған - Өміржан Әбдіхалықұлы

Cуреттер voxpopuli.kz cайтынан алынды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 829
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 635
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 697