Сенбі, 27 Сәуір 2024
3715 51 пікір 29 Желтоқсан, 2022 сағат 15:03

Қай министр қызметтен кетуі керек? (сауалнама)

Президент Тоқаев Сенатта Үкімет жұмысын сынға алды. Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алатынын айтты.

«Мен жақында өткен Үкімет отырысында нақты айттым. Еліміз үшін өте маңызды бірқатар мәселе бойынша Үкімет лайықты белсенділік көрсетіп отырған жоқ, шешімдерін баяу қабылдап жатыр. Үкімет осы олқылықтарды түзету үшін әрекеттерін қолдануда, таяу арада оның жұмысының тиімділігі артады деп ойлаймын. Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жаңа жылдың басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер жасамақшымын. Жалпы, Үкіметтің алдында тұрған мақсаттар – өте ауқымды және өзекті», - деді Президент.

Еске салсақ, 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің міндеттерін айтқан еді.

«Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер Мемлекет басшысының Премьер-Министрмен және Парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек», - деді Президент.


Біз аталған мәселеге қатысты «Usbanov arnasy» телеграм арнасында: «Қай министр қызметтен кетуі керек» деген сауалнама жүргізгенді жөн санадық.

Сауалнамаға қатысып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. Сауалнама қорытындысы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланатын болады.

Abai.kz

51 пікір