Жексенбі, 12 Мамыр 2024
1669 1 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 14:17

Украина Усмановтың мүлкін тәркіледі

Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) ресейлік олигарх Алишер Усмановқа тиесілі компанияның екі млрд гривен болатын (54 млн доллар) 160 мың тонна темір кенін тәркіледі. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

УҚҚ хабарлағандай, Украинаның теңіз портынан бірнеше ресейлік заңсыз қоймалар тапқан. Онда сақталған темір кені Усмановқа тиесілі болғаны айтылады.

Мекеме мәліметінше, қоймадағы темір кенін кеме арқылы Ресейдің металлургиялық және әскери-өндіріс кешеніне жөнелтпекші болған. "Тәркіленген мүлікке тыйым салынды. Қазір коррупциялық жолмен келген активтерді басқару жөніндегі ұлттық агенттікке беру мәселесі қаралып жатыр", - делінген мәлімдемеде.

69 жастағы Усманов Ресейдің ең бай адамдарының бірі. Forbes журналының мәліметі бойынша, оның дәулеті 14,6 млрд еуро. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, ол батыс елдерінің санкциясына тап болды.

Қыркүйек айында неміс полициясы Бавариядағы Тегернзее көлі жағасындағы Усмановқа тиесілі деген мүліктерге тінту жүргізген. Арнайы операцияға 250 адам қатысқан.

Der Spiegel басылымының жазуынша, миллиардер салық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Усманов 2014-2022 жылдар аралығында 555 млн еуро салық төлемеген деген күдікке ілінген.

Қараша айында неміс полициясы Dilbar яхтасына ілінген 30 бағалы картинаны тәркілеген. Бұл картиналардың жалпы құны 5 млн еуроға бағаланады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1941
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2146
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1778
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533