Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Билік 2999 10 пікір 26 Желтоқсан, 2022 сағат 13:15

СІМ: «Ресейге қарсы санкцияға қосылмаймыз»

Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізуде, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жапондық NHK телеарнасына.

"Ресей мен Қазақстан арасында терең экономикалық қатынас орнаған, Қазақстан экономикасына Ресейге қарсы санкциялар кері әсерін тигізді. Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қатыспайды әрі компаниялардың әртүрлі жолдармен санкцияны айналып өту аймағына да айналмайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі қарым – қатынасты жалғастырамыз", - деп жауап берді министр телеарнаның Ресей мен Украина арасындағы соғыстың Қазақстанға әсері туралы сұрағына.

СІМ басшысы соғысып жатқан екі елдің де Қазақстанмен достық қарым-қатынаста екенін айтты. Ол Тоқаевтың екі тарапты бейбіт және дипломатиялық келіссөзге шақырғанын атап өтті.

"Қазақстанның көлік және логистика үшін транзиттік пункт ретінде даму әлеуетіне ерекше назар аударылады. Менің ойымша, бұл шетелдік инвестицияны тартып, Еуропа мен Азияны біріктіретін орталыққа айналады", – деді СІМ басшысы.

Тілеуберді Ресейдегі санкцияларға байланысты өз қызметін тоқтатқан көптеген шетелдік компанияларды Қазақстаннан кеңселерін ашуды ұсынды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1378
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1208
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 957
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1049