Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 4868 0 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 14:55

Иран: Футбол және қақтығыс

Ирандағы толқуларға үш айдың жүзі болды. Қыркүйектің ортасында басталған толқулар желтоқсанның басында әлі жалғасып жатыр. О баста әйел құқығына байланыстры басталған наразылық, қазір саясиланып, режимді ауыстыру ұранына ұласты. 

Иранның 100-ден астам қаласында наразылықтар жалғасуда. Тегеран наразы топты жазалау мақсатында "оларды сыртқа күштер басқаруда" дегенді жиі айтатын болды. 15 мыңға жуық адам тұтқындалып, 8 адам өлім жазасына кесілді. Оларға ДАИШ-пен байланысты, Израиль мен АҚШ барлаушыларына қызмет етті деген дәлелсіз айыптар тағылған. Алайда наразы халық бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Месяц протестов в Иране: общество требует перемен – DW – 16.10.2022

Иран толқуды Сауд Арабиясына қатысты күштер ұйымдастыруы мүмкін деген айыппен, Эр-Риядты қорқытып-үркіту мақсатында бейнеролик шығарып, оны әлеуметтік желі арқылы таратты. Роликте Иранның әскери күштерінің Сауд Арабиясы аумағына соққы жасалғаны көрсетілген еді. Алайда Тегеран бұл роликті билік жасамағанын айтты. Соған қарамастан Таяу Шығыстағы АҚШ әскері мен Сауд Арабиясының жауынгерлері ұрыс жағдайына келтірілді.

Ирандағы наразылыққа жастар көп шығуда. Олардың арасында студенттердің қарасы көп. Ашық дереккөздер осы күнге дейін Ирандағы 134 оқу орнының студенттері наразылық акцияларына қатысқанын айтады. Мыңға жуық студентті тәртіп сақшылары ұстаған. Оларды тек қана ата-аналары емес, сонымен бірге оқытушылар қауымы да босатуды сұрауда. 600 профессордың Иран билігіне ашық хат жазып, студенттерді босатуды талап еткені әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Тегеран бұл өтініштерге құлақ аспады, керісінше оқытушылар қауымыен "көтеріліске қатысы бар" деп айыптап, қудалап жатыр.

Иранның қорғаныс министрлігі бүлікке күрд жасақтарының да қатысы болуы мүмкін дейді. Осы айыпты тағу арқылы, Ирактың күрдтер тұратын солтүстігіне зымыранмен бірнеше мәрте соққы жасады. Иракмен шекаралас аймаққа әскер топтастырып, арнайы операция жүргізуге ниетті екенін де аңғартты.

Иран и США сыграют на чемпионате мира-2022 в Катаре, история противостояний сборных, как прошел матч на ЧМ-1998. Спорт-Экспресс

Иран ішкі наразылықты Катарда басталған футболдан әлем чемпионаты арқылы бәсеңдетуге болады деп сенді. Иран футболшылары алғашқы ойында ел әнұранын айтудан бас тартты. Бұл наразылықты қолдап, режимді айыптау болатын. Алайда екінші ойында Иран футболшылары әнұранды айтты. CNN жабық дереккөздерге сүйеніп, Иран билігі футболшыларға қысым жасаған дегенді айтады. Иран билігі үшін үшінші ойын маңызды еді. Бұлш тарихи және саяси күрес ретінде сипатталды. Себебі Иранның топтық кестедегі үшінші қарсыласы АҚШ құрамасы болатын. АҚШ Тегеранның қас жауы, демек ішкі наразылықты осы ойынға бұрып, "қас жауымызбен күресіп жатырмыз"  деген месседжді қоғамға ұсынуға тырысты. 1998 жылы АҚШ пен Иран құрамасы Франциядағы әлем чемпионатында ойнаған болатын. Футболда "алаң иесі" және "қонақтар" деген түсінік бар. Қонақтар алаң иесіне барып, қол адлысу рәсімін бірінші бастауы тиіс. 1998 жылғы ойында Иран құрамасы қонақтар статусында болды, алайда заңдылықты бұзып, АҚШ құрамасына бірінші барып, қол алыспады. Себебі Тегеран футболшыларға АҚШ құрамасы барып, қол ұсынуға тыйым салды. Дәстүрді АҚШ құрамасы бұзып, бірінші болып Иран футболшыларына қол ұсынды. Ал Иран футболшылары бейбітшілік нышаны саналатын ақ раушан гүлдерін АҚШ құрамасына сыйлап, "спортты саясатқа айналдырмайық" дегенді білдірді. Сол ойында Иран құрамасы 2:1 есебімен АҚШ-ты ұтты. Иранда халық тойлап, көшеге шықты. Осы жолы да Иран құрамасы АҚШ-ты жеңсе, Тегеран ішкі наразылықты қуанышты тойлауға бағыттауға тырыспақ болды. Алайда Иран АҚШ-қа есе жіберді.

иран, протестные акции, оппозиция, мурадхани, арест, хамас, газа, палестинцы, терроризм, израиль

Иран билігі барлық амал-айланы қолданып, наразылықты тоқтатуға ниетті. Тіпті ел тізгінін ұстаған Аятолланың туыстарына да қырғидай тиюде. Аятолланың жиені саналатын Фарида Мурадхани жақында темір торға қамалды. Ол Ирандағы наразылықты күшпен басқандарды айыптап, әлемдік қауымдастықтан Иранға қысым жасауды сұраған болатын. Осылайша Тегеран бүлікті тұншықтыру жолында ешкімді аямайтынын аңғартты.

Ирандағы наразылықтар барысында ресми дерек бойынша 300-ден астам адам қаза тапқан. Ал адам құқығңын қорғау ұйымдары қаза тапқандар саны 1500-2000 расында дегенді айтады. Тәртіп сақшыларынан 80-нен астам адам опат болған.

Ка Мырза

Abai.kz

0 пікір