Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3213 0 пікір 20 Ақпан, 2013 сағат 11:09

Досымбек Қатран. Қор болған Абай немесе «тәрбие берудің» «ЦеснаБанктік» тәсілі

Өмірден өткен адам туралы жақсы сөз, тілектер айтылғанда «орнынан бір аунап түскен шығар» деп жататыны бар. Ал төмендегідей жағдайда ұлы Абай аруағы қандай күй кешті екен деген ойға қаласыз! Осы күндері көгілдір экраннан беріліп жатқан «ЦеснаБанк» жарнамасына қарағанда, Абай өз заманында репутация жасау үшін қоғамды сынға алып, фәлсафа айту арқылы ойшыл болуға тырысқан көрінеді. Яғни, банк ұжымының ойынша, болашаққа қам жасау үшін әрбір бала немесе жеткіншек Абайдай танымал болуы керек. Дәлірек айтқанда, репутация қалыптастыруы қажет екен. Сонымен, жарнаманы көріп, естіген адам Әбекең (Абай Құнанбайұлы) өзіне ескерткіш орнатылып, даңғыл жол мен театр аты берілуі үшін қызмет еткен екен ғой деген ойға қалуда. Одан да сорақысы аталмыш жарнама жас ұрпаққа тәрбиелік жағынан гөрі мәнсапқұмарлық сияқты жағымсыз қылықтарды бойына сіңіруге бағытталғанын аңғару қиын емес. Бір қарасаңыз, дүние-мүлік, қаржыдан да жоғары тұратын рухани құндылықты дәріптейтін тәп-тәуір әлеуметтік жарнама сияқты. О баста осындай мақсат көздеген болса керек. Алайда, түсірілім кезіндегі орысша ойлаудың нәтижесінде жақсы бастаманың мәні өзгеріп, тонын айналдырып кигізген де шығарған. Сөйтіп, онсыз да шала-жансар ұлттық санамызды шұбарлайтын мың сан дүбәра дүниелердің қатарына тұра қалды. Банк өзін Абайға теңестіріп масқара болғанымен қоймай, Абайды мақтағандай бола отырып, шын мәнінде қорлап отыр.

Өмірден өткен адам туралы жақсы сөз, тілектер айтылғанда «орнынан бір аунап түскен шығар» деп жататыны бар. Ал төмендегідей жағдайда ұлы Абай аруағы қандай күй кешті екен деген ойға қаласыз! Осы күндері көгілдір экраннан беріліп жатқан «ЦеснаБанк» жарнамасына қарағанда, Абай өз заманында репутация жасау үшін қоғамды сынға алып, фәлсафа айту арқылы ойшыл болуға тырысқан көрінеді. Яғни, банк ұжымының ойынша, болашаққа қам жасау үшін әрбір бала немесе жеткіншек Абайдай танымал болуы керек. Дәлірек айтқанда, репутация қалыптастыруы қажет екен. Сонымен, жарнаманы көріп, естіген адам Әбекең (Абай Құнанбайұлы) өзіне ескерткіш орнатылып, даңғыл жол мен театр аты берілуі үшін қызмет еткен екен ғой деген ойға қалуда. Одан да сорақысы аталмыш жарнама жас ұрпаққа тәрбиелік жағынан гөрі мәнсапқұмарлық сияқты жағымсыз қылықтарды бойына сіңіруге бағытталғанын аңғару қиын емес. Бір қарасаңыз, дүние-мүлік, қаржыдан да жоғары тұратын рухани құндылықты дәріптейтін тәп-тәуір әлеуметтік жарнама сияқты. О баста осындай мақсат көздеген болса керек. Алайда, түсірілім кезіндегі орысша ойлаудың нәтижесінде жақсы бастаманың мәні өзгеріп, тонын айналдырып кигізген де шығарған. Сөйтіп, онсыз да шала-жансар ұлттық санамызды шұбарлайтын мың сан дүбәра дүниелердің қатарына тұра қалды. Банк өзін Абайға теңестіріп масқара болғанымен қоймай, Абайды мақтағандай бола отырып, шын мәнінде қорлап отыр. Бейнероликтегі басты қателік - сценарийін түзген адамда деп ойлаймын. Ол екеу. Біріншіден, Абайды араластырмау керек еді, екіншіден әкесі баласына абырой, бедел (репутация) үшін емес, бергісі өзі үшін, сосын барып халқы үшін қызмет етуді үйретуі тиіс еді. Әкенің балаға бағыт-бағдар беріп қанаттандыруы, ал, баланың мықтыларға ұқсап бағуы адам баласында бағзыдан бар қасиет. Дұрыс-ақ! Айтпақ ой - ондай дағдыға әсте қарсы болу емес, гәп соны қалай беруде, қалай дәріптеуде болып отыр. Яғни, әлдеқашан өмірден өткен ұлы ойшылдың ұлттық құндылыққа айналған рухани қазынасын «ЦеснаБанк» жарнамаға салып, мәдени ерекшелікті аяққа таптап, баланы байлыққа, атаққұмарлыққа итермелеген теріс бағыттағы насихатқа барғандығы, «аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» - дегеннің кебіі.

Айтар ойы ұлттық ұғымға қайшы келіп жатқан соң шамданып, шамырқанып отырмыз. Осы тектес дүниелердің ылғида ерсі болып шыға беретіні - ұлттық ерекшелікті, төл мәдениетті ескермейтіндігімізде. Әсіресе, ұлттық сананы жұртшылыққа сіңіретін БАҚ-ның өзінде осындай жайттың жаппай етек алып бара жатқаны алаңдатады.

Қит етсе орыстарды мысалға ала береміз ғой. Өйткені, олардан басқа бөгде ұлтты «көрмедік», негізгі бағдар да сол халық болып келді, әлі де солай. Мысалға тағы да сол орыс халқын алар болсақ, Пушкин, Булгаков немесе Ломоносовын дәл осындай үлгі етіп жарнама түсірсе дау-шардың көкесі сонда болар еді. Шекспирді, Гетені, Бальзакты жарнамаға қосқанын көрген, естіген кісі бар ма екен?! Бар болса хабарлассыншы, жазсыншы, қандай да бір қоғамдық пікір туды ма екен, білейік те! Осы тәрізді ақпарат құралдарында беріліп жүрген жарнамалардың бұл бірі ғана. Олардың сарабдал сыннан өтуі, өткенін құзырлы мекеменің бекітуі тәрізді механизмдер Мәдениет министірлігінде, Ақпарат Комитетінде жоқ болғаны ма, бар болса қайда қарап отыр?! Ол жөнінде заң не дейді, заңгер не дейді! Ең бастысы, оқырман сіз не дейсіз?

Abai.kz

0 пікір