Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2985 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 12:14

«Қазақстан» көш бастап тұр

ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтар мен 10 ақпан аралығында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында 23,3% орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шықты. Осылайша 6+ бағамы бойынша, (6 жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер арасында) Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, жетекші позицияны нық ұстап тұр.

Осыдан екі жыл бұрын Елбасы өзінің Жолдауында «Алдымызда мынадай міндет тұр: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80%, ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95%-ға жетуі тиіс. Енді 10 жылдан кейін мектеп бітіруші түлектер 100% мемлекеттік тілді білетін болады. Біз бұл үшін бәрін жасап жатырмыз», - деп көрсеткен еді.

«Қазақстан» ұлттық арнасы электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арасынан бірінші болып Елбасының осы жолдауда айтылған міндеттерін орындауға кірісті. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша «Қазақстан» Ұлттық арнасы 2011 жылдың қыркүйегінен 100% қазақ тілінде хабар тарата бастады. Алғашқыда, ел тұрғындарының 95% қазақ тілінде сөйлеп кетуіне күмән келтіргендер, Ұлттық арнаның рейтинг жинап, үлкен сұранысқа ие болатынына сенімсіздікпен қараған еді. Бірақ, жоғарыдағы нақты деректер көрсеткендей, «Қазақстан» Ұлттық арнасы көрермен сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, халықтың көкейіндегісін таба білді.

Ұлттық арна ақпараттық-сараптамалық, әлеуметтік, танымдық хабарлары, қызықты мегажобалары мен тартымды телехикаялары арқылы көрермен көңілінен шықты.

Зерттеу басталғалы (2012 жылдың сәуір айынан бері) алты жастан жоғары тек қазақ тілді көреремендер саны бойынша, «Қазақстан» Ұлттық арнасы 30,6 пайыздық орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орында келеді. Ең қуанарлығы жоғарыда атап өткеніміздей, 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендердегі алты жастан жоғары қазақ және орыс тілді көреремендер арасында да 23,3 пайызбен биылғы жылдың басынан «Қазақстан» Ұлттық арнасы өзге хабар таратушылардың алдына шығып, жетекші орынға тұрақтады.

Жоғарыда көрсетілген ТНС Гэллап Медиа Азия зерттеу компаниясының мәліметтері 100% мемлекеттік тілде хабар тарататын «Қазақстан» телеарнасының өзге ұлттар арасында да үлкен сұранысқа ие екенін дәлелдейді. Бұл - «Мемлекеттік тіл - барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор болуы тиіс», - деген Елбасының сөзі шындыққа айнала бастағанының нақты көрінісі.

ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, «Қазақстан» Ұлттық арнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни, жалпы саны 8,3 млн адамды құрайтын шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шықты.

2012 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы 6+ (6 жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер) және 6+ қаз (6 жастан жоғары тек қазақ тілді көреремендер) бағамы бойынша 2 және 1 орындарда тұрақтаған болатын. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап (10 ақпанға дейін) Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, жетекші позицияны нық ұстап тұр.

Бұрын Қазақстан Республикасы сараптамалық зерттеулерді 100 мыңнан жоғары тұрғындары бар қалаларда ғана жүргізіп келді, ал 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендерді де зерттей бастады.

«Қазақстан» ұлттық арнасының үлес салмағы мен рейтінгінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақ тілді бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігі әсер етті.

«Қазақстан»ТРК

14 ақпан 2013 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 749
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 465
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 477