Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2556 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 12:07

Қоғам және Қазақстандағы дiндер

Өткен аптада "Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта дөңгелек үстел өттi. Алқалы жиында елiмiздегi белгiлi ғалымдар, тарихшылар, саясаткерлер мен саясаттанушылар өз ойларын ортаға салып, мемлекеттегi көптен ескерусiз жүрген дiни ахуалдың ақ-қарасын ажыратуға тырысты. Сондай-ақ, жиында тарих ғылымдарының кандидаты Алма Сұлтанғалиеваның "Возвращение ислама" в Казахстан" атты кiтабы таныстырылды. Бұл шара "Алтынбек оқулары" аясында өтетiн жиындарыдың бастамасы болып саналады.

Саясаттанушы Айдос Сарым тақырыптың кiрiспесiне аз-кем тоқталып өттi. "Осыдан елу жыл бұрынғы Ауғанстанды, Ливияны алсақ, қазiргi кездегiден мүлдем бөлек мемлекет болғанын байқауға болады. Бүгiнгi Сирия, Мысыр елiнде шын мәнiнде үлкен процестер жүрiп жатыр. Радикализм, экстремизим, әртүрлi тар­тыс­тар өршiп тұр. Ал бiзде неше түрлi алып-қашпа әңгiмелер көбейдi. Оның денi дiни экстремизм мәселесi төңiрегiн­де. Осыған байланысты әртүрлi сарапшылардың өздерi жағдайды дұрыс бағаламай отырған сияқты. Тiптi құқық қорғау органдарына дейiн осы дiни экстремизмдi зерттеуге белсене кiрiсiп кеткен. Бiрақ бұл елдi қорқыту, үркiту үшiн жасалап жат­қан дүниелер. Оның үстiне қазiргi кезде дiни басқарманың саяси мәселелерге, үгiт-насихат жұмыстарына араласып кетуi байқалады. Бұл жақсы үрдiс емес", - дейдi ол.

Алма Сұлтанғалиева өзiнiң көптен берi Қазақстандағы исламның даму процесте­рiн зерттеп жүргенiн айта келiп, дiннiң әлi де оңды-солды мәсе­лелерi толық зерт­тел­мегенiн айтты. "Соң­ғы деректер бо­йынша, Қазақстан халқының 70 пайыздан астамы ислам дiнiн ұстанады, - дейдi ол. - Мұның өзi көп нәрсенi айғақтаса керек. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары алдағы 20 жыл көлемiндегi жағдайдың күрт өзгеруi мүмкiн екенi есепке алынбады. Исламмен бiрге түрлi қазақ дәстүрiне жат жоралғылардың, киiмдер­дiң келуi мүмкiн екенiн ешкiм ойламады. Жаһанданудың тек тауарды ғана емес, исламды да импорттауға әкеп соғатынын ешкiм күткен жоқ.

Қазақстандық қоғам негiзiнен толыққанды әсiре дiншiл емес. Сондықтан әлеуметтiк, саяси өзгерiстер керек. Ислам дiнi этникалық, ұлттық сипаттарға қарамастан Қазақстанда барынша еркiн тарап, идеологияға айналып кеттi".

Ғалым Сұлтан Әкiмбеков Алма Сұлтан­ғалиеваның кiтабын жоғары бағалай келе әлемдегi, оның iшiнде ислам елдерiндегi болып жатқан процестерге тоқталды.

Дiндi көптен берi зерттеп, оның заңдық тұрғыда оңды-солды жақтарын талдап жүрген дiнтанушы Мұхан Исаханның ойынша, Қазақстан болашақта клирикалды жүйеге өтедi. Ол - мемлекет пен дiннiң арасын құқықтық реттеудi қарастыратын жүйе. "Бiз алғашқы жылдары мемлекет пен дiннiң бөлiнген жолын таңдадық. Бiрақ 20 жылдық тәжiрибеге сүйенсек, бұл жүйе өз өзiн ақтамағанын көремiз. Осыдан бiр жарым жыл бұрын қабылданған дiн туралы заңның кiрiспе­сiнде ханафи мәзхабы мен православтық христиан дiнiнiң тарихи мәнiн мойындау туралы жазылды. Бұл - сөз жоқ, үлкен жетiстiк. Бiр айта кетерлiгi мұндай клирикалды жүйеге бiрден өтуге тағы болмайды. Бiз оған конкордато жүйесiмен өтуiмiз керек. Ол мемлекеттiң құрамындағы дiни элитаның келiсiмен болатын мемлекеттiк басқару формасы. Ол үшiн алдымен дiни элитаны қалыптастыру қажет. 20 жылда бiзде дiни элита қалыптаспады".

"Тағы бiр шешiлмеген мәселе - дiни бiлiм беру мәселесiнiң кенже қалуы, - дейдi М.Исахан.

Саясаткер Болат Әбiлевтiң айтуынша, түбегейлi саяси өзгерiс болмай, дiн мәселесiн шешу оңай емес: "Бiз қазiр өте құбылмалы кезеңде тұрмыз, - дейдi саясаткер. - Оның үстiне бiзге географиялық аумағымыз да үлкен әсерiн тигiзуде. Бiз алып материктiң қақ ортасындамыз. Көптеген көзқарас тоғысқан жердемiз. Кеңес кезiнде бiзден исламды барынша айырғысы келдi. Ал тәуелсiздiк алған жылдары әртүрлi жолдармен исламға жете көңiл бөлiнбедi. Билiк әртүрлi жолдармен халықтың назарын оған бұрғызбады шынын айтсақ. Қазiр соның азабын тартып келемiз".

Әмiржан Қосановтың айтуынша, дiни мәселе мен әлеуметтiк мәселенiң ұштасатын жерлерi бар. Және Қазақстандағы исламның тағдырын шенеунiктер шешiп отыр. Ол былай дейдi: "Қазiргi дiндердiң өзiнiң iшiнде қарама-қайшылықтар көп. Заң бойынша бiз зайырлы мемлекетпiз. Бiрақ өкiнiшке қарай, дiн мәселесiн билiк қалай шешедi, ислам солай жүредi. Бiрақ бастысы, қазақ ешқашан құдайын жоғалт­қан емес".

Д.Қанат

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 821
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 655
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 523
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 536