Жұма, 26 Сәуір 2024
1380 2 пікір 23 Қараша, 2022 сағат 13:22

Боррель: "ЕО көлік дәліздерін Ресей емес, Орталық Азия арқылы дамытады"

Еуроодақ пен Орталық Азия елдері Ресейге соқпайтын көлік жолдарын дамыта түсуге мүдделі. Еуропа одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелль төл мақаласында осылай деп жазды.

Боррелдің пікірінше, Орталық Азия Еуроодақты "әлдеқайда тиімді әріптес" деп есептеп, онымен қарым-қатынасын дамыта түсуге ұмтылады. ЕО да осы аймақпен қарым-қатынасы нығайғанына мүдделі.

Боррелль аймақпен арадағы қазіргі қатынас әлі әлсіз. Орталық Азиядағы мемлекеттердің дені Еуропа мен әлем нарығына Ресей арқылы ғана шыға алады. "Бірақ мұндай тәуелділік пен таңдаудың болмауы бәрімізге ащы сабақ болды", - деп жазды Боррелль.

Автор мақаласында негізінен Транскаспий дәлізі туралы сөз қозғаған. Бұл көлік дәлізі Қытай мен Еуропаны Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы байланыстырады. Боррелдің айтуынша, Еуропаның даму және қайта құру банкі қазір осы дәліздің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр.

Ресей мен Қытай Орталық Азияда "маңызды рөлін әлі жоғалта қойған жоқ" деп жазды Боррелль. Алайда Еуропа одағы Орталық Азияның "басты сауда және инвестициялық әріптесіне айналды". Оның айтуынша, кейінгі он жылда Еуроодақ аймаққа жүз миллиард еуродан астам қаражат инвестициялаған. Бұл - Ресей мен Қытай үлесінен "әлдеқайда көп" көрсеткіш. Еуроодақ осы мақсатқа тағы 300 миллиард еуро бөлуді көздеп отыр.

Украинаға басып кіргелі бері Ресей Батыстың санкцияларына ұрынды. Кремль сол сәттен бастап Азия елдерімен әріптестігін нығайтуға ден қойды. Қарашада алғаш рет Астанада "Ресей-Орталық Азия" саммиті өтті. Онда президент Владимир Путин "Ресей Орталық Азия экономикасындағы басты инвестор, шамамен бес миллиард доллар инвестиция салды" деп мәлімдеді.

17 қарашада Самарқанд қаласында Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің конференциясында Жозеп Боррелль Еуропа одағы аймақ елдері үшін нақты жобаларды жүзеге асыруды ұсынады деп мәлімдеді.

 

Abai.kz

2 пікір