Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 878 0 пікір 26 Сәуір, 2024 сағат 16:13

Павлодар: Жол мамандары оқушылармен жолықты

Автожол саласындағы өзекті мәселелердің бірі- білікті кадрлардың жетіспеушілігі болып табылады.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Павлодар филиалының мамандары тұрақты түрде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын атқарып тұрады. Павлодар қаласының мектептерін ғана емес, облысымыздың түкпір-түкпірдегі ауыл мектептеріне барып, оқушылармен кездесулер өткізеді.

Жақында филиал инженерлері Мейрамбек Ниязов пен Мейркен Каиржанов Шарбақты ауданының бірнеше мектептеріне барып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Оларға болашақ маман таңдау алдында жол саласының қандай мамандықтары бар екенің , олардын  қыр-сырын, артықшылықтарын баяндады.

Президентіміз Қ.К.Тоқаев айтып өткендей: "Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет".

Осыдан 4 жыл бұрын Жол активері сапасының ұлттық орталығы «2000 мектеп» акциясы кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыруға жарияланған еді.

Филиал зертханасында мектеп, колледж, университет оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылады. 4 жылда филиал мамандары Павлодар облысының 350 ден астам мектептерінде  кездесулер өткізді. Жыл сайын филиал зертханасында жаз бойы студенттер ақылы тәжірибеден өтеді, уақытша жұмыспен қамтылады.

Филилал қызметкерлері жол саласының өркендеуіне лайықты үлес қосып әрі қарай дамуын тоқтатпайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1591
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1235
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1209