Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4377 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 10:30

Назерке Инақынқызы. Аялы алақан: Жансаяның тағдыры

Қас қарая үйге оралысымен  күндегі әдетімше теледидарды қосып, арналарды ауыстыра бастадым.  Арналарды ауыстырып отырып Малаховтың «Пусть говорятына» тоқталдым. Әртүрлі оқиғаларды қозғайтын токшоудың бұл жолғы тақырыбы «Турецкий Гамбит» екен. Бағдарламаның  басты кейіпкері - Түркияның    Гүлсум есімді азаматшасы болып шықты. 2008 жылы жол апатына ұшырап, ауыр халде ауруханаға түскен белгісіз азаматты дәрігерлердің «адам болмайды» дегеніне қарамастан төрт жыл бойы баласындай бағып, өмір сүруге жетелеген бұл әйелі бүгінде күллі Ресейге танымал жан. Ұлтынан, тілі мен дінінен, аты-жөнінен, бұрынғы өмірінен бейхабар бола тұра бар аналық махаббатын осы белгісіз жанға арнаған әйелді қалайша құрметтемеске?! Бағдарлама барысында түсірілген сюжеттерді көре отырып көрермендердің көзіне жас үйірілгені анық (1-бейнематериалды көріңіз).

;version=3&rel=0" />;version=3&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

Бағдарламадан кейін ойыма өзіміздің «Аялы алақан» бағдарламасы, бағадарлама авторы Бибігүл Дәулетбаққызы орала кетті де қоңырау шалуға асықтым. Екеуара әңгімеміз төмендегідей өрбіді.

- Сәлеметсіз бе, Бибігүл!? Бұл мен ғой Назерке.

- Ия, Назерке, қалың қалай?

- Шүкір, барлығы жақсы. Жаңа теледидардан Малаховтың бағдарламасын көріп сіз есіме түсіп кеттіңіз. Содан бірден сізге хабарласып жатқаным ғой.

- Ия, ия. Мен де көрдім ол бағдарламаны. Қызық екен, мені неге есіңе алдың?

- Осыдан бірер жыл бұрын өзіңіз жүргізген «Аялы алақан» бағдарламасынан Жансая есімді қыздың өмірі жайлы көрген едім. Қолсыз туылған  бүлдіршіннің өмірге құштарлығын көріп, жүрегім қатты ауырған еді сол кезде.

- Бәрі есімде ғой, бәрі... Мен де жүрегі махаббатқа, мейірге толы түрік әйелінің арқасында беті бері қараған жас жігітті көріп отырып, талай оқиғаны есіме алдым. Ия, қолдары жоқ болса да аяғымен тамақ жеп отырған Жансаяның бейнесін қалайша ұмытуға болады?!

- Гүлсумның бейнесі Жансаяға он бір жыл бойы қамқор болған балалар үйінің тәрбиешісі, аты есімде қалмапты, ұлты татар әйелге қатты келеді екен.

- Сен білесің бе, мен де дәл солай ойлап отырғанмын. Менің ойымды оқып үлгеріпсің. Осы кезде мен бағдарламаны егіліп, жылап көріп отырмын. Гүлсум Анаға деген менің таңданысым мен сүйіспеншілігімде шек жоқ. Адамға адамның жаны ашуы керек.  Мейірімге зәру жандарға  көмек қолын созу осы  күні елдің аузындағы әншейін әңгіме ғана болып бара жатқан сияқты. Түркияның бір ғана отбасы барша адамзатқа үлгі боларлық іс жасады. Қалай айтқан күнде де, бұл өмірде жақсы адамдардың әлі бар екендігінің бір көрінісі ғой бұл. Жансаяны баққан тәрбиешінің де еңбегін айтпай кетуге болмайды. Қолсыз туылған бүлдіршінді бөлмей, тіпті өзге балалардан артық жақсы көрген әйелді өз басым құрмет тұтамын.

- Жаңартпасаң жадыңдағы да өшеді. Елдің есінде ендігі Жансая қыз қалмаған да шығар.

- Жоқ, Назерке, мен олай ойламаймын. Әлі күнге дейін менің "Аялы алақанымдағы" кейіпкерлерді халық ұмыта қойған жоқ. Электронды поштама күні бүгінге дейін көрермендер хабарласуда. Туа біткеннен екі қолы жоқ Жансая Салықбаева осыдан алты жыл бұрын небәрі он бір  жаста еді. Оның сол кездегі дәрменсіз күйі көз алдымнан кетер емес. "Әпкетай, менің анамды тауып беріңізші, өтінемін" деп шырылдаған бүлдіршіннің сөздері сол кезде мені күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған еді. Шарқ ұрып анасын іздестіруге кірістік.  «Аялы алақан» аяқталысымен телефонға дамыл болмады. Кабинетте отырған редактор  - Назым екеуміз екі телефонмен жағаласып сөйлесіп  жатырмыз. Анда-санда бір бірімізге қарап қоямыз. Кейде ол "иә, иә айта беріңіз, Анасы?" деген кезде мен жалт қараймын, ал ол болса басын шайқайды. Үш сағат бойы қоңырауларға жауап беріп,  күткен қоңырауымыз соғылмаған соң  ұнжырғамыз түсіп кетті. Кеш бата қоңыраулар саябырлай бастады. Сағат кешкі тоғыздар шамасы. Кабинетте мен, Назым және бағанадан безек қағып тынбаған екі телефон. Әйтседе үмітіміз үзілер емес. Бір уақытта қара телефон шыр ете қалды, тұтқаның ар жағынан қоңыр дауысты келіншектің "Қызым қайда?" деген бір ауыз сөзі  мені толқытып жіберді. Сүйінші!!! Жансаяның анасын таптық. Назым екеуіміздің қуанғанымыз сонша, кабинетте бір бірімізді құшақтап секіріп жүрміз. Қазір Жансая да бойжетті, анасымен қауышты(2-бейнематериалды қараңыз).

;version=3&rel=0" />;version=3&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="420">

Әңгімеміз осылайша тәмамдалған соң да көз жасыма ие бола алмадым. Бибігүлді ойладым. «Аялы алақан» арқылы талай тағдырлы жанды эфирге алып шығып, елдің жүрегіндегі мейірім мен аянышты оятуға ұмытылған ол да менімен сұхбатын күрсініп аяқтады.

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 994
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 860
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 652
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 727