Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5163 0 пікір 13 Ақпан, 2013 сағат 08:06

Райхан Сахыбекқызы. Торғай дарабоздары немесе топырақ киесі

Академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің - 75 жас мерейтойына орай

Торғай... Торғай топырағы. Торғай тарихы. Торғай таңы. Торғай тарланы. Торғай тарханы.Торғай өзені. Торғай өлкесі. Торғай аңғары. Торғай үстірті. Торғай дуаны. Торғай көтерілісі. Торғай толғауыбірінен-бірі оза шапқан қандай сұлу тіркестер десеңізші!«Теңдессіз Торғай» десең тіпті, сардаланың ажары ашыла түскендей. Бұған «Торғай тылсымын» тағы қосыңыз. Қойнауына талай құпияны бүгіп жатқан қарт Торғайды сөйлетсең қалай сайрар еді?! Әлбетте, оны тыңдайтын құлақ, елтитін ес, сезінетін жүрек керек.Осы жердің тумасы, ақын ағамыз Ғафу Қайырбеков: «...Торғайдың өзінен - өзі туралы аңызы өсіп кеткен өлке, даңқы озып кеткен дала»деп бекер айтпаған. Шындығында, Торғайдан шыққан тарихи тұлғаларды тізе бастасаң, санынан жаңыласың. Ал, «осы өлкеге келген өзге өңірліктер мидай даланы көргенде, «ит байласа тұрғысыз жер екен» деп, бастарын бір шайқаса, сол сақарада туған аты әйгілі даналар ментума таланттардың туындысына тағы таңдай қағатындығы» туралы таным қалыптасқалы қашан?! Сол таңданғандардың қатарында ахметтанушы ретінде мен де бармын.

Академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің - 75 жас мерейтойына орай

Торғай... Торғай топырағы. Торғай тарихы. Торғай таңы. Торғай тарланы. Торғай тарханы.Торғай өзені. Торғай өлкесі. Торғай аңғары. Торғай үстірті. Торғай дуаны. Торғай көтерілісі. Торғай толғауыбірінен-бірі оза шапқан қандай сұлу тіркестер десеңізші!«Теңдессіз Торғай» десең тіпті, сардаланың ажары ашыла түскендей. Бұған «Торғай тылсымын» тағы қосыңыз. Қойнауына талай құпияны бүгіп жатқан қарт Торғайды сөйлетсең қалай сайрар еді?! Әлбетте, оны тыңдайтын құлақ, елтитін ес, сезінетін жүрек керек.Осы жердің тумасы, ақын ағамыз Ғафу Қайырбеков: «...Торғайдың өзінен - өзі туралы аңызы өсіп кеткен өлке, даңқы озып кеткен дала»деп бекер айтпаған. Шындығында, Торғайдан шыққан тарихи тұлғаларды тізе бастасаң, санынан жаңыласың. Ал, «осы өлкеге келген өзге өңірліктер мидай даланы көргенде, «ит байласа тұрғысыз жер екен» деп, бастарын бір шайқаса, сол сақарада туған аты әйгілі даналар ментума таланттардың туындысына тағы таңдай қағатындығы» туралы таным қалыптасқалы қашан?! Сол таңданғандардың қатарында ахметтанушы ретінде мен де бармын.

ХҮIII ғасырда қазақ ұлысын бір тудың астына жинаған Абылай ханның ақылманы һәм серiгi, жоңғарларға қарсы соғыста қол бастаған батыры, қазақтан шыққан тұңғыш тархан Қошқарұлы Шақшақ Жәнiбек, ХIХ ғасырдағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ХХ ғасырдағы қазақ халқының ар-ожданы, ұлт көсемi Ахмет Байтұрсынұлы, Алаш ардагерi Мiржақып Дулатұлы, халық батыры Амангелдi Иманов, революционер Әлiби Жангелдиндей нарқасқалар шыққан. Олардың алдындағы және кейiнгi дарабоздары мен таланттары қаншама!     Иә, адамзаттың алыбы Ахаңның ғұмыр жолын зерттеу барысында ғұламаның туған жеріне арнайы сапармен бірнеше рет барып, талай оқиғалардың  куәсі болғандықтан Ахаңның бүгінгі ізбасары, Ақкөлден шыққан академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев туралы танымыммен бөліссем, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне септігі тиер деген үміттемін.    Бабалар ғибратына жүгінсек, «жершіл болма, жеріңді сүй», «рушыл, жүзшіл болма, тегіңді біл», «ұлтшыл болма, ұлтыңды құрмет тұт» деген тағылым бар. Бұл өзін қазақпын дейтіндердің жадында мәңгі сақталуға тиіс аталы сөз. Ұлттық санаға жеткен ұлылардың ұлағатын өміріне темірқазық еткен Кенжеғали ағайдың шапағаты талайларды «тұлға» деген мәртебеге жеткізіп, жетекші лауазым иелері атандырды.Бұғанәр ұлыстан, әр аймақтан, әр жүзден, әр рудан, әр ауылдан, әр шаһардан шыққан үзеңгілес замандастары мен шәкірттерінің жазғандары дәлел, ал менің айтарым басқа.

Әлі есімде Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдық мерейтойына орай, Үкімет тарапынан 1997 жылы Қаулы шығып, қым-қуыт жұмыстар басталып кеткен-ді. Бұл тұста Алматыдағы Ахаң мұражайының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеп жүрген маған «Академик Сағадиев Байтұрсынұлының экономикалық көзқарастары туралы өзекті мақала жазыпты, арнайы барып, сұхбаттас» деген тапсырма түсті. Әуелі, «иә» деп келіскеніммен, артынша «ЖОО-ның ректорына баруға білік пен дайындығым» әлсіз көрініп, кейінге ысыра бердім... Жалпы, кім-кім де өз өресінің танымына қарай, тірлік етеді емеспе?! Бұйылықпа, әлде тәрбие солай болдыма, әйтеуір Сағадиевпен сұхбаттасуға жүрегім дауаламады. Бұған себеп жоқ та емес еді. Өйткені, экономист-ғалым Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің атағы жер жарып, әлемдік аренаға танылған «мен мұндалаған тұлға» болатын. Алғашында облыстық, соңыра республикалық газеттерде тілші болып жұмыс жасаған тәжірибем де көмек болмады. Арада талай жылдың жүзі өтті. 2003-2006 жылдары «Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы» атты кандидаттық зерттеу жұмысынқорғадым. 2005 жылдан ғалым мұражайының жұмыстарына жетекші етіп тағайындады, мұны қоғамдық негізде әлі күнге атқарып келемін, әрі ең сүйікті ісіме айналды.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тарапынан «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасын насихаттауда кешенді шараларды ұйымдастыру жобасы» бойынша тұлға өмірі туралы деректі фильм және ғалымның мұрасы жөнінде анықтамалық дайындауға тапсырыс алдық. Атағы дардай, күрделі жұмыс. Күрделі жұмыстың басында күрделі тұлғаның тұруы - ғылыми жобаға абырой әкелері анық. «Сабақты ине сәтімен» демекші, академик Сағадиевпен жүздесудің енді нағыз реті деген шешімге келдім. Бұрынғы қобалжу артта қалды. Қазақы ортаға ахметанушы ретінде таныла бастағандықтан, академиктің қабылдауына үлкен бір сеніммен келдім. Жылы жүзбен қарсы алған академик ағай, мәселенің мән-жайын тыңдап болған соң, жобаға ғылыми кеңесші әрі теңтөралқа болуға келісімін берді.    Жыл ішінде игерілуге тиісті бұл жобаға шамамен, 10-12 адам қатыстық. Қордың басшысы Серік Самыратұлы Байтұрсынов бастаған Айман Байсалова, Меруерт Бәкібайқызы, Сабыржан Шүкірұлы, Қайдар Байдебеков, Өмірхан Әбдиманұлы, Жантемір Хамзин, Ербол Тілешов, Гүлжахан Орда, Тоғатай Омаров, Орынай Жұбаева, Ұлан Еркінбаев, Мақпал Ескендірқызы және есепшіміз Людмила Иванова іске кірістік.Берілген мерзім шектеулі. Уақыт - тар, жанталасқан қоғам, әйтеуір айнала азан-қазан... Бейне бір құдды үдере көшкен жұрт сықылды. Арасында академиктің ақыл-кеңесіне жүгінуге келсең, Кенжеғали ағай сол баяғы сабырлы жүзбен жымия тыңдап, сырбаз сөйлегенде «осы біз неге алқынып жүрміз» деп, тез сабаңа түсесің. Академик ағай араласқан бұл жұмыстың таудай жауапкершілігін бір түйсінсек, министрліктің алдында ұятқа қалмау үшін жобаға бар күш-жігерімізді салып бақтық. Абырой болғанда, 8-9 айдың ішінде ғылыми жұмыстың 90 пайызын игеріліп, қалған уақыты есеп берумен өте шықты. Жыл соңында қалың жұртқа 32 минуттық «Ұлт ұстазы» деген деректі фильм, 18 баспа табақ «Ұлағатты ұлт ұстазы» атты анықтамалық-көрсеткішті ұсындық.

Ғылыми жобаның нәтижесі ойынан шыққан болуы керек, көп ұзамай академик ағайдың тарапынан ойыма келмеген өтемақыға ие болдым. Ол -Алаш арыстарының руханы ордабасы Орынбор сапары. Әлбетте, мұның бәрі қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Бұл істің мән-жайынакадемик Кенжеғали Сағадиев шешіп берді. Осындайда алақанды аспанға жаймай, адамына кез келсең, «іздеген жетер мұратқа» дегеннің растығының куәсі болдым. Бұл академик ағайдың мен білетін жұмыстарының бір парасы ғана. Американың әйгілі жазушысы Марк Твен: «...Мейірімді болу  - ұлы іс. Ал өз жақсылығын жұртшылыққа айтпай, құпия сақтаған адам одан да ұлы» деген екен. Дәл осы сөз Кенжеғали Сағадиев ағайдың бойындағы қасиетті паш еткендей. Өйткені, «Кенжеғали ағай ауыл мектебінің оқытушыларына қаржылай көмектесіпті», «Бұл күрмеуі жоқ мәселені Кенжекең шешіп беріпті» дегенді талайлардың аузынан естігендіктен, бір қарағанда паң әрі сұстылау көрінетін ағайдың кеңдігі мен жомарттығына ешқандайда шек келтіре алмайсың. Бір ғажабы, осы қасиеттерді бір адамның бойына сыйғызған Тәңірінің құдіретіне қайран қаласыз. Сонан соң топырағы бөлек Торғайдың сағасында бабалар рухымен қанаттанып өскен жанның басқаша болуы мүмкін еместей көрінеді.

Әңгіменің өзегі - Торғайдың Ақкөлінен ұшқан Ахаң мен оның тұяқбасары Кенжекең болғандықтан, енді академиктің рухани ұстазының қағидаттарын негіз еткен кейбір еңбектеріне тоқтайық. 2006 жылы «Гауһар» баспасынан «Реформы: аналитический взгляд» атты 4 кітабы, таралымы 1000 дана жарық көрді. Жинаққа ғалымның әр жылдары жарияланған мақалалары, сұхбаттары, мекемелерге жазған хаттары, түрлі ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары енген. Бірінші кітабы «Жаңару көшінде» деп аталып, үш бөлімге жүйеленген. Беташары ретінде ХХ-ғасырреформаторы Ахаңның: «...Дүниенің төріне қызыққандар төрде орын алып жатыр. Тырыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай төрге тырмысалық, басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, бізде солардың істегенін істейік» деген айшығы беріліпті. Өте қонымды қисын. Адам баласы уақыт озған сайын, замана илеуіндегі көштен қалғысы келмейді. Іргеңдегі озық елдің екпініне төтеп берер экономикаң, білімің мен ғылымың сай болмаса, адыра қалатынымызды  сұңғыла ойлы ғалым дөп басып, анық түстеген.

Дәл осы ойды бүгінгі жаһандану кезеңіндегі өркениетті елдердің көшінен қалмас үшін қалай, қандай қадамдар жасау қажеттілігі жөнінде ХХІ-ғасырдың тоғысында Торғайдың түлегі Сағадиев өзінің өмір тәжірибесінен жинақтаған салиқалы ой-тұжырымдарын ортаға салады. Арада ғасырға жуық мезгіл өтсе де, адамзат баласының ғылымның ғаламдану көшінде өзінің ұлттық болмысын жоғалтпауы ең өзекті мәселе екенін алғашқы реформатор-ғалым да кейінгі заманауи кәсіби-ғалым да айтады. Кенжеғали Сағадиев жаһандану дәуіріндегі түрлі жаңартулардың жаңашылдығы ұлттық рухымыздың діңгегін шайқамайтынына сенімді. Оның пайымдауынша, жер бетіндегі барлық ұлтқа ортақ техника ғылымдарымен қатар, әр ұлттың болмысын танытатын ұлттық ғылымы - оның тілі, әдебиеті, өнері, мәдениеті, тарихы бір сөзбен айтқанда гуманитарлық ғылымы қатар дамып, бірге жүргізіліп отыру керек екен. Өзінің келелі ойын «ғылымсыз ғұмыр - тұл» деп қорытады тәуелсіздік кезеңнің бүгінгі кәсіби-ғалымы.

Кенжеғали Сағадиевтің екінші кітабы осы алғашқы кітаптың жалғасы іспетті. Мұнда бүгінгі егеменді Қазақстандағы экономика ғылымының еліміздегі өндірістің барлық саласындағы тұрақты даму жолдарының өзекті мәселелері сөз болады. Экономист-ғалым қазақ ғылымына кеңінен енген экономика терминінің адамзат қоғамының қалыптасуы мен даму үрдісінде қатар жүретін егіз ұғым екенін жаңаша пайыммен түсіндіреді. Әрі бұл саладағы ой-танымның «өткені, бүгіні, келешегі үнемі жалғастықта дамып, өрбіп отыратыны табиғи құбылыс яғни, ұрпақтар үндестігі» деп таниды. Ол ғасыр басындағы ұлт зиялыларының экономика саласындағы ой-тұжырымдарына «Ахмет Байтұрсынұлы және алашордашылардың экономикалық көзқарасы» атты тақырып аясында кеңінен тоқталып, адамзаттың даму тарихындағы жойқын өзгерістерге шолу жасайды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы ғасыр басындағы ұлттық мәдениеттің шыңы ғана емес, қазақ халқының көсемі деп дәріптелуінің тылсым тарихына тоқталады. Ұлтымыздың ар-ожданы деп танылған Ахаң бастаған Алаш зиялыларының ғасыр басында қалаған әлеуметті-экономикалық платформасынының бүгінгі таңдағы тарихи және экономикалық ғылымдарының мамандары тарапынан жеткілікті көңіл бөлініп, зерттелмей отырғанына өкініш білдіреді.Үшінші, төртінші кітабында Қазақ елі өркениетті 50 елдің қатарына ену үшін зайырлы мемлекет ретінде оның бүгінгі келбеті қандай болуының шартты жолдары әрі экономикасы дамыған елдермен қалай иықтіресудің қажеттіліктері туралы ой-танымдары мен пайым-тұжырымдары айтылған.

Қостанай облысы, Арқалық өңіріне қарасты Торғай - еліміздің орталық аймағындағы Сарыарқаның бел ортасында орналасқан бетпақ далалардың бірі. Торғай даласы - қазақ елінің кіндігі саналатын Ұлытаумен шектеседі. Яғни, созылған сар даланың бір шеті - күншығыс жағында Жезқазғанның кең жазираларымен түйіссе, солтүстігі Ақмола, Қарағанды аумағына барып құлайды. Батысында Ақтөбенің Хромтауы қос өңірге ортақ мекен болса, оңтүстігі Қызылорданың бұйра құмымен шектесе, иін тіресіп жатыр. Міне, осы ежелгі Торғайдың тарихи атауы, сол елден түлеп ұшқан хас ұлдарымен асқақтап, барша бұқараға аян болса, ал сол Торғайдан шыққан тарихи тұлғалардың ерекше қасиетпен даралануы, көне Торғай топырағы киесініңқұдіретілігінен болса керек.Ылайым, бабалар мұрасымен рухтанатын ел азаматтарының қатары көбейіп, ұлт мүддесіне жұмыс жасағай деп тілейік.

ИМАХАНБЕТ Райхан Сахыбекқызы,
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры    
ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 861
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 716
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 554
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 559