Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2274 0 пікір 12 Ақпан, 2013 сағат 12:03

Мемлекеттік қызметтің мәнін кетіріп жүрген жоқпыз ба?

Әсілінде ұлтқа, елге қызмет ету - Мұстафа Шоқай бабамыз айтқандай - «бір мухаббәт уәзифа болмақ». Әйткенмен бүгінде мемлекеттік қызметті ұлтқа қызмет ету емес, шен тағып, шекпен жамылудың, жылы-жұмсақ жерге өсудің трамплині ретінде бағалайды жұрт. «Баламды мемлекеттік қызметке «халқыңа қызмет ет!» деп емес, шекпен киіп, шіреніп «өс!» деп бердім» дейді ел іші осы күні. Мұнысы шындық енді. Мемлекеттік қызметте ештеңенің байыбына бармайтын, «агент» ойнаудан аспайтын, өңшең шикіөкпе жастарды көргенде, кадр жасақтау саясатының қан қақсап тұрғанын анық байқауға болады. Елдің ертеңіне кім тұтқа?

Бүгінде қай мемлекеттік мекеменің есігін ашсаңыз, алдыңыздан үстіне жей­десін жыртылардай тырыстыра ілген, бұты­на шалбарын желімделіп қалғандай жа­быстыра киген, мойнына қылғына галс­тук таққан, мұрты әлі тебіндеп те үл­гер­ме­ген жас балалар атып-атып шығады. Атып шыққаны былай тұрсын, тап бір сол ме­кеменің тіреуі бір өзі секілді сыздана тіл қат­қанда, баяғы «бюрократ­тарыңызбен» жы­лап көрісесіз. Қош. Айтпағымыз бұл емес. Айтарымыздың ауаны - әрбір сала­дағы мемлекеттік қызметке алынып жатқан жастардың сол өзі нан тауып жеп отырған жұмысының мән-жайын анық біл­мей­тіндігі хақында. Мемлекеттік қыз­мет­тің қа­ді­рінің қалмай бара жатқандығы хақын­да.

Креслоға құмарлық құмар ойын секілді

Әсілінде ұлтқа, елге қызмет ету - Мұстафа Шоқай бабамыз айтқандай - «бір мухаббәт уәзифа болмақ». Әйткенмен бүгінде мемлекеттік қызметті ұлтқа қызмет ету емес, шен тағып, шекпен жамылудың, жылы-жұмсақ жерге өсудің трамплині ретінде бағалайды жұрт. «Баламды мемлекеттік қызметке «халқыңа қызмет ет!» деп емес, шекпен киіп, шіреніп «өс!» деп бердім» дейді ел іші осы күні. Мұнысы шындық енді. Мемлекеттік қызметте ештеңенің байыбына бармайтын, «агент» ойнаудан аспайтын, өңшең шикіөкпе жастарды көргенде, кадр жасақтау саясатының қан қақсап тұрғанын анық байқауға болады. Елдің ертеңіне кім тұтқа?

Бүгінде қай мемлекеттік мекеменің есігін ашсаңыз, алдыңыздан үстіне жей­десін жыртылардай тырыстыра ілген, бұты­на шалбарын желімделіп қалғандай жа­быстыра киген, мойнына қылғына галс­тук таққан, мұрты әлі тебіндеп те үл­гер­ме­ген жас балалар атып-атып шығады. Атып шыққаны былай тұрсын, тап бір сол ме­кеменің тіреуі бір өзі секілді сыздана тіл қат­қанда, баяғы «бюрократ­тарыңызбен» жы­лап көрісесіз. Қош. Айтпағымыз бұл емес. Айтарымыздың ауаны - әрбір сала­дағы мемлекеттік қызметке алынып жатқан жастардың сол өзі нан тауып жеп отырған жұмысының мән-жайын анық біл­мей­тіндігі хақында. Мемлекеттік қыз­мет­тің қа­ді­рінің қалмай бара жатқандығы хақын­да.

Креслоға құмарлық құмар ойын секілді

Келешекте кресло иемденудің жалғыз һәм төте жолы екенін жете түсінген жас та, кәрі де бұл күні мемлекеттік қызметке әб­ден әуес. Бір кездері Елбасы министрліктер­дің «көкесінің», «акасының» балаларын жи­нап алып, кілең жастармен улап-шулап отырғанын ашық сынады. «Балабақша» деді. Оны ел-жұрт әлі күнге дейін аузынан суы құрып айтады. Содан кейін азды-кем сең қозғалды. Министрліктегі «бөбектерді» өңірлерге бөле бастаған-ды. Алайда алғашқыда қарқыны күшті бұл шаруа кейін саяқ­сыды. Оның асқынғаны соншалық, қа­зір әрбір мемлекеттік мекеменің өзінің «балабақшасы» бар. Оң-солын әлі танып үлгер­меген бозөкпелер - мемлекеттік қыз­мет­шілер. Әрине, бәрін бірдей қаралаудан ау­лақ­пыз. Бірақ бүгінгі жағдай оның басым бөлігі осындай екеніне шүбә кел­тірт­пейді. Қолына дипломын ала салысы­мен я әкімдікке, не бір кез келген мемлекет­тік мекемеге мүйізі қарағайдай бір маман етіп отырғызып қою, одан соң қас пен көз­дің арасында одан «дөкей» шенеунік жа­сау сынды кадр саясаты қазақтың көсегесін көгерт­пейді.

Осындайда кешегі келмеске кеткен кеңес кезеңі тағы тіл ұшына оралады (көзі­мізді ашқалы көргеніміз сол болса, кай­теміз енді). Сол кеңестіктер кадр да­йын­дау саясатында қандай амал-тәсілдер қолданғанын аға буын өте жақсы біледі. Сол мамандарды дайындауда миына құ­йыл­ған саясаттың, ұстанымның беріктігі сон­ша, әлі күнге сол бағыттарынан жаза бас­пай­ды. Заман қанша аударылып, төң­керіл­се де, мыңқ етпейтін мықты кадрлар. Өйткені олар кадрлық саясаттың барлық өткелдерінен өтіп, ыстық-суығына әбден төселген. Олар бірден бастық я бірден маман болып шыға келген жоқ. Кеңестік саясат оларды біртін-біртін әрбір салада пісірді. Шикілері қалып, шыныққандары ірік­телді. Басқасын былай қойғанда, сонау ок­тябрят кезеңінен бастап, коммунист бол­ған­ға дейін оны талай ыстық-суыққа сал­ды. Нәтижесінде елге өлшеусіз еңбек сіңір­ген білікті басшы, білімді мамандар шық­­­ты.

Ал бүгін біз кімді «өсіріп» отырмыз? Ше­­неунік дайындаудағы бұл күнгі «қара дүр­сін» тамыр-таныстық тәсілі қазақты пұш­паққа жеткізбейді деп қара аспанды төндіруіміздің төркіні тереңде. Кезінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрінің орынбасары Серік Әбжәліұлының «жұмыс­сыз жүріп босанған әйелдерге қо­сым­ша жардемақы бере алмаймыз, адам­дар балалы болмас бұрын жағдайларын ойланулары тиіс» дегенін әмбе жұрт естіді. Депутат Розақұл Халмұрадов: «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктері көпбалалы аналардан жұрт алдында кешірім сұрасын! Ақшасы бол­маса, көп бала тумасын дейтіндердің мем­ле­кеттік қызметте жұмыс істеуіне мораль­дық құқығы жоқ», - деп талап қойғанын жә­не білеміз. Бұл - бұл ма, кішігірім әкімсы­мақ­тардың халық алдында есеп беру кезін­де трибунаға шығып алып, мұң-за­рын айтқан елге «жалқаусыңдар, масыл­дыққа үйреніп алғансыңдар» деп ұрысқанын да көргенбіз. Қазір алып жүре алмайтын шоқпарды беліне байлап алып, өзі соған сүрініп-жығылған, кейде сол шоқпардың астында қалып қойып жат­қан шенеунік көп.

Мемлекеттік қызметкер «терминатор-роботтың» туысқаны сияқты

Мемлекеттік қызметтегі дәл бүгінгі кадр саясаты білгір мемлекеттік қызметшіні емес, белгілі бір бұйрықты ғана орын­дай­тын «терминатор-робот» мамандарды шы­ғару­да. Ініне су құйып, суыр суырғандай әре­кеттер әсте жарылқамайды.

Әлбетте, бұл жастардың мемлекеттік қызметке баруына қос қолдап көрсеткен қарсылық емес. Бірақ қазақ «орда бұзар отыз, қамал алар қырық» деп бекер айтпа­ған. Тағы бір мысал. Қазақ жас баланың қо­лына жетіге келгенше пышақ, қайшы секілді қауіпті зат­тар­ды бермеген. Аңдау­сыз­да жазым болады дейді. Билік те сон­дай. Қауіпті. Не өзін, не өзгені жазым етеді. Кей­де ойлайсыз: «Сонау 30-жыл­дары ұлттың қаймағын қалқып алып, зия­лы­ларды қырып тастаған «шолақ белсен­ділер» осындайлардан шықты ғой» деп. Бая­ғының «қой асығы демегін, қолыңа жақ­са, сақа ғой» дейтіндері некенсаяқ...

Кеңестік кезеңдегідей оларды бірнеше қай­тара қайнататын саяси мәні зор «қазан­дар» жоқ. Әттең, қажет-ақ. Әйтпесе екі күн­нің бірінде қарапайым тұрғындар мемлекеттік қызметтегі бі­лік­сіз мамандар­дан көресіні көріп жүр. Үміт - мемлекеттік қыз­мет­ке көлденең көк аттыны өткізбейді деп се­нім артып отырған наурызда күшіне ене­тін «ҚР мемлекеттік қызмет туралы» су жаңа Заңда болып тұр.

Дулат АМАНЖОЛ, аймақтық «Тіл және Рух» журналының редакторы:

- Мемлекеттік қызметке, билікке өмір­лік тәжірибесі мол адамдар баруы керек. «Жас­тар келеді, намыстың сөзін сөйлейді, бәрін өзгертеді» дегендей құрғақ пафос пен арзан популизмнен арылуымыз қажет-ақ. Өйткені мемлекетіміздің дамуына бел шешіп қызмет ете алатын жастарды топтас­ты­ратын жас көшбасшы жоқ. Жастар жа­уап­ты қызметке тұрып, орынтаққа жай­ғас­қан­нан кейін ұстанымын, принципшілдігін, тегеурінділігін артта қалдырып, керісінше, ма­саттанып, мемлекет мүддесін, ұлт ұпа­йын, жастарды ұмытып кетеді. Жалтақтық пен жалпақшешейлігі алға шығады.

Айгерім АХАНОВА, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі БАҚ-пен байланыс басқармасының бас сарапшысы:

- Өз басым жастардың мемлекет ісіне араласуын құп көремін. Әрине, мемлекеттік қызметтің талабы күшті, бәсекелестiк жо­ғары. Бірақ бүгінгі жас­тардың сана-сезімі, біліктілігі халық­қа қызмет етуде қарымды дер едім. Мемлекеттік қызметке өту үшін кон­курсқа құжат тапсыратын жастар сая­си сауатты, патриоттық сезімге толы, өз ісін жетік меңгерген деп айту­ға болады. Ар­ман­шыл, жан-жақ­ты, амбициясы жоғары жас­тарды көп тани­мын. Мемлекеттік қыз­мет пен оқу­дың тізгінін қоса алып жүрген­д­ер де өте көп. Қазірде олар үлкен же­тіс­­тіктерге жетіп отыр. Бізде ұжым­­­ның 60 пайызы - жастар. Жұ­мыс барысында ақпа­рат алмасу, ша­рал­ар ұйымдастыру, шешім қа­­был­дау кезінде шапшаңдық пен батыл­­дық танытып, ұтқыр ойларын да біл­діріп жа­тады.Осындай жастар ел эко­но­ми­ка­сының тұтқасын ұстаса, даму да, серпіліс те болатынына сенімім мол.

Автор: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 903
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 756
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 587
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 593