Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Билік 2063 70 пікір 10 Қазан, 2022 сағат 13:12

ОСК: Тоқаев барлық талапқа сай

8 қазанда орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттіктен үміткерге қойылатын барлық талапқа сәйкес келетінін мәлімдеді.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман сенбі күні жиында Тоқаев кандидатурасына қатысты барлық мемлекеттік органнан жауап алғанын, кандидатты сайлауға өткізуге кедергі келтіретін ешқандай жайт анықталмағанын айтты.

Оның айтуынша, заңнама бойынша қазіргі президент мемлекеттік тіл емтиханын тапсырмаса да болады. Сол себепті Тоқаев енді кемінде 118,2 мың қол жинауға кірісе берсе болады.

8 қазанда ОСК "Аманат" кәсіподақтар достастығы" ұсынған кандидат Мейрам Қажыкеннің тіл емтиханынан өткенін де хабарлады. ОСК-ның хабарлауынша, тіл емтиханы үш кезеңнен тұрған: белгілі бір тақырыпта жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және белгілі бір тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде 15 минут сөйлеу.

Кандидат "Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер" тақырыбында шығарма жазған. Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясынан үзінді оқып, "Ырыс алды – ынтымақ" атты тақырыпта 15 минут сөз сөйлеген.

Емтиханнан кейін комиссия мүшелері кандидаттың тілді меңгеру деңгейін талқылап, Мейрам Қажыкен "мемлекеттік тілді еркін меңгерген" деген қорытындыға келген. ОСК оның да талапқа сәйкес келетінін айтып, қол жинауға рұқсат берді.

Тіл комиссиясының құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы ғалымдар: Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Жанқара Дәдебаев, Гүлтас Құрманбай, Дихан Қамзабекұлы, Анар Фазылжанова кірген.

Елде кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Кандидатты ұсыну 11 қараша кешке аяқталады.

Президент сайлауына қатысуға ниет білдірген үміткерлер әзірге төмендегідей:

  • Жигули Дайрабаев – "Ауыл" партиясы ұсынған – ОСК-ға 6 қазанда құжаттарын өткізді - 8 қазанда тіл емтиханынан өтті;
  • Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 қазанда құрылған "халықтық коалиция" ұсынған – ОСК-ға құжаттарын 7 қазанда өткізді – тіл емтиханын тапсырмайды;
  • Нұрлан Әуесбаев – ЖСДП ұсынған – құжаттарын 7 қазанда өткізді;
  • Мейрам Қажыкен – "Аманат" кәсіподақтар достастығы – ОСК-ға құжаттарын 4 қазанда өткізген – 8 қазанда тіл емтиханынан өтті.
  • Қарақат Әбден – Кәсіби әлеуметтік жұмысшылар ұлттық альянсы ұсынған – ОСК-ға құжаттарын 8 қазанда өткізді.

Abai.kz

70 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1649
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1578
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1319
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1265