Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 2532 3 пікір 3 Қыркүйек, 2022 сағат 17:19

Президент Тоқаев Торғайға екінші дем бере ме?

Президент Торғайға екінші дем береді деген ойдамын. Бұл пікірді Ш. Уәлиханов атындағы тарих институтының директоры, профессор, алаштанушы Зиябек Қабылдинов айтты. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауынан кейін Қостанай облысына баруының өзіндік символикалық мәні бар. Торғай қазақтың мәдениеті мен тарихы тұнып тұрған өңір. Кезінде ірі облыс болған мекеннің қазіргі жағдайы аса мәз емес. Ел басшысы осы елді мекенді жандандыруға, осы облысқа бағыт-бағдар беретін, былайша айтқанда, Торғайға екінші дем беретін іс-сапар жасайды деген ойдамын, - деді тарихшы.

Тарихшының айтуынша, халықтың көкейінде Торғай облысы қалпына келіп қала ма деген үміт бар.

- Облыстың аймақтарына қатысты кешенді бағдарлама жасалуы мүмкін. Өйткені қазіргі таңда кең-байтақ жеріміз, алқапты мекеніміз әлсіреп тұрған жайы бар. Ол жердегі халық соңғы жылдары талан-тараж болып, еліміздің ірі қалаларына көшіп жатыр. Халық саны азайып келеді. Президент тарихи өлкемізбен танысып, ауқымды өзгерістерге бастайды деген сенемін, - деді Зиябек Қабылдинов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 700
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 504
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 426
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 440