Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
1823 0 пікір 30 Тамыз, 2022 сағат 12:38

Ресей: Қазақстандықтар әскери комиссариатты өртеген

Ресейдің Омбы қаласындағы әскери комиссариатты өртеп жіберген қазақстандықтар ұсталды. Бұл туралы "Халық Үніне" сілтеме жасап, Abai.kz хабарлайды.

Ақпаратты алғаш болып Telegram-дағы Baza арнасы жазды. Онда Омбыдағы әскери комиссариатқа өрт қойған екі азаматтың бірінің ұсталғаны туралы айтылған. Аңсаған Молдахметов 24 тамызда қолға түссе, сыбайласы Сейіл Диас іздестіріліп жатыр.

Күдіктілерге лаңкестік шабуыл жасады деп айып тағылып отыр. Олар 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, қос қазақтандық 12 мамырда Омбыға келіп, келесі күні түнде әскери комиссариаттың ғимаратына өрт қойған болатын. Олар "Молотов коктейльдерін" пайдаланған. Алайда ғимараттағы өрт дер кезінде сөндірілді, адам шығыны жоқ. Бұл әрекетке олар 800 мың рубль, шамамен 6 миллион теңге үшін барған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2247
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2603
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2578
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687