Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3135 0 пікір 18 Желтоқсан, 2012 сағат 09:44

ҚАСИЕТ ПЕН ҚАСЫРЕТ НЕМЕСЕ 16 ЖЕЛТОҚСАНДЫ АЗА ТҰТУ КҮНІНЕ АЙНАЛДЫРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕРГЕ АШЫҚ ХАТ

16 желтоқсан жөнінде қазақ қоғамы екіге жарылып отыр: біреулер «ол күні Алматы мен Жаңаөзенде адамдар қырылды - мерекелеуге қақымыз жоқ, аза тұтайық!» дейді, енді біреулер «Иә, қырылғаны рас, бірақ оның Тәуелсіздік күнін атап өтуге қандай қатысы бар?» деп қабақ шытады.

Қазақ қоғамындағы кейбір қылықтар мен уәждерге қарап, «шынында да біз Тәуелсіздік қадырын жете ұқпай келеміз-ау» деген ойға мәжбүр боласың. Біздің әлі күнге Тәуелсіздік нарқы мен парқын қатардағы немесе өткінші жайттармен салғастырып, таразының басына тартып жіберетініміз, соны көрсетеді. Жоғарыда аталған жайтқа қарап та соған көзіміз жетеді.

Иә, бодандықтың бұғауынан босау жолында талай тарландар мен ұл-қыздарымыз құрбан болды,тіпті қырылды. Алайда, адамзатта Қасиетті ажал деген ұғым бар, ол қасиетті мақсат жолында құрбан болғандардың өлімімен өлшенеді. Сол себепті де ата-бабамыз соғысқа аттанған ұрпақтардың өлмеуін тілегенмен, ажалына амалсыз көнген, бас иген, пір тұтқан. Тіпті, халықтың қайсысында да Азаттық жолында шейт болғандарды аза тұтудан гөрі,олардың өлімін қасиет тұту жолға қойылған.

Көшпелі қазақтағы ислам дінімен астасқан «әруақ» ұғымы көшпенділер өмірінде көп ұшырасатындықтан дағдыға айналған осы жайтты қадыр тұтудан, қасиеттеуден басқа амалдың жоқтығынан құндылыққа, киелі танымға айналған. Көшпелі «кшатрилік» қоғамда соғыста құрбан болатын топты алдын ала қастерлеп, оларды тірілей пір тұтып, еркелетіп, сал-серілетіп, сәті келгенде қырғынға қарсы қың демей салатын болған. Ал, жек пе жекке шығатын батырларды тек қана жеке дайындықтан, психологиялық әзірліктен өткізу өз алдына, оған оның әулеті мен руының да құрбандық жолына арнайы рәсіммен әзірленгені тарихымызда там-тұмдап қана деректеліп жатады. Мұндай қасиетті құрбандықтың соңы аза тұтуға емес - кие тұтуға апарғаны аз емес.

Әрине, Алматы мен Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқандарды құрбан емес дей алмаймыз. Олар халқымыздың қасиетті болашағы үшін, берекелі бүгіні жолында қаза тапты, қалайша қасиетті өлім емес?! Ал, халқымыздың танымында қасиетті өлімді аза тұтуды, ел-жұрты жойылмағанша қасиет тұтуға айналдыру салты орныққан. Аза тұту мен қасиет тұту екі басқа нәрсе. Біз қасиетті құрбандарды мәңгі аза тұту күнін белгілейтіндей неге  кері танымға көшуге ұмтыламыз? Аза тұту мен кие тұтуды неге шатастырамыз?

Біздің Тәуелсіздік күніміз бар. Егемен ел болдық. Бірақ толық Тәуелсіздікті қалыптастырмаған ел екеніміз есімізден шығып кететіні тағы бар. Алматы-Желтоқсан құрбандарының әруағы қазаққа Тәуелсіздік күнін алуға шапағатшы болғандарын ескермейміз. Ал, Жаңаөзен-желтоқсан құрбандарының әруағы ұлтқа тиянақты Тәуелсіздік керектігін еске салған күн екенін тағы ескермейміз. Иә, олар қаза тапты, биліктің безбүйректігі әшкереленді. Бірақ ұлттың қасыреті ме? Жоқ! Ол - Ұлттың тәуелсіздік алу жолындағы әңгімесінің бітпегенін көрсеткен қасиетті Тарих сабағы! Ендеше сол сабақты біз неге қара жамылғыға айналдыру жолында өзеурейміз?

Рас, қазақ тапқан боздақтардың жанұясы мен әулеті,туған жері үшін аса зор қайғы! Оны көтерісіп, қолдағанымыз жөн. Тіпті, орын алған оқиғаның себебі мен салдарын ашуға қоғамның,элитаның кіріскені мақұл.Жан алысып, жан берісуге де тұрады. Бірақ сол істі, оқиғаны Ұлттық Қасырет деңгейіне көтеру мәселені шеше ме?!

Біз азаматтық қайғы мен ұлттық қасыретті шатастырсақ - нағыз қайғы сол! ХХ ғасыр халқымызды бір емес екі рет қасыретке ұшыратты: бірі - Алашорда мемлекетін құру мен Шығыс Түркістан түріндегі егемен болу талпынысы жойылды; екіншісі - қазақ халқы аштық пен әлеуметтік қырылуға ұшырады, бүгінде елу миллиондық санмен-ақ сапалы елу елдің қатарында емін-еркін болар едік! Сонда ешбір желтоқсандық құрбандық болмас еді! Нағыз қасырет - сол емей, немене?! Демек, аталмыш азалы күндеріміздің көзі тарихи қасыретте жатқаны. Оны көрмесек, байқамасақ - бүгінгі әңгімеміздің түкке тұрғысыз болғаны.

Боздақтарымыздың қанын Тәуелсіздікпен бәсекелестірсек - нағыз қайғы емес, сананың сансырауы сол!  Ал,қайғы адамдардың бір бірін рухани қолдауымен,көтермелеуімен шайылады,жойылады. Ал, ұлттық қасырет Уақыт деген дүлеймен ғана жойылып, халықтың қауқарымен оңалады, оның қасырет екендігі де сонда!

Егемендігіміздің қадырын білейік, халайық! Тәуелсіздігімізді тәу етейік! Өйткені, ол - ұлттық қасыреттің көзін жойған жалғыз ғаламатымыз! Өлгенде көрген ұлы тойымыз!

Аллатағала тәуелсіздік жолында шейт болған боздақтарымыздың жанын жаннатта еткей! Алаш біткенге, егемен елімізге шапағатшы болғай! Тілегіміз бен дұғамыз қабыл болсын!

Еліміз егемендік мерекесіне жетелейтін ертеңдерге жете берсін! Әумин!

Серік Ерғали

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1013
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 752
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 862