Жұма, 26 Сәуір 2024
Айқай 2602 6 пікір 23 Тамыз, 2022 сағат 13:21

Қисынсыз қылмыс нұсқасы: Қазақстандық нөмір...

Үш күн бұрын Ресейде Путин режимінің басты идеологтарының бірі саналған Дарья Дугина қаза тапты. Көлігіне қойылған жарылғыш зат қашықтықтан басқару арқылы іске қосылғаны белгілі болды. 

Дарья Дугина атышулы Александр Дугиннің қызы. Александр Дугин Ресейде екі идеяны алға жылжытушы және жасақтаушы болды. Ол "орыс әлемі" және "еуразиялық идеяны" Ресей билігінің бір бағыты етуге барын салуда. Жаңа ғасырдың басынан бастап "орыс әлемі" концепциясы Ресейдің сыртқы саясаттағы басты бағыттарының бірі болып келеді. Ал "еуразиялық идея арқылы Ресей посткеңестік елдерге үстемдік жүргізуі тиіс" дейді Дугин. Ол 90-жылдары арандатушы Лимоновпен бірлесіп партия да құрған болатын.

ФСБ раскрыла убийство Дарьи Дугиной - РИА Новости, 22.08.2022

Ресейдің Украинаға агрессиясын ашық жақтап, "басып кіріп, қарсы болғанның барлығын өлтіру керек" деп мәлімдегені үшін 2014 жылы ол университеттегі қызметінен қуылады. Оның қызы Дарья Дугина ұзақ жылдар бойы философиямен айналысып, Платон еңбектерін зерттейді. Кей мақаласын Платонова деген лақап атпен жазады. Ресейдің Қырымды отарлап алғанынан бастап, Дугина пропагандист Соловьев, Скабееваның бағдарламаларына көбірек шыға бастайды. Ол 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруін қуана қарсы алып, "империя оянды" деп жазады. Азовстальға барып, сюжет түсіреді. Буча қырғыны болмаған деп мәлімдеп, Украина ойдан шығарған қойылым дейді.

Ол күзде таныстырылымы болатын "Z кітапты" жазушылардың бірі болатын. Онда Украина әскерінің "жауыздығы" жайлы баяндалып, "құтқарушы Ресей әскері" жайлы айтылмақ. Дугинаны кім жарды деген сұрақ өткір тұр. Ресей билігі кім өлтіргенін білеміз деп, ақпаратты жариялады.

43-летняя убийца Дарьи Дугиной Наталья Вовк служила в украинской Нацгвардии - KP.RU

Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Дугинаны жарған Украина азаматы Наталья Павловна дейді. Ол 1979 жылы өмірге келген, Ресейге 23 шілде күні 12 жастағы қызымен бірге келген. Ресей аумағына кірген сәтте ДХР сепаратистерінің нөмірін қолданған, ал Мәскеуде ол қазақстандық көлікпен жүріп, Эстония шекарасына өту сәтте украин нөмірін қолданған дейді. Осылайша ол көлігінің нөмірін үш мәрте ауыстырған. Бұл әрине ФҚҚ жариялаған ақпарат. Адам сенуі қиын, қисынсыз нұсқа. "Қалайша ол жылдам арада Ресей аумағынан шығып үлгерді, Ресейден шығу сәтінде соғысып жатқан елдің нөмірін қолдану ақымақтың ісі емес пе" дейді жұрт. Камера жоқ жерде жасалған қылмысты тез арада тауып алған ФҚҚ жылдамдығына жұрт "таңданыс" білдіруде. Мыңдаған камера бар, Кремльдің жанында Немцовты атып кеткеніне жеті жыл болса да, нақты қылмыскерлер әлі табылмады, ал оны өлтірді деп сотталғандар кейін қылмысты мойындаудан бас тартты.

Источник: Наталья Вовк могла использовать свою дочь для убийства Дарьи Дугиной // НТВ.Ru

"Наталья Павловна Азов полкінің мүшесі" дейді ФҚҚ. Алайда "Азов" оның өзіне еш қатысы жоқтығын ресми мәлімдеді. Ресей билігі Эстония жылдам арада Наталья Павловнаны қайтаруы қажет деген талап қоюда. "Қайтармаса қатаң шешім қабылдаймыз" дейді әдеттегідей қорқыта-үркіте.

Сарапшылар Ресей билігі бұл қылмысты қасақана ұйымдатыруы мүмкін дейді. Басты мақсат "Азов" полкіне жүргізуді көздеп отырған трибуналды халықаралық қауымдастық алдында легетимді етуге тырысу.

Abai.kz

6 пікір