Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 10:00

Назарбаев «Астана» велокомандасын беделді «Тур де Франс» жарысының гран-турындағы жеңісімен құттықтады

Астана. 28 шілде. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандық велоспорт жанкүйерлері мен өз атынан «Астана» велокомандасының ұжымын беделді «Тур де Франс» жарысының гран-турындағы тамаша жеңісімен құттықтады, деп хабарлады сейсенбі күні «Казахстанская правда» газеті.

«Бұл жеңісті біздің барлығмыз күткенбіз және сіздер біздің үмітімізді ақтадыңыздар. «Астананың» тамаша жеңісі команда мүшелерінің бәрінің кәсіби, нақты және үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Спортшылар Альберто Контадор, Лэнс Армстронг және басқалардың жанкештілік ерен еңбектері ерекше алғыс айтуға тұрарлық. Команданың бас менеджері Йохана Брюнелді, сондай-ақ біздің команданы қолдаған демеушілерді де құттықтаймын», - деп атап өтті президент.

«Астананың» тамаша жетістігі, елбасының бағалауынша, әлемдік және отандық спорт тарихында мәңгіге қалады. «Қазақстандықтар сіздерден жаңа спорттық жеңістер күтеді. Олармен бірге мен де сіздерге, одан ары жеңістерге жете беріңіздер деп тілеймін!» - делінген «Астана» ұжымына табыс етілуі үшін Қазақстан Республикасының Франциядағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Дәненовке телефон арқылы жіберілген жеделхатта.

«Казахстанская правдаға» Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Просткурин хабарлағандай, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана» велокомандасының жарысушыларының атына жіберген құттықтау жеделхаты жексенбі күні кешкісін Альберто Контадордың жеңісті финишінен соң бірден оқылды. Газета мемлекет басшысының спортшыларға жасаған қолдауы оларға үлкен әсер бергенін атап өтеді. «Тур де Франстың» әр бір жеңімпаз спортшысы президент айтқан сөздерге қуанып қалды. Әсіресе «Үлкен тұзақтың» енді екі дүркін чемпионы бұл құттықтауларға риза болды – команда жиналысында Контадор «Астанада» қалғысы келетінін мойындады.

«Не болса да, не деп айтпаса да, мен «Астана» жейдесін киіп жүрмін және өзімнің арғы тағдырымды дәл осы қазақстандық клубпен байланыстырамын», - деді Парижде испандық көрнеткі спортшы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 631
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 393
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374