Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
2477 1 пікір 1 Тамыз, 2022 сағат 13:47

2022 жылғы гранттар саны белгілі болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаттарының сауалына орай биыл мемлекеттік білім гранттары мамандықтар бойынша қалай бөлінгендігін ұсынды.

«Келесі оқу жылына мемлекеттік тапсырыс көлемі ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 11 наурыздағы №120 қаулысымен 88 204 грант бекітілген. Оның ішінде: бакалавриат - 73 061 грант, магистратура - 13 253 грант және докторантура - 1890 орын. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 16 500 грантты немесе 19 пайызды құрады. Бір студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың құны жылына 1 082 мың теңгені (ветеринария) және 714 мың теңгені (әлеуметтік ғылымдар, қызметтер және т.б.) құрайды», - деді министр жауабында. Оның дерегінше, бакалавриат бойынша мемлекеттік білім гранттары былайша бөлінді: педагогикалық ғылымдар - 15 273 грант, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615 грант, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 960 грант, бизнес, басқару және құқық – 1 223 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 6 988 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 12 587 грант, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары - 22 728 грант, ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 2 195 грант, қызметтер – 2200, ветеринария – 925, шетел азаматтарын халықаралық келісімдер бойынша оқытуға – 365 грант, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттерді оқытуға – 125 грант, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында студенттерді оқытуға – 200 грант, Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалында студенттерді оқытуға – 45 грант, «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да студенттерді оқытуға – 1 192 грант, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға – 1 750 грант, «Назарбаев Университеті» ДББҰ дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға – 600 грант, резервке – 100, шетел азаматтарын, оның ішінде ұлты қазақ адамдарды оқытуға стипендиялық бағдарлама, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар үшін – 490 грант, сенімді басқарудағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында студенттерді оқытуға («Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ) – 1 500 грант.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2236
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2589
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2549
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1685