Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3537 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 09:58

Қазақстанда оксолин майының өндірісі жолға қойылып, қорғаныс бетперделерінің өндірісі арттырылады

Астана. 28 шілде. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстанда Шымкент қаласында «Химфарм» АҚ-ның негізінде оксолин майының өндірісін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.

«Химфарм»  АҚ оксолин майын жеткілікті мөлшерде шығаратын болады. Ал бетперделерді кәсіпкерлік ұйымдар тігетін болады», - деді ол журналистерге сейсенбі күні үкіметте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан қорғаныс бетперделерін Қытайдан импорттап отыр,  олар нарықтың 70% алып, 9 теңгеден сатылады. Нарықтың қалған 30% отандық өндірістің өнімі алып отыр.

«Бұл - аса қымбат емес өнім. Оны өзімізде жасағанымын артық, бұл үшін материалдар бар», - деп атап көрсетті министр.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша, оксолин майы әзірге көрші Ресейден импортталып жатыр.

Қазақстанда A/H1N1 тұмауына шалдығу оқиғаларының тіркелуіне байланысты соңғы уақытта жеке қорғаныс құралдарына, соның ішінде оксолин майына және бетперделерге сұраныстың күрт артқаны белгілі, бұл аталған өнімдердің негізсіз қымбаттауына алып келді.

Ж. Досқалиевтің ақпараты бойынша, өткен дүйсенбіде Астанаға 147 мың қорғаныс бетпердесі және 7 мың дана оксолин майы жеткізілді, олар дәріхана желісіне түсуге тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 593
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 324
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 338
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 343