Жұма, 26 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 3178 5 пікір 20 Шілде, 2022 сағат 14:54

Washington Post: Путиннің мұрагері кім?

«Ресей президенті Владимир Путиннің орнына Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев келуі мүмкін. Украинадағы соғыс басталғаннан кейін ол Кремльдің «қозғаушы күшіне» айналды және оның көпшілік алдында сөйлегені болашақта Ресей  президентінің орнын басқысы келетінін көрсетеді», деп жазады The Washington Post.

Америкалық басылым Патрушевтің Путиннің ұзақ мерзімді одақтасы екенін, олар Кеңес Одағының Ленинградтағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде бірге қызмет еткенін атап өтті. Ал Ресей басқыншылық соғысын бастаған кезде Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ресейдің милитаристік саясатын жеткізушіге айналды. «Путин соғыс ашқанда, Патрушевтің жұлдызды сәті туды», - деді басылымға сұхбат берген Ресейлік саяси кеңес беру R.Politik агенттігінің негізін қалаушы Татьяна Становая.

«Оның идеялары Путин қабылдайтын шешімдердің негізінде жатыр. Ол Путин тыңдайтын санаулы тұлғалардың бірі», - деді ол. Басылым Путиннің денсаулығы және оның қатерлі ісікке шалдыққаны туралы ақпаратты еске түсірді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков The Washington Post газетіне берген сұхбатында Патрушевтің рөлі өзгерді деген болжамды «ойдан шығару» деп мәлімдеді. Песковтың айтуынша, Патрушев әрқашан «саясатта салмақты орны бар» адам болған.

Abai.kz

5 пікір