Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3898 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 09:55

Премьер дағдарыс жағдайында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясындағы нысандар құрылысының қымбаттауына қатысты түсінбеушілік білдірді (толықтырумен)

Астана. 28 шілде. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Премьер-министр Кәрім Мәсімов дағдарыс жағдайында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясындағы нысандар құрылысының қымбаттауына түсінбеушілік білдірді, ал үкімет мүшелерінің айтуынша, бұл оны жүзеге асыру мерзімдерін кешеуілдетіп отыр.

«Дағдарыс жағдайында қымбаттау деген не? Бұл мүлдем түсініксіз», - деп ашынды премьер үкіметтің сейсенбі күнгі отырысында.

Ол құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттігіне, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жағдайды зерттеуді тапсырды.

К. Мәсімов әкімдер мен тиісті мемлекеттік органдарға барлық мәселелерді шешуге үш апта уақыт беріп, бағдарлама орындалмай жатқаны үшін ескерту жасады.

«…17 тамызда селекторлық кеңес өткізілсін және сол уақытқа дейін барлық мәселелер шешілсін», - деді үкімет басшысы.

Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ақпараты бойынша, 3 млрд теңге сомаға қымбаттау қосымша қаржыландырылса,  «100 мектеп,  100 аурухана» шеңберінде 10 медициналық мекеменің құрылысы 2009 жылы аяқталуы мүмкін. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2010-2012 жылдары 68 денсаулық сақтау нысанының құрылысы үшін бюджеттен 184 млрд теңге қаржыны қосымша бөлу қажет.

Аталған бағдарлама шеңберінде білім нысандарының сметалық құнының қымбаттауы 5,1 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады БҒМ басшысы Жансейіт Түймебаев. Ол экономика министрлігі  2010 жылға 4,1 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаржыны бөлуді алдын ала қолдап отырғанын жеткізді.

«Алайда бұл қаржыны бөлуді биылғы жылы жүзеге асыру қажет. Әйтпесе мектептердің құрылысы белгіленген мерзімде орындалмайды», - деді министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 682
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 476
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 416
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 418