Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4442 0 пікір 27 Шілде, 2009 сағат 19:50

Швейцарияның Көкшесі

Кеңестік кезеңнен қалған қалып па екен, біздегі табиғат жауһарына, я тамаша тұлғамызға теңеу тапқымыз келсе, «Қазақстанның Швейцариясы», «Қазақтың Шолоховы» деп сілекейімізді шұбыртып жатамыз. Еуроцентризм ба бұл, білмедік. Бір білетініміз, Арқаның төсіне ажар беріп тұрған Көкше өңірі, оның ішінде Бурабай тауы (690 м) - баршамыз мақтануға тұратындай мекен. Сыңсыған қарағай, саф таза ауа, түбіндегі малта тасына дейін көрініп жатқан кішігірім көлдер, табиғат-шебердің өзі мүсіндеген, түрлі кейіптегі тас-бейнелер.... Шортанды, Қотыркөл, Жұмбақтас, Жекебатыр, Оқжетпес шыңдары, Абылай хан алаңы, т.т. - айта берсе, Көкше өңірінде көркемдігімен көз тартатын ғажайып орындар жетерлік. Әттең, тетігін тапса, сорғалатып табыс түсіретін рекреациялық туризм жерін құнттай алмай жүргеніміз...

0 пікір