Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3437 0 пікір 22 Қараша, 2012 сағат 19:49

«ЭКСПО-2017» - Қазақстанда өтеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына дауыс берудің қорытындысы бойынша қазақстандықтарға сөз арнады.
Халықаралық көрмелер бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында жабық дауыс берудің нәтижесінде Қазақстанның елордасы көп дауыс иеленіп, Бельгияның Льеж қаласын басып озды және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде «ЭКСПО-2017» көрмесін Астанада өткізу туралы шешім тарихи оқиға болып саналатынын атап көрсетті.
- «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден,  таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананы таңдауы - Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі, - деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтады.
- Енді біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл еліміз үшін емтихан ғана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада «ЭКСПО» көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті еліміз осы жауапты миссияны атқарып шығатынына сенім білдірді.
Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.
Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
www.akorda.kz

ПАРИЖ. 22 қараша.
Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеттері өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында әсем Астана бельгиялық Льеж қаласын басып озып, ЕХРО-2017  Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу астанасы болып таңдалды.
Астананың өтінімін Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-елі қолдады, 44-і - «қарсы» дауыс берді.
2017 жылы ЕХРО мамандандырылған көрмесін өткізу құқығының финалдық кезеңінде Қазақстан елордасы - Астанамен бірге бельгиялық Льеж қаласы үміткер болды. Бельгия өзінің өтінімінде «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырып ұсынды. Қазақстан елордасы ұсынған тақырып - «Болашақтың энергиясы» - энергияның баламалы көздеріне және «жасыл» технологияларға арналған.
Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.
Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.
Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.
ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады.  Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізе алады.
«ҚазАқпарат» агенттігі

0 пікір