Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2334 0 пікір 22 Қараша, 2012 сағат 09:14

ІІМ Іле Алатауындағы 12 адамды экстремистер өлтіргенін ресми растады

Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде 12 адамның айуандықпен өлтірілуі оқиғасына экстремистер себепкер болған. Бұл туралы бүгін ІІМ ресми ақпарат таратты.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 13-14 тамызында Іле-Алатау ұлттық саябағында пышақ жарақаттары бар 6 мәйіт, кейін өртеніп кеткен орманшының үйінен 6 адамның мәйіті табылған болатын.

Сол күні аталған факті бойынша  қылмыстық іс қозғалып,  ІІМ, Алматы қаласы және Алматы облысы ІІД тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды, барлық қажетті  сот-криминалистикалық сараптамалары тағайындалды.  
Осы оқиға бойынша құқық қорғау органдары бүгінге дейін түрлі жорамал жасап келген болатын. Бастапқыда бұл трагедияға ішкі қақтығыстар себеп болды десе, кейінірек осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен сол маңдағы қорық қызметкері ұсталған. Ал, бұл оқиғаға сол төңіректегі экстермизмге қатысты оқиғалардың қатысы бар ма деген сауалға құқық қорғаушылар нақты жауап бермей келген.

«Аталған қылмысты діни экстремизм тобының мүшелері жасағандығы жөнінде нақты негіздер бар, олардың жеке бастары толық анықталды», деп хабарлап отыр бүгін ІІМ.
«Заңсыз тұрғыда болғандықтан олар тұрғылықты орындарын жиі ауыстырып, жалға берілетін бөлмелерді пайдаланған, соның ішінде  Алматы облысы Таусамал кентіндегі үйде тұрған, сол жерде  ағымдағы жылдың шілдесінде қолдан жасалған қондырғы жарылған, сондай-ақ  Бағанашыл кентінде тұрған, ол жерде арнайы операция өткізу барысында  топтың басым бөлігі  жойылған.

Қазіргі уақытта  аталған фактілер бойынша қылмыстық істер бір іске біріктіріліп, арнайы прокурор басқаратын ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды» делінген хабарламада.
Топтың басқа мүшелерін құқыққорғау органдары іздестіруде.  Олар: Батыс Қазақстан облысының тумасы 1975 жылы туған Хайров Саян Махсотұлы және  Жамбыл облысының тумасы 1978 жылы туған Ботабаев Заурбек Расильханович. Оларды іздестіру үшін  республиканың ішкі істер органдары жеке құрамына бағдар берілді.

BAQ.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 661
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 450
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 401
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 403